Өңдеу Мамандығы: «Мейірбике ісі» Курсы: 2 Семестрі: 3



бет49/57
Дата26.12.2023
өлшемі0,66 Mb.
#143544
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57
Терінің күтімі. Қалыпты қызмет істеу үшін тері таза болу керек. Теріде жиналатын тері безде іріңнің секреттерімен, шаң және микробтармен тері қабаттарының ластануы іріңді бөртпелерге, тері қабаттарының ластануы іріңді бөртпелерге, тері қабаттарының түсуіне, жараларға, ойықтарға әкеп соғады.
Науқастарға ванна немесе душта 7-10 күн ішінде 1 рет жуынуға болады. Төсек жағдайындағы науқастарға мейірбике ыдысқа су құйып, жуыныға көмектеседі.
Ауыр науқас адамдардың киімдерін ауыстыру.
Шешіндіруді орындау тәртібі:

  1. Науқастың бас жақ денесін көтеріңіз

  2. Абайлап кір көйлегін желкесіне дейін түріңіз

  3. Науқастың екі қолын көтеріп, оратылған кір жейдені басынан шешіп алыңыз

  4. Жеңін шешіңіз. Науқастың қолы жарақаттанған болса, киімін алдымен сау қолынан, содан соң жарақатталған қолынан шешіңіз.

Киіндіруді орындау тәртібі керісінше жүреді:

  1. Екі жеңін кигізіңіз, қолда жарақат болса – алдымен ауру қолға, содан кейін сау қолға кигізу керек

  2. Жейдені басынан кигізіп, денесіне түсіріңіз



Кіші дәрет ыдыстарын қолдану. Қуықты босату үшін арнаулы ыдыстар қолданады. Ер адамдар мен әйелдерге қолданылатын ыдыстар әр түрлі болып келеді. Науқастың ыдысы ішіндегі дәреті бостылып, жылы сумен шайылады. Дәреттің иісін кетіру үшін арнаулы ерітінділермен, хлормен т.б.шаяды. Дәретін ұстай алмайтын адамдарға денесіне резеңке ыдыстар байлап қояды.
Науқасты жуындыру. Ауыр науқасты дәретке отырған сайын, жуындырып отыру керек.
Іс-әрекет алгоритмі.

  1. Науқасты шалқасынан жатқызып, екі аяғын ашып, бүгіп қоямыз.

  2. Науқастың астына клеенка төсеп, ыдысты қою.

  3. Оң қолына мақта немесе салфетка алып, сол қолына марганцовка мен фурацилин ерітінділері бар 30-35г жылы суы бар құман аласыз. Құманмен бірге Эсмарх резеңке түтікшесін және қысқыш алуға болады..

  4. Жыныс мүшесіне осы суды құясыз, мақтамен жоғарыдан төмен қарай жүргізіңіз.

Жуындыру реті:

    • Жуындыру үшін 8-16мақта тампондары керек.

    • Алдымен кіші жыныс мүшелерін жуу керек.

    • Содан соң анустың маңайын, мақтамен ауыстырып жуады.

    • Құрғату керісінше жүреді, мақтаны ауыстырып отыру қажет.

  1. Клеенкамен ыдысты алып тастаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет