Жарық - ішастармен жабылған табиғи немесе жасанды тесіктер арқылы көрші қуыстарға немесе тері астына құрсақ қуысы мүшелерінің ауысуы. Егер тері астына ішастармен жабылмаған ішкі мүшелер томпайып шығып тұрса, бұл патология эвентерация немесе тері жарығы деп аталады.
Жарықтың құрамы
Жарықтың қақпасы, жарықтың қалтасы және жарықтың ішіндегі зат. Жарықтың қақпасы - немесе жарық тесігі - hiatus hernia жарықтың сыртқа шығатын тесігі. Оның түрі, кендігі әртүрлі. Дені сау адамдарда сыртқы жарық кақпасы жоқ. Өйткені шап және жамбас тесігінің аумағы, олардан шығатын шәует жүретін жол және қан тамырларының жуандығына сай. Тек жарық пайда бола аталған тесіктер және өзектер кеңейіп 1-2 саусақтар сиятын жарық қақпасы пайда болады. Жарықтың қалтасы - saccus hernia - жарық қақпасы арқылы тері астына шығатын мүшені жабатын париетальды іш пердесі. Қалтаның туа пайда болған және жүре пайда болған түрлері бар. Жарық қапшығының пішіні домалақ, саусақша, сопақ т.б. болуы мүмкін. Капшықтың 2-3 бөліктен құралуы да мүмкін. Пайда болған уақытына және жиі жарақаттануына сәйкес жарық қапшығының қалыңдығы әр түрлі болады. Ескірген, жиі қысылу, қабыну үрдістеріне ұшыраған қапшықтар қатты, қалың, айналасындағы тіндермен жабысқан.
Сыртқы жарықтар
І. Сыртқы жарықтар. 1. Шап жарығы: а) қиғаш шап жарығы б) түзу шап жарығы в) ұмалық шап жарығы г) жылжымалы шап жарығы д) преперитонеалды 2. Кіндік жарығы: а) туа буткен б) бала жасындағы жарық в) үлкен адамдардағы жарық 3. Ақ сызық жарығы: а) біз тәрізді өсінді б) кіндік аймағы в) эпигастралды 4. Сан жарығы. 5.Операциядан кейінгі вентралды жарық. 6. Шонданай жарығы. 7. Жапқыш тесік жарығы. 8. Бел жарығы. а) ПТИ ұшбұрышы жарығы б) Лесгафт ромбынының жарығы 9. Шатаралық жарықтар. 10. Спигель сызығының жарықтары. 11. Тік бұлшықет қынабының жарықтары.
Ретроградты қысылу. Жіңішке ішектің петлясы жарық қабында және құрсақ бөлімінде орналасқан. Латын әрібінің W әрібіне ұқсас ретінде.. Шап-ұма жарығының қысылуы кезіндегі операция. Теріні тілу.
Қысылған жарық
Қысылған жарық дегенiмiз - қысылған мүшенiң қоректенуiнiң бұзылуымен өтетiн, жарық құрамындағы заттың жарық қақпасында немесе жарық қабының тыртықты өзгерген мойнында кездейсоқ қысылуы. Қысылған жарықтар
Көптеген авторлардың айтуы бойынша қысылған жарық — бүкіл жарықтын 6-29% құрайды. (Н. В. Воскресенский). Жиі шап жарықтары қысылады (57,3 %) және сандық (31 %) жарықтар; Ал сирек кіндік жарығы (5,4 %) және іштің ақ сызығы жарықтары (3,6 %) (С. В. Лобачев, О. И. Виноградова). Жиілігі
Эпидемиология
Қысылған жарықтар — алдыңғы құрсақ қабырғасының ең жиі кездесетін жарықтың бір түрі. Бұлар құрсақ қабырғасының жедел хирургиялық ауруларына жатады және солардың арасында 4-ші орынды алады, жедел аппедециттен, жедел холециститтен және жедел панкреатиннен кейін. Қысылған жарықтың жиілігі осы аурулардың ішінен 4-5% құрайды.
Біріншілік және екінішілік қысылған жарықтарды бөліп ажыратады. Біріншілік түрі өте сирек кездеседі және біруақыттық тым физикалық күштің қатты түсуінен ғана пайда болады, жарыққа бейімділігі бар адамдарда ғана. Біріншілік қысылған жарықтың диагностикасы өте қиынға соғады, бірақ дәрігердің тактикасы арқылы алдын алу шаралары оңайға соғады. Қалған жарықтар, екіншілік жарыққа жатқызамыз. Қысылған жарықтар көбіне осығанға дейін кішкене болсын жарықтын пайда болған салдарынан туындайды.
Пайда болу механизміне байланысты қысылудың келесі түрлерін бөледі: Эластикалық қысылу - жөтелдің, ауыр жүк көтерудің, күшенудің салдарынан іштегі қысымның жоғарылануынан жарық қақпасы созылып, ол арқылы жарық қабына әдеттегіден көп іш мүшелері шығып, олар сырттан қысылады. Нәжістік қысылу - көбінесе қартайған ауруларда байқалады. Жарық қапшығына енген ішектін жоғарғы әкелгіш бөлшегінде нәжістің көп жиналуы салдарынан ішектің төменгі - әкеткіш бөлшегі қысылады. Бұдан әрі жарық қақпасының жарыққа енген мүшені қысуы күшейіп нәжістік қысылуға эластикалы қысылу қосылып аралас қысылуға айналады
Жарықтар. Қысылған жарық.
Іштің ақ сызығының жарығы Төс шеміршегі тұсының жарықтары кішкене, олар жиі қысылады және жабысқақтыққа тез ұшырап көбінесе орнына түспейтін болады. Бұл жарық кейде ешбір жағдайсыз белгі бермейді, ал көбінесе іштің шаншып ауыруы, кебуі, жел шықпауы, лоқсуы, тәбетінің нашарлануы байқалады. Аталған көріністердің басқа аурулармен байланысты (асқазанның қабынуы, ойық жарасы, қатерлі ісігі) болуы мүмкін. Диагнозды ажырату - алдымен жоғарыда аталған ауруларды ажырату қажет. Ақ сызықтың жарығында ауыр жұмыс іш ауыруын күшейтеді, ауырсыну сезімі тағаммен байланысты емес. Кажет жағдайда асқазан сөлін тексереді, рентгендік тексеріс жүргізіледі. Ақ сызықтың жарығы тек операциямен емделеді. Операция онша ауыр емес, оны новокаинмен жансыздандыру арқылы орындайды. Жарық қапшығын немесе ішпередесі бетінің шел майын алып тастаудан бұрын ішпердесі тілініп, оның іші тексеріледі. Бұл ішекті немесе басқа жарық ішіндегі мүшенің тігіліп кетпеуінен сақтандырады.