Процедуралық және интенсивті терапиялық кабинеттердегі санитарлы – эпидемияға қарсы тәртіп: Медициналық процедураларға байланысты процдуралық кабинеттер:
Бұлшық етке, тері астына инъекциялар жасау үшін;
Көктамырға инъекциялар мен ерітінділерді құю үшін;
Ауыр халдегі науқастарға реанимациялық көмек көрсетуге;
Интенсивті терапия жасауға;
Емдік және диагностикалық сүңгілеуді іске асыруға;
Емдік және диагностикалық клизмаларды жасауға және т.б. арналған.
Процедуралық кабинеттердің кешені 12-14мм2-ден кем болмауы керек, желдеткіш терезелермен,жарығы жеткілікті, қабырға және төбе бактероцидті шамдармен міндетті түрде жабдықталады.
Процедуралық кабинеттер аурухана жабдықтау табелін сәйкес үстірт дезинфекция кезінде бүлінбейтін құралдармен жабдықталуы тиіс.
10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (35%)
Тақырып бойынша қажетті материалдарды дәптерге конспект ретінде жазып отыру.
11. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (10%)
Тесттер: 1. Патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді палаталардың ішкі орта объектілерінде және стационарлы бөлімшелердің функционалды белмелерінде, медициналык аспаптарда және қүрал-жабдықтарда жою ____________аталады.
2. Оттегі қүрамдастарға қандай дезинфекциялаушы қүралдар жатады?
1) хлорамин
2) сутектің асқын тотығы
3) жасыл бриллианттың ерітіндісі
4) сулема ерітіндісі
5) калий перманганатының ерітіндісі 6)йод
Жауаптардың дүрыс комбинациясын таңдаңыз:
А) 3,5,6
Б) 1,4,5
В) 1,2,5
Г) 2,5
Д) 2,4.
3. Хирургтың операция алдында қолын жууға қандай дезинфекциялаушы күралдар қолданылады?
1) калий перманганатының ерітіндісі
2) сулема ерітіндісі
3)диоцид
4) хлоргексидин биглюконаттың 0,5%-тік спиртгік ерітіндісі
5) сутектің асқын тотығы
6) қүмырска үсті кышқылының ерітіндісі (первомур)
7) фурацилин
Жауаптардың дүрыс комбинациясын таңдаңыз:
А) 2,4,6
Б) 3,4,6
В) 1,6,7
Г) 2,5,6
Д) 3,6,7
4. Дезинфекция әдістерін атаңыз?
1) термиялык әдіс
2) химиялық әдіс
3) механикалық әдіс
4) биологиялық әдіс
5) консервативті әдіс
6) физикалық әдіс
Жауаптардың дүрыс комбинациясын таңдаңыз:
А) 1,2,6
Б) 2,3,6
В) 2,4,6
Г) 1,3,5
Д) 2,3,5
5. Бөлімшеде инфекцияны табу мақсатымен жүргізілетін дезинфекция ______деп аталады.
6. Ошақты дезинфекцияның түрлерін атаңыз?
1) бастапқы
2) ағымды
3) негізгі
4)генеральді
5) қорытынды
Жауаптардың дүрыс комбинациясын таңдаңыз:
А)2,5
Б)3,4
В)1,5
Г) 1,4
Д) 1,3,5
7. Аурудың төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау калай аталады (матрац, жастық, жамылғыш) ?
1) қайнатумен жуатын үйде жуу
2) камераларда пароформалинді және пароауалы әдістермен
3) 2% хлорамин ерітіндісінде сулау
4) кварцтау
5) кейінгі кептірумен үрып-соғу
8. Аурудың төсектік және денелік киімдерін дезинфекциялау қалай жүзеге асырылады?
1) камераларда пароформалинді және пароауалы әдістермен
2) 2% хлорамин ерітіндісінде сулау
3) жуатын ерітіндіде сулау
4) кварцтау
5) қайнатумен жуатын үйде жуу
9. Аурухана ішілік инфекцияны профилактикалау мақсатымен бөлімшеде күнде жүргізілетін дезинфекция ______аталады.
10. Сәйкестікті табыңыз:
1) дезинфекцияның механикалық әдісі
2) дезинфекцияның физикалық әдісі
а) қайнату
6) едендерді жуу
в) буды қолдану
г) киімдерді жуу
д) палаталарды кварцтау
11. Дезинсекция дегеніміз не?
1)зиянды шыбын - шіркей, күрт – құмырсқаларды жою
2) инфекцияны жою
3) ауруды санитарлық өңдеу
4) гигиеналық шаралар
5) микробтарды жою