Өңдеу Мамандығы: «Мейірбике ісі» Курсы: 2 Семестрі: 3


Балалар емханасы (поликлиникасы)



бет42/57
Дата26.12.2023
өлшемі0,66 Mb.
#143544
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57
Балалар емханасы (поликлиникасы). Балалар емханасы -ауруханадан тыс қызмет көрсететін, 15 жаска дейінгі балаларға профилактикалық көмек көрсетуді ұйымдастыратын емдеу-профилактикалық мекеме.
Емханада балаларды балалар дэрігерлері (педиатрлар) жэне басқа маман дэрігерлер қабылдайды. Сонымен қатар, емханада лабораториялық, рентген жэне басқа түрлі тексерулер жүргізіледі. Алғашқы ауырған балаларға, оның ішінде эсіресе, қызуы жоғары жэне жүқпалы ауру екендігіне күдік бар ауруларды емхананың дэрігерлері мен орта буын қызметкерлері медициналық көмекпен үйінде қамтамасыз етеді. Жазылгасын немесе хал-жағдайы жақсарғасын, балалар дәрігерге емханаға келіп көрінеді. Сонымен катар, емханада cay балалар тұрақты бақылауға алынады. Дэрігерлер мен мейірбикелер сау балаларды бір жасқа дейін ай сайын, содан кейін үш айда бір рет, ал үш жастан асқасын -жылына бір рет тексеруден өткізеді. Бұндай бақылаудың негізгі мақсаты -аурудың алдын алу болып табылады. Дэрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері ата-аналарға балаларды тэрбиелеу, тамақтандыру жэне күтім жасау мэселелері жөнінде кеңес береді.
Ал, барлық балалар диспансерлік есепте түрады да, жүйелі түрде педиатрлармен жэне басқа маман дәрігерлермен тексеріліп түрады. Көптеген балалар ауруханаларында орталандырылған тәулік бойы көрсетілетін жедел көмек жүмыстары үйымдастырылған.
Балалар поликлиникасында (емханасында) негізгі педиатриялық бөлімшелер, мамандандырылған кабинеттер, яғни, қүлақ, тамақ, мұрын ауруларының маманы (оториноларинголог), офтальмолог (көз ауруларының маманы), невропатолог (нерв жүйелерінің ауруларының маманы), ортопед (дене мүшелерінің кемтігін емдейтін маман), травматолог (сынықтарды емдейтін маман), хирург (хирургиялық ауруларды емдейтін маман), стоматолог (ауыз куысының ауруларын емдейтін маман), кардиолог (жүрек ауруларының маманы), эндокринолог (ішкі секреция бездері ауруларының маманы) жэне т. б. қызмет істейді. Сонымен катар, диагностикалық кабинеттер, физиотерапиялық жэне емдік дене тэрбиесі кабинеттері, емшек сүтін жинақтау бекеті болуга тиісті.
Әрбір емханада алдын ала егу, емдік егу жэне басқа емдеу шаралары орындалатын процедуралық кабинет жүмыс істейді.
Емханада жүргізілетін негізгі іс қагаздары «Балалардың даму тарихы» болып табылады. Тарихтар тіркеу бөлімінде (регистратурада) сақталады (қазіргі уақытта балалардың даму тарихы ата-аналарына таратып беріледі). Балаларды қабылдауды дұрыс ұйымдастыру осы бөлімнің жүмысына байланысты. Тіркеу бөліміне жұмыс істеуге жэне есеп-статистикалық жұмыс жүргізу үшін кіші жэне орта буын медицина қызметкерлері қатыстырылады.
Балалар емханасында кең түрде санитарлық ағарту жүмысы жүргізіледі. Ата-аналарға аурулардың алдын алудың ережелерін үйретеді. Жас нэрестелерді бақылауға (патронажға) шын ілтипатпен көңіл бөлінеді. Бүл жүмыстарға дэрігерлер жэне орта медицина қызметкерлері үлкен белсенділікпен қатынасады. Егу күнтізбегіне сәйкес егу жұмыстарын жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет