ОӘЖ 627. 81
Бергенева Н.С.
1
,Аманова Д.Б.
1
, Касенов М.К.
2
1
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
2
ҚРIIМ ТЖК «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
E-mail: dinok2008@mail.ru
Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінің су қоймалары жағдайы және су тасқынынан
тұрғындар мен нысандарды қауіпсіздендіру
Бұл мақалада Қызылорда облысы Сырдария өзені бассейнінің су басуы және қыс пен коктемгі кезеңде су
қоймасынан кауіпті су тасқыны мен апатты су шығу салдарынан қиын су шаруашылық жағдайдың пайда
болғаны туралы қарастырылған. Негізгі су қоймалары, су ағын режимі, Сырдария өзені бойында су өзеніні
саласының құрылуы сипаттамасы берілген. Су деңгейінің өзгеруі, өзен бойымен судың көлемі және
ығысуы сипатталған. Мұз қалыңдығы, сел жүруінің уақыты және салдары қарастырылған. Өзен аңғарында
және авто жолында, темір жолында су кептемесі пайда болуы. Аэровизуалды түрде су қоймасын қарау
қорытындысы келтірілген. Су тасқынын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар берілген.
Аумақты сел жүруінен инженерлік қорғау әдістері: су басылған аумақта суды бұрып жіберу; су жағасын
ұстайтын бекіткішті салу құрылысы; су арнасын түзету және тереңдету жұмыстары, су арнасын тазалау
және басқа да су қоймасынан қауіпті су тасқыны және сел жүру кезінде төтенше жағдайларды ықшамдау
болып табылады.
Түйін сөздер: тасқынсу, су басуы, су қоймасы, өтімі, Сырдария, өзен ағыны, тұрғындар
Бергенева Н.С., Аманова Д.Б., Касенов М.К.
Состояние водохранилищ на реке Сырадарья Кызылординской области и обеспечение
безопасности населения и обьектов при наводнениях
В статье рассматриваются вопросы затопления бассейна реки Сырдария Кызылординской области и
создании в связи с этим сложной водохозяйственной обстановки в зимний и весенний периоды, вызванные
опасными паводками, аварийными сбросами воды из водохранилищ. Дана характеристика основных
водохранилищ, режим стока воды, формирование притока речных вод по руслу реки Сырдарья. Описаны
изменениия уровня воды, объеми сброс водыпо реке. Причины и время наводнения,толщина льда.
Образование заторов в русле реки изоны возможного затопления территории, автодорог, железной дороги.
Приведены результаты аэровизуального осмотра водохранилища. Дана рекомендация пообеспечению
паводковой безопасности. Методы инженерной защиты территорий от наводнений: отвод воды с
затопляемой территории; строительство берегоукрепительных сооружений; русло выпрямительные и
дноуглубительные работы, расчистка русла и др. позволяющие минимизировать чрезвычайные ситуации
при прохождении паводков и аварийных сбросов воды с водохранилищ.
Ключевые слова: паводки,затопление, водохранилище, расход, Сырдарья, река течение, населения
BergenevaN.S., Amanova D.B., Kasenov М.К.
State of storage pools on the river Syrdariya to the Kyzylorda area and providing of safety of population
and object at floods
The article deals with the Syrdarya river basin flooding Kyzylorda region and establish a connection with this
difficult water situation in winter and spring caused by dangerous floods emergency release of water from
reservoirs vodohranilisch.Dana characteristics of the main mode of water flow, the formation of the inflow of river
water along the bed of the Syr Darya
River . Describe the changes in water level, the volume of discharge vodypo river. The causes and the flood, the
ice thickness. Education congestion in the riverbed Izon possible flooding areas of roads, rail
dorogi.Privedenyrezultatyaerovizualnogoosmotravodohranilischa. The recommendation poobespecheniyu flood
safety. Methods of engineering protection of territories from floods: diversion of water from the flooded areas, the
construction of flood protection structures; ruslovypryamitelnye and dredging, cleaning and bed
dr.pozvolyayuschie minimize emergencies during the passage of floods and accidental discharges of water from
reservoirs.
Keywords: floods, flood, storage pool, expense, Syrdariya, the river is a flow, population
Кіріспе
Кейінгі 10 жылдың ішінде республикамызда субасудың салдарынан 10 мың адам қаза
болып, 1,5 миллион адам зардап шекті, жалпы материалдық шығын АҚШ долларымен 300
миллиард құрады.
Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінің алабы егістік алқаптарын жасанды
суғарумен айналысатын, ылғалға тапшы аумақта орналасқан. Өзен алабындағы негізгі суды
тұтынушы – жыл сайын суға деген сұранысы көбейіп келе жатқан суармалы егін
шаруашылығы. Сонымен қатар, суға деген сұраныс өнеркәсіп, қызмет көрсету және балық
шаруашылықтары жағынан да бар.
Сырдария өзені Нарын және Қарадария өзендерінің құйылысынан пайда болады және ол
Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қазақстан аумақтарына ағып өтеді. Өзеннің Арал
теңізіне дейінгі ұзындығы - 2212 км., су қоймасының ауданы - 219 мың.км
2
. Қазақстан
аумағы арқылы жалпы өзен арнасының 78% (1732 км) және су қоймасы ауданының 80%
(174 мың.км
2
) өтеді.
Сырдария өзенінің ұзындығына қарағанда көп бөлігі Қазақстанда қоңыржай белдеуде
болады. Сондықтан, егер қыста көптеген өзендер қатып қалатын болса, Сырдария өзенінің
жоғарғы ағысында мұздан босап, өзінің төменгі ағысында әсіресе, Қызылорда облысы
аумағында су тасуына әкеп соғады. Су тасуы табиғи себептермен немесе қар еру және
ағыстың жоғарғы жағында орналасқан су қоймаларына тасталған қалдықтар әсерінен болуы
мүмкін. Мұзды бөгеттер ағындарды ұстап тұрады, нәтижесінде су жайылма бойымен ағып
төгіледі. Мұндай жағдайлар әсіресе, қысқы уақытта қатты байқалды. Оңтүстік Қазақстан
және Қызылорда облыстарындағы жекелеген елді мекендерді су басу мәселесі осы уақытқа
дейін шешімін таппаған. Сол себепті Сырдария өзенінің бойындағы су қоймалары мен су
тоспаларының салыну мақсаты және олардың аймақтың жағдайына тигізетін әсері, тасқын су
болуының себептері, Сырдария өзенінің жанындағы тұрғындар мен ғимараттарды су
тасқынынан қорғау мәселелерін қарастыру мақсатқа алынды.
Зерттеу әдістері
Жұмыс барысында гидротоғандарда су деңгейінің өзгерісі, ауа және су температурасы,
жауған жауын-шашын мөлшері, лайлылығы, ауа райының өзгерісі, мұз қалыңдығы, қар
жамылғысының биіктігі, су ағының жылдамдығы, бүйір ағындарының су өтімі, су
қоймаларынан судың өтімі, сонымен қатар қауіпті құбылыстар (мұздың бөгелісі, су
алқаптарына судың шығуы, аймақтардағы қорғаныс имараттарының бұзылуы) бақыланды.
Аэровизуалды бақылаулар және тасқын жағдайлардағы бақылау жұмыстары; тасқын су
болу себептері, мұз бөгелістерінің орындарын анықтау, инженерлік коммуникациялық
көпірлерді, тұрғылықты жерге жақын суларды бұзу жолдары зерттелді.
Зерттеу нәтижелері
Сырдария өзен қоймасында өзен ағынын реттеу жұмысы су шаруашылығында
айтарлықтай мәнге ие. Бұл жерде шамамен 26,0 км
3
болатын реттелген ағынды, 10 млн. м
3
ауданды 19 су қоймалары салынған(1-кесте).
Қазақстанға келіп түскен ағынның режимі су қоймалары арқылы, оның ішінде
Қызғызстанда Тоқтағұл су қоймасы, Өзбекстанда - Андижан, Чаркавский (Фархадский),
Тәжікстанда - Қайраққұм, Қазақстанда- Шардара су қоймасы арқылы реттеледі. Сонымен
қатар, Қазақстан территориясындағы ағысқа Ақсу, Бадам, Сайрамсу (Талас жотасының
солтүстік бөктері) салалары, Арыс өзені және Боралдай, Бугун, Қантағы, Боялдыр (Қаратау
жотасының оңтүстік-шығыс бөктері) өзендерінің әсері болады. Ағын жасанды гидротүйіндеу
жүйесі арқылы реттеледі: Тасбөгет (Қызылорда қ.); Айтек (Қызылорда қаласынан 20 км
төмен); Қазалы (Басықара ауылы) және 40-тан астам магистралды суландырғыш арналар.
1- кесте - Негізгі су қоймаларының сипаттамалары
Мемлекет
Су қоймасы
Өзен
Пайдалануға
берілген
жылы
НТД
белгісі,м
Айдын
аудан,
км
2
Аудан, км
3
жалпы пайдалы
Қырғызстан
Тоқтагүл
Нарын
1974
900
284
19,5
14,07
Өзбекстан
Андижан
Қарадария
1980
905
55
1,9
1,7
Чарвакский
Чирчик
1970
890
40
2
1,6
Тәжікстан
Кайрақұм
Сырдария
1956
347,5
513
3,4
2,5
Казақстан
Шардара
Сырдария
1965
252
900
5,7
4,7
Сырдария өзен арнасы бойынша ҚР-дағы өзен ағындарын қалыптастыру үшін 1974
жылы Қырғызстан Республикасында салынған көпжылдық реттелген 19,5 км
3
ауданды су
қоймасы айтарлықтай әсер етеді.
Келтірілген су қоймаларының тізімі бойынша Сырдария өзен арнасының ағынын
қалыптастыру үшін ең үлкен ауданды 19,5 км
3
әрі энергетикалық режимде жұмыс жасайтын
Тоқтагүл және Қайраққұм су қоймаларын айтуға болады. Олар Шардара су қоймасын
толтырып отыруға да тікелей әсер етеді.
Қазіргі уақытта қыс мезгілінде (желтоқсан-ақпан) су қоймаларынан судың төгілу үрдісі
бұзылды. Тоқтагүл су қоймасынан Қырғызстанға энергетика қажеттілігімен су төгілу
тамызда 300 м
3
/с және қысқы мезгілдерде 700 м
3
/с дейін төгілу өтімін (әдетте, қарапайым
режимде шығын 100-200 м
3
/с аспайды) арттырды. Өзбекстан территориясында жатқан
барлық су қоймаларының жұмысын ескеріп, олардың төгілу өтімі 1100 м
3
/с екендігі
дәлелденді. Шардара су қоймаларынан Қызылорда облысының шекарасына дейін тасқын
толқынының жету уақыты 5-7 күн, Қызылорда қаласына - 12-14 күн, Қазалы ауданы
территориясына дейін 40 күнге жуық уақытта жетеді.
Шардара су қоймасының құрылысы біткен соң қысқы мезгілде Сырдария өзенінің су
өтімі төмендеді. Дегенмен, Тоқтагүл және Шардара су қоймалары энергетикалық жұмыс
тәртібіне көшкен соң Шардара су қоймасына қысқы ағыны тез ұлғайды.
Қысқы мерзімде Сырдария арнасындағы су көлемін шектік қабілеттен көп мөлшерде
жылжыту су тасқынына әкеледі. Тосқауыл дамбыларды бұзу арқылы тұрғылықты жерлерді
су басу барлық эксплуатациялық ережелерге қарсы суды ирригациялық арналарға немесе
т.б. жылжыту айтарлықтай материалдық шығынға ұшыратты. Қазақстан Республикасының
Қызылорда облысында су шаруашылық мәселесі күрделі ахуалдық жағдайда тұр.
Су басу аумағына енген Қызылорда обылысының жалпы тұрғын саны 150 мың адамнан
асады. Барлық бақылау кезеңдерінің мамыр-маусым айларында су ағыны артуының және
ауыл шаруашылығының қажеттілік максималды мәнге ие болады.
Тасқын кезеңінде су басу каупі келесі аймақтар территориясына енуі мүмкін: Арал
ауданы – 10 мың га, Қазалы ауданы – 15 мың га, Қармақшы ауданы – 9,8 мың га, Жалағаш
ауданы – 25 мың га, Сырдария ауданы – 6 мың га, Шиелі ауданы – 5 мың га, Жаңақорағай
ауданы – 5 мың га, Қызылорда қаласы (қала шетіндегі «Арай», «Ягодка», «Коммунальник»
саяжайларының жер телімдері, «Александровский» ауылы). Сонымен бірге су басу қаупі
төнген автожолдар: Самара-Шымкент 1045-1046 км, 1650-1651 км, 1974-1978 км, 1986-1987
км; Қызылорда-Жосалы 21-22 км, 101-104 км; Жанақорған-Карғалы 22-23 км; Қазалы-Қаукей
63-68 км; Камышлыбаш-Бугунь 11-13 км, Шиелі-Қарғалы 16-19 км. Су басу қаупі төніп
тұрған теміржол телімдері3072 км, 3023-3024 км, 2258 км, 2794 км, 2806 км, 2820 км, 2735
км, 2692 км, 2762 км, 2442 км, 2456-2457 км қашықтықта жатыр. Су басу қаупі бар
аудандарда орналасқан теміржол көпірлері -3100 км, 3067 км, 2074 км, темірбетонды
көпірлер – 3069 км, 3068 км, 3060 км, 3023 км, 3021 км, 3019 км, 2318 км, 2323 км, 2327 км,
2457 км, 2490 км, 2333 км қашықтықта орналасқан.
Қызылорда облысында су тасуы табиғи себептермен немесе қар еру және ағыстың
жоғарғы жағында орналасқан су қоймаларына тасталған қалдықтар әсерінен де болуы
мүмкін. Мұзды бөгеттер ағындарды ұстап тұрады, нәтижесінде су жайылма бойымен ағып
төгіледі. Сондықтан қажеттілігіне қарай және қолданыс қағидаларға қарамастан Оңтүстік
Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы жекелеген елді мекендерді су басу мәселесі осы
уақытқа дейін шешімін таппаған.
Сырдария өзенінің арнасымен желтоқсаннан ақпанға дейін сең жүзу кезеңінде ҚРIIМ
ТЖК «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі бөгеліс құрылыстарын жасайды. Бөгелістер
өзен арнасының табиғи тарылуы жерінде немесе арнаның шұғыл бұрылысына салынады.
Сонымен қатар, техногенді жағдайларға қарай бөгелістердің өзіндік орналасу орындары
болады: жылжымалы өткел, төмен өткізгіш қабілетті көпірлік өткелдер, қалқымалы
мұздарды өткізуге және гидротехникалық ғимараттардың тасқынға дайынсыздығы
(гидротүйіндер, арналар, суды реттеуші имараттар және т.б.) және шаруашылық қызметке
пайдаланып отырған арнаның тарылған жерлері.
Сырдария өзенін зерттеуші мамандар мен экологтарды алаңдатып отырған тағы бір
мәселе Сырдария өзенінің топырағы қалыңдап, өзен арнасының тайыздана бастауы. Бұл
жағдай әсіресе мұз еріп, жоғарыдан төменгі арнаға көп су жіберілетін көктем айларында
жақын қоныстанған елге көп қиындықтар әкелуде. Сырдария өзенінің тайыздануынан
арнаның су өткізгіштік қасиеті төмендеп, соның салдарынан жыл сайын су тасқыны орын
алуда. Сырдария су өткізгіштік қабілетін арттыру үшін арнаны көмілген топырақтан өзен
арнасын қыста мұзасты ағысы арқылы тазартуды қажет етеді. Жаз мезгілінде арнасының
кеңіп, одан өтетін су мөлшерінің аздығынан ағыстың жылдамдығы да баяулайды. Өзен
ағысы құмды шайып, оны ілгері ағызып әкетуге шамасы жетпейді. Ал, қыста Сырдария өзені
мен қалың ұстасқан мұздың арасында кернелген судың ағысы күшейіп, өзен асты батпағын
шайып әкету мүмкіндігі, тиісінше арнаның су өткізу қабілеті де артады.
Өңірлердегі су тасқыны ахуалын дер кезінде бағалау үшін ҚРIIМ ТЖК
«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі мамандары аумақтарды аэрошолу ұшулары жүр-
гізіледі. Шардара су қоймасынан Сырдарияның төменгі сағасына дейінгі учаскелерде ҚРIIМ
ТЖК «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің 15 уақытша және жылжымалы
гидробекеттері ұйымдастырылады, айрықша маңызды қорғауыш имараттарының техникалық
жағдайы тексеріледі, жарылыс жұмыстарын жүргізу және Сырдария өзенінің арнасын
мұздан тазарту бойынша ұсыныстар беріліп, шаралар жүзеге асырылады. Дегенмен, бұл
шаралар су тасқынын толығымен жоя алмайды.
Қазіргі кезде жылжымалы гидробекеттерді Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан
облыстарында: «Әйтеке би», «Жосалы», «Тереңөзек», «Айтек», «Караөзек», «Көктөбе»,
«Жүлек», «Тасбөгет», «Шардара», «Арыс», «Көксарай», «Майқұм», «Ақын-Жақып» елді
мекендерінде жедел іске қосылады.
Жүргізілген шолу бойынша Шардара су қоймасының 70% акваториясы мұз астында,
мұздың қалыңдығы 10-20 см құрайды. Мұздану үрдісіне байданысты барлық жағдайда да
судың деңгейі құбылмалы болады. Су деңгейі су ұстағыш болып табылмайтын үйілген
дамбаға қарай жанасады (биіктігі 1 метрге дейін). Бұзып өту кезінде су автожолдардың
қорғансыз жырынды төмен бьефімен тікелей өтіп, оны бұзады. Автожолдарды бұзбау
мақсатында Шардара су қоймасы транзитті режимде жұмыс жасап, 1500 м
3
/с дейін өтімді
суды жылжытады, ол қыс кезеңінде тасқыннан Сырдария арнасындағы ағын режимін
реттеуге қолайсыз.
Көксарай бақылау реттеуші бас гидроғимарат ауданындағы Сырдария өзені арқылы су
тасталынуы 500 м
3
/с құрайды (2-кесте). Су қоймасына суды тарту 2013 жылдың 31
желтоқсаннан бастап тоқтатылды.
2-кесте - Сырдария өзеніне судың құйылуы және тасталынуы
Сипаттамалары
жылдар
2010
2011
2012
2013
Қантар
Ай соңындағы көлем, млн. м
3
4344
3149
4135
2156
Сырдария өзеніне ағып келген
су, м
3
/с
1013
1022
1317
1211
Сырдария өзенінен ағызылып
шығарылған су, м
3
/с
519
631
1000
500
Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы тасқын қауіпсіздігін қамтамасыз
ету үшін Арыс өзені бойымен болатын жыл сайынғы болжанған жоғары тасқынды реттеп
(үлкен қар қорына байланысты), Қызылорда қаласы арқылы сең жүру апатсыз транзитін
қамтамасыз ету керек, ал ақпан айының ортасына дейін Көксарай бақылау реттеу
орталығына су тасқынын болдырмау керек.
Заманауи үлгілер бойынша су басу мен тасқын аймақтарын инженерлік қорғау әдісі
бойынша қорғау қазіргі кездегі қарқынды әдістердің бірі, оған:
1. Су басқан территориядан суды бұру. Қоршамалы арналарды, тез ағындылар және
сарқырамалар, түннелдер мен құбырларды пайдалану мүмкіндігі болады.
2. Жағаны нығайтқыш имараттар мен бақылау реттеуіштер құрылысы. Аймақтарды су
басу және тасқынмен шаю мәселесін шешудің негізгі болып қысқы мезгілде Сырдария өзені
бойынша су өтімін 300м
3
/с деңгейде, жобалық ауданы - 3,0 км
3
көлемге реттеу болып
табылады. Қыс мерзімінде келіп түскен су ағынын реттеуге арналған Оңтүстік Қазақстан
және Қызылорда облыстарының шекарасында орналасқан Көксарай су қоймасы тиімді
шешім болып табылады.
Су қоймалары Шардара су қоймасынан суды апатты ағызу және тасқын кездерінде
төтенше жағдайларды төмендетеді. Жоба бойынша 46 км жер дамбаларының құрылысы
қарастырылуда. Көксарай бақылау реттеуші Сырдария өзенінің су режимін бұрынғы
ирригациялық режимге ауыстырады.
Соңғы 35 жыл төңірегінде Сырдария өзенінен болатын тасқындардан тұрғылықты
жерлерді, тұрғындарды, шаруашылық нысандарын қорғау үшін 526,0 км дамбалар салынды,
оның ішінде: Қызылорда облысы бойынша 519,4 км, Оңтүстік Қазақтан облысы бойынша 6,6
км. ғимараттар орнатылды.
Апатты жағдайда салынған, тасқын қаупі кезінде Сырдария өзенінің жағасында
орналасқан жағаны нығайтқыш имараттар техникалық талаптарға сай келмейді, сондықтан
өзенде аз мөлшерде су деңгейінің көтерілуі кезінде дамбалардың бұзылуы немесе шынайы
бұзылу қаупі төнеді. Дамбалар қорғау, жобалау, өндірістік жұмыстардың біріккен
технологияларының бас сызба нұсқасына сәйкес жасалмаған.
Көп жағдайда имараттар эксплуатациялық ұйымдар құзырында болмайды, құрылыс
кезінде өндіріс жұмысына техникалық шолу қажет етеді. Қорғаныс имараттарының
техникалық ахуалын тексеретін, жіберулерді эксплуатациялық қызмет құзыры бойынша
және әрі қарай эксплуатациялау және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын өз уақытында
жүргізу жұмыстарын бақылайтын компетентті комиссия құрамын анықтау керек.
Қорғаныс имараттарының құрылысы өңделген техника экономикалық негізде және
арнайы участкелердің шарттарын ескере отырып жобалы шешім таңдау негізінде жасалуы
керек.
3. Арнаны түзейтін және түбін тереңдететін жұмыстар, арнаны тазарту.
Өзен арнасының тұнбалануы және оның өткізгіштік қабілетінің төмендеуі, біріншіден,
ұзақ уақытты аз су қоймасы (1973-1986 жж.) және өзен арнасының таяздалуы, екіншіден,
өзен жағалауында орналасқан қалалар мен ауылдар қалған суларды жасанды дамбалар
көмегімен су алқаптары мен қалалық құрылыс жұмыстарына пайдалануға иемденіп алған.
Сондықтан көптеген жерлерде өзен алқаптары жіңішкеріп, жасанды арналық үрдістердің
жүрісін өзгертіп жатыр. Үшіншіден, өзеннің гидрологиялық режимі өзгерді: өтімі шамамен
100 м
3
/с болатын қыстық саба орнына жасанды қыстық тасқындар мұзды тасқын кезінде 500
м
3
/с аса өтімге қалыптасты. Мұзды бөгеттер болған жерлердегі арнаның өткізу қабілетін
қамтамасыз ету үшін, біріншіден Қызылорда қаласының аймағында жер снарядтарының
көмегімен түбін қазатын жұмыстар жүргізілуі керек. Бұл әдіс 1960 жылы пайдаланылған.
4. Ағынды басқаруға арналған арнайы шарттарды енгізу.
Қазақстандық Арнасай тоғаны (өзбекстандық Арнасай дамбасының жүйесінен бөлек).
Арнасай тоғаны Шардара су қоймасының оңтүстік бөлігінен келген су ағынының күшін
тоқтатады және суды өзбекстандық Арнасайға жіберуді қамтамасыз етеді. Максималды
белгіге дейін толған Шардара су қоймасында болып жатқан толқынды үрдістердің
нәтижесінде су қорғағыш қабаты жоқ Шардара-Арнасай дамбасының төмен бьефі
шайылады. Осыған байланысты, дамбаның бұзылуын және ОҚО аймағындағы Шардара -
Жетісай Мактаарал ауданының автожолдарының бұзылуын болдырмау үшін осы ғимаратқа
сапалы жөндеу-қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажет.
Қорытынды
Қызылорда облысындағы Сырдария өзенінің су қоймалары жағдайын зерттеу қысқы
мерзімде, оның арнасындағы су көлемін шектік қабілеттен көп мөлшерде жылжыту су
тасқынына әкелетінін көрсетті. Тасқын су басуы қар еру, нөсер жауын сияқты табиғи
себептермен қатар, мұзды бөгеттердің еріп, нәтижесінде су жайылма бойымен ағып төгілуі,
ағыстың жоғарғы жағында орналасқан су қоймаларына тасталған қалдықтар әсерінен де
болуы мүмкін. Гидротехникалық имараттардың тасқынға дайынсыздығы және Сырдария
өзенінің тазартуды қажет ететің арналарының тарылған жерлері тасқын қаупін арттыруда.
Сырдария өзенінің маңайында тұратын халықты қауіпсіздендіру үшін қосымша жаңа
ғимараттарды жөндеу, жұмыс жасап тұрған дамбаларға реконструкция жасау, тасқынды
сарқырамаларды түбегейлі көпірлерге ауыстыру, арналарды аршу, кеңейту сияқты жұмыстар
жүргізілуі тиіс.
Тоғанның тұрақты мониторингі мен бақылау жүйесінде мониторингтің бақылау
реттеуші шынайы уақыттағы тоғанның тұрақтылығын, тоған, дамба, көпір жағдайларының
дистанциялы мониторингі, дистанциялы-автоматты жүйесі жаңа технологиясын пайдалану.
Бұз зерттеліп отырған нысаннан үзіліссіз ақпарат алып, оны өңдеп отырады, және
инновациялық ақпараттық технология көмегімен әрі нысанның құрамы және барлық
ақпаратты мониторингке шынайы уақытта математикалық есептеу әдісі арқылы талдауға
мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылғанға сәйкес аталған шаралар мен болжамдар жасалынса, Сырдария
өзенінің жанындағы тұрғындар мен ғимараттарды өз дәрежесінде сақтап қалуға болады.
Әдебиеттер
1.
Виноходов В.Н. Стихийные бедствия и мероприятия по уменьшению опасности природных катастроф в
Казахстане / Современные проблемы геоэкологии и созологии. – Алматы, 2001. – С.194-196.
2.
Виноградов Ю.Б. Гляциальные прорывные паводки и селевые потоки. – Л.: Гидрометеоиздат, 1977. –
154с.
3.
Bozhinski, A.N., Nazarov A.N., Chernous P.A. A probabilistic model of snow avalanche origin and motion
//Материалы гляциологических исследований. 2002. Вып.
4.
Осипов В. И. Природные катастрофы на рубеже XXI века // Вестн. РАН. 2001. Т. 71. № 4. С. 291 302.
References
1.
Vinohodov V.N. Stihijnye bedstvija i meroprijatija po umen'sheniju opasnosti prirodnyh katastrof v
Kazahstane / Sovremennye problemy geojekologii i sozologii. – Almaty, 2001. – S.194-196.
2.
Vinogradov Ju.B. Gljacial'nye proryvnye pavodki i selevye potoki. – L.: Gidrometeoizdat, 1977. – 154s.
3.
Bozhinski, A.N., Nazarov A.N., Chernous P.A. A probabilistic model of snow avalanche origin and motion
//Materialy gljaciologicheskih issledovanij. 2002. Vyp.
4.
Osipov V. I. Prirodnye katastrofy na rubezhe XXI veka // Vestn. RAN. 2001. T. 71. № 4. S. 291 302.
Достарыңызбен бөлісу: |