ОӘК 004. 432. 4 Б. З. Андасова, МҮриан



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі0,89 Mb.
#6013

«Қоғамды ақпараттандыру»  III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

 

 

327 



ОӘК 004.432.4 

 

Б.З. АНДАСОВА, МҮРИАН 



 

Л.Н.Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университеті, Астана қаласы, Қазақстан 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІН ТАНУДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ 

 

 

Қазіргі  заманғы  информатика  ғылымының  қарқынды  дамуы,  оның  қоғам мен  өмірдің 



барлық  саласына  кеңінен  қолданылу  тәжірибесінің  жетістіктері  қазақ  тіл  білімін  жоғары 

ғылыми-теориялық  және  техникалық  деңгейде  шешуге  жаңа    мүмкіндіктер  беріп  отыр. 

Сондықтан  да  қазақ  тілін    математикалық  лингвистика  әдісімен  зерттеу  және  сөйлемдерді 

талдау мен құруды автоматтандыру проблемасы лингвистика және информатика  саласында 

аса маңызды болып табылады.  Сондай  өзекті  мәселелердің бірі –  тұрақты сөз тіркестерін  

тануды автоматтандыру. Бұл қазақ тіліндегі мәтіннен тұрақты сөз тіркесін іздеп тауып, оны 

баламалас тіркеспен алмастыру, сол арқылы бір тілден екінші тілге аудару жұмыстарындағы 

кездесетін тұрақты сөз тіркесін аудару мәселелерін шешуде қолданылады. Өйткені,  тұрақты 

сөз тіркестерін көп жағдайда басқа тілге сөзбе-сөз аударғанда, оның мағынасы  бұзылады.  

Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестерін   тануды автоматтандыру үшін  қазақ тіліндегі 

фразеологизмдеріне    қатысты  ғылыми  зерттеу  жұмыстары  мен  еңбектер  зерттелді,  оның  

басты  белгілері  мен  ерекшеліктері,    басқа  тілдік  бірліктерден  айырмашылықтары  мен 

ұқсастықтары  анықталды.   

Фразеология  термині  кең  мағынада  алғанда,  белгілі  бір  тілдегі  тұрақты  сөз 

тіркестерінің барлық түрлерінің жиынтығы деген ұғымды білдіреді. Тілімізде қолданылатын 

тұрақты сөз тіркестерінің екі не одан да көп компоненттері болады, бірақ  бұл сөз тіркестері 

семантикалық  бірлікте  болып,  тұтас  бір  ұғымды  білдіреді.  Тұрақты  сөз  тіркестерінің 

мағынасы  ғасырлар  бойы  қалыптасып,  ел  аузында  көп  айтылып,  жалпы  халыққа  түсінікті 

болып  кеткен.  Осылайша,  бір  ұғымда  қолданылатын,  сөйлем  мүшелерін33е  ажыратуға 

келмейтін,  грамматикалық  мағыналарын  өзгертіп,  тіркестегі  орындарын  алмастыруға 

болмайтын тарихи қалыптасқан, қолданылуы дәстүрге айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл 

білімінде  фpaзeология  дейді.  Фразеологизмнің  қай-қайсысы  болмасын  бәрі  де  ең  алғаш 

халықтық  сөйлеу  тілі  негізінде  қалыптасқан.  Сондықтан  олар  өмірдің  барлық  саласын 

қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай келеді [1].  

Мәтіндегі  тұрақты  сөз  тіркестерін    тануды  автоматтандыру  үшін    фразеологиялық 

сөздік  қолданылады. Фразеологиялық сөздік – тілдегі сан алуан тұрақты тіркестерді жинап, 

мағыналық жағынан бір жүйеге түсіретін лексикологиялық еңбек. Фразеологиялық сөздіктің 

басқа (түсіндірме, терминологиялық, диалектологиялық, аударма, арнаулы, т.б.) сөздіктерге 

қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде алғаш 

рет  11  мыңға  жуық  фразеологиялық  тіркесті  қамтитын  фразеологиялық  сөздік  1977  жылы 

академик Қ.Кеңесбаевтың авторлығымен жарық көрген [2].   

Фразеологизмдердің  басты  белгілері.  Фразеологизмдер  басқа  тіл  бірліктерінен  төрт 

түрлі  белгі-қасиетімен  ерекшеленеді:  1)  құрылым  тұрақтылығы;  2)  мағына  тұтастығы;  3) 

даяр  қалпында  қолданылу  тиянақтылығы;  4)  бейнелілігі,  мәнерлілігі.  Осы  белгілер 

фразеологизмдердің бәріне тән, тек кейбіреуінде толық, кейбіреуінде солғын болуы мүмкін. 

Қазақ  тіл  білімінде  фразеологизмдерді  топтастыруда  екі  пікір  бар:  бірі  – 

І.Кеңесбаевтың  топтастыруы,  екіншісі  –  В.  В.  Виноградов  пен  Н.  М.  Шанскийдің  үлгісі 

бойынша жасалған  топтастыру.  І.Кеңесбаев  фразеологизмдердің  мағыналық  тұтастығы мен 

құрылымының  тұтастығына  қарап,  фразеологизмдерді  екі  топқа  бөледі:  фразеологиялық 

түйдек  және  фразеологиялық  тіркес,  бұлардың  алғашқысына  идиома,  кейінгісін  фраза  деп 

атайды.1970  жылдардан  бастап  В.  В.  Виноградов  пен  Н.М.Шанскийдің  үлгісі  бойынша 

фразеологизмдердің  біртұтас  мағынасы  мен  құрастыру  сыңарлары  мағыналарының 


«Қоғамды ақпараттандыру»  III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

 

 

328 



арақатынасы  тұрғысынан  қазақ  тіліндегі  фразеологизмдерді  келесі  түрде  төрт  топқа  бөлу 

тәжірибесі  қалыптасқан:  1)  фразеологиялық  тұтастық;  2)  фразеологиялық  бірлік;  3) 

фразеологиялық тіркес (тізбек емес); 4) фразеологиялық сөйлем.  

Фразеологизмдердің еркін сөз тіркесінен айырмашылықтары: 

1.

 



Фразеологизмдер  кем  дегенде  екі  сөздің  тіркесуінен  жасалады,  алайда  олардың  құрамы 

тұрақты  болады.  Мысалы:  жігері  құм  болды,  нарттай  жанды,  ұзында  өші,  қысқада  кегі  сияқты 

сөздердің құрамын өзгертуге, басқа сөздермен айырбастауға болмайды. Ал, еркін сөз тіркесі сөйлеу 

кезінде  сөздердің мағынасы жағынан өзара үйлесе  отырып, кем дегенде  екі сөздің грамматикалық 

жолмен  еркін  тіркесуінен  жасалады,  еркін  сөз  тіркестерінің  құрамы  тұрақты  болмайды.  Олардың 

құрамындағы  сөздерді  мағынасы  мен  айтылуы  жағынан  олармен  үйлесетін  басқа  сөздермен 

айырбастауға, орнын ауыстыруға болады.  

2.

 



Фразеологизмдердің  мағына  тұтастығында,  яғни  құрамындағы  сөздердің  не  жеке  бір 

сыңарының  лексикалық  мағыналарының  қайта  жаңғыртылған  жинақты  мағынасы  болғандықтан, 

фразеологизмдер  семантикалық  жағынан  біртұтас  тіл  бірлігі  ретінде  қолданылады.  Мысалы:  ит 

арқасы  қиянда  (өте  алыс),  қой  аузынан  шөп  алмайды  (момын),  қойдан  қоңыр  (жуас),  түйе  үстіне 

сирақ  үйтеді  (икемсіз,  епсіз  адамды  айтады)  сияқты  фразеологизмдердің  беретін  жинақтық  тұтас 

мағыналары,  олардың  құрамындағы  сөздердің  лексикалық  мағынасынан  мүлде  басқаша  болады. 

Тіпті фразеологизмдердің құрамындағы сөздердің лексикалық мағынасы анық байқалғанның өзінде, 

фразеологизмдердің  мағыналары  семантикалық  біртұтастықтан  айырылмайды.  Мысалы:  санын 

соғып қалды (өкінді), тамырына балта шапты (бір жолата көзін жойды), жер жастанды (өлді) сияқты 

фразеологизмдерде мағына тұтастығы сақталған.  

3.

 

Фразеологизмдердің даяр қалпында қолданылу тиянақтылығында.  



4.

 

Фразеологизмдердің  көпшілігіне  мәнерлілік,  айқындылық,  бейнелік  қасиет  тән.  Бұл 



фразеологизмдердің стилистикалық мәнділігін арттырады. 

5.

 



 Еркін  тіркестер  бір  тілден  екінші  тілге  сөзбе-сөз  аударуға  көнеді.  Ал  фразеологизмдер 

әдетте бір тілден басқа тілге сөзбе-сөз аударуға көнбейді, оларды басқа тілдегі баламалары арқылы 

немесе фразеологиялық мағыналарын түсіндіру арқылы беруге болады [3].  

  Осындай  айырмашылықтарымен  бірге  фразеологизмдер  мен  еркін  тіркестердің 

жақындасатын ұқсастық жақтары да  еңбектерде қарастырылған [4].  

Фразеологизмдердің сөзбен жақындығы. Бұлардың жақындығы білдіретін мағыналары 

мен атқаратын қызметтеріндегі ұқсастықтан байқалады. Сөздің фразеологизмге жақындығы 

екі  жағдайда  байқалады:  1)  тілдегі  әрбір  дербес  мағыналы  сөз  лексикалық  бірлік  ретінде 

белгілі бір ұғымды білдіріп, даяр қалпында қолданысқа түседі;  2) ұғымды білдіру жағынан 

сөз  бен  фразеологизмнің  арасында  ұқсастық  бар,  лексикалық  бірлік  ретінде  сөз  де 

фразеологизм  сияқты  бір  ұғымды  білдіреді.  Осылайша,  жоғарыда  айтылғандардан 

фразеологизмдердің еркін сөз тіркестерімен және сөзбен шектесіп жатқан екі жақты құбылыс 

екенін, екі жақтылығын көреміз [5].  

Фразеологизмдердің  сөйлеммен  арақатынасы  да    зерттеліп,  фразеологизм  мен 

сөйлемнің  құрылымдық  жағынан  формалды  жақындығы,  ұқсастығы  анықталған  [6]. 

Фразеологизмдерде де жай, құрмалас сөйлемдер сияқты құрылымдар кездеседі. 

Фразеологизм  мен  сөйлемнің  айырмашылығы  лексика-семантикалық  жағы  мен 

синтаксистік  қызметіне  байланысты.  Сөйлемнің  негізгі  функциясы 

  коммуникативтік. 



Сөйлем  –  тілдің  коммуникативтік  бірлігі,  синтаксистік  объектісі  болса,  ал  фразеологизм 

ұғымды  бейнелеп,  мәнерлеп  немесе  тұспалдап,  астарлап  білдіретін  лексика-семантикалық 

бірлік,  ол  осы  жағынан  лексикалық  бірлік  –  сөзге,  сол  арқылы  лексикологияға  жақын. 

Сөйлемді  синтаксистің  объектісі  ретінде  мүшелеуге,  сөйлем  мүшелеріне  талдауға  болады. 

Ал  фразеологизмдер  лексика-семантикалық  идиомалық  бірлік  болғандықтан,  өз  ішінен 

мүшеленбейді, тұтастай бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.  

 

Фразеологизмдер  сырт  тұлғасына,  яғни  құрылым-құрылысына  қарай  сөйлем 



құрылымдас және сөз тіркесі құрылымдас фразеологизмдер болып екіге бөлінеді. 

«Қоғамды ақпараттандыру»  III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

 

 

329 



 

Фразеологизмдерді  қолдану  және  аудару  мәселелері.  Тұрақты  сөз  тіркестері  жеке 

сөздер  сияқты  тілдік  бірлік  ретінде  қолданып,  ұдайы  дамуда  болады,  бірақ  бұл 

құбылыс  өте  баяу  жүреді.  Фразеологизмдердің  дамуының  негізгі  екі  жолы  бар:  1) 

тілдің  өзінің  ішкі  даму  процесімен  байланысты,  тұрақты  сөз  тіркестері,  ең  алдымен, 

сол  тілдің  иесі  болып  табылатын  халықтың  ұлттық  ерекшелігіне  қарай  жасалып, 

қалыптасады;  2) сыртқы  процестерге  байланысты,  елдер  арасындағы  қарым-қатынас 

бір  тілден  екіншісіне  фразеологизмдердің  сөйлеу  тілі  және  жазба  нұсқалар 

(публицистика,  көркем  әдебиет  және  т.б.)  арқылы  ауысуына  жағдай  жасайды. 

Осылайша,  қай  тілдің  болмасын  фразеологиясы  халықтардың  өзара  қарым-қатынасы 

нәтижесінде  бірін-бірі  толықтырып,  дамытып  отырады.  Бұған  фразеологизмдердің 

екінші  тілге  сәтті  аударылуы  да    әсер  етеді.  Фразеологизмдерді  бір  тілден  екінші  бір 

тілге  аударғанда  әр  халықтың  өзінің  тілді  қолдану  дәстүрін,  бастапқы  төркіні    қай 

тілдікі 

болғанын, 

қалай 

жасалғанын 



ескеру 

қажет. 


Бұл 

ең 


алдымен 

фразеологизмдердің  аударылу  заңдылығын  жақсы  білуді  талап  етеді,  осы  жағдайлар   

тұрақты  сөз  тіркестерін  автоматтандыруда  ескерілді.  Зерттеу  жұмысында 

фразеологизмдерді аударудың келесі негізгі принциптері  басшылыққа  алынды: 

1.

 

Фразеологизмдерді аударуда оның жалпы мағынасы беріледі.  



2.

 

Фразеологизмдерді  аударуда  олардың  өз  ара  мәндес  келетіндігі  ескеріледі.  Тілдегі 



фразеологизмдердің  бұлайша  өз  ара  мәндес  келуі  аударма  тілінің  жатық,  түсінікті  болуына  ықпал 

етіп, аудару жұмысын жеңілдетеді. 

3.

 

Қөптеген  тұрақты  сөз  тіркестері  бір  тілден  екінші  бір  тілге  сөзбе-сөз  аударылады.  Бұған 



идиомға қарағанда макал-мәтел мен қанатты сөздер бейім келеді. Мысалы: 

 



Фразеологиялық  баламалылық.  Егер  белгілі  бір  фразеологиялық  бірлік  түпнұсқа 

және аударма тілдерінде толығымен мағыналық және стилистикалық жағынан сәйкес келсе, 

оны фразеологиялық баламалылық тәсілімен аударамыз.  

 



Фразеологиялық нұсқаны қолдану. Мұндай тұрақты сөз тіркестер мағынасы жағынан 

ұқсайтын тұрақты сөз тіркестеріне аударылады.  

 

Фразеологиялық  бірліктерді  немесе  тұрақты  сөз  тіркестерін  калькалау.  Аударма 



тілінде  баламасы  немесе  нұсқасы  жоқ  тұрақты  сөз  тіркестерін  аударғанда  аудармашы 

түпнұсқа мағынасын сақтап қалу мақсатында сөзбе-сөз аударады.  

 

Бейнелеп аудару. Егер аудармашы тұрақты сөз тіркес мағынасынан ауытқып кетсе, 



ол сол тұрақты сөз тіркес мағынасын суреттеп немесе бейнелеп аудара алады.  

Осылайша,  аударма  барысында  фразеологиялық  бірліктермен  жұмыс  жасай  отырып 

аудармашы  тек  екі  тілді  біліп  қана  қоймай,  бастапқы  мәтінді  аударма  тілімен  салыстыра 

отырып, оның стилистикалық және мәдени-тарихи аспектілерін қарастыруы тиіс.  

Қазақ  тіліндегі  тұрақты  сөз  тіркестерін  тану  үшін  ақырлы  автомат  моделі  

қолданылды.  Қазақ  тіліндегі  тұрақты  сөз  тіркестерін  тануды  автоматтандыру    Java 

тілінде  программалық  жүзеге  асырылды.  Бұл    «Тұрақты  сөз  тіркестерін  тану  »  атты 

программа  кез-келген  мекеменің  (соның  ішінде  мектеп,  жоғары  оқу  орны,  кітапхана, 

радио,  теледидар  сияқты  ақпарат  орындарына)  бір  тілден  екінші  тілге  аударма 

жұмыстарын  жасауда  қолдану  үшін,  сонымен  қатар  қазақ  тілін  үйренушілерге 

арналған.  

Программа қазақ тіліндегі мәтіннен тұрақты сөз тіркесін тануға мүмкіндік береді. Қазақ 

тіліндегі  тұрақты  сөз  тіркестері  бар  сөйлемдердің  басқа  тілге  сөзбе-сөз  аударуға  көнбейтін 

қасиетіне  байланысты  көмекші  құрал  ретінде  электронды  сөздіктерде  қолдануға  болады, 

оларды  аудару  барысында  баламаларын  қолдану  арқылы  немесе  фразеологиялық 

мағыналарын түрлендіру арқылы аударма жұмыстарын жеңілдетуге болады. Сонымен қатар, 

қазақ тілін үйренушілерге қазақ тілінің грамматикасын толық игеруіне көмектеседі. Көркем  

әдеби  тілде  жазылған  мәтінді    қысқартып,  реферат  жазу  үшін  де  қолдануға  болады. 

Прогамманың  негізгі  бетінде    Файл,  Сервис  және  Анықтама    менюлері  орналасқан.  Файл 

менюінің    опциялары    мәтінді    жұмыс  аймағына  жүктеуге,    құрамындағы  тұрақты  сөз 

тіркестері  баламаларымен алмастырылған мәтінді  сақтауға,  жұмыс терезелерін  тазалауға, 


«Қоғамды ақпараттандыру»  III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

 

 

330 



программадан шығуға   арналған.  Программаның  тұрақты  сөз тіркестерін  мәтіннен  іздеу,  

табылған сөз тіркестерін  баламаларымен  алмастыру сияқты  жұмыс режимдері бар.   Іздеу  

режимінде  мәтіндегі табылған  тұрақты сөз тіркестері  басқа  бояулы түспен ерекшеленеді. 

Төмендегі    1-суретте  тұрақты  сөз  тіркестерін  алмастыру    режиміндегі    жұмыс    терезесі  

көрсетілген,  табылған    тұрақты  сөз  тіркестері  бастапқы  мәтінде  ерекшеленеді  және 

нәтижелік  бөлімде    баламалармен  алмастырылған  мәтін    орналасады.  Сервис    менюіндегі 



Сөздік  опциясы    тұрақты    сөз  тіркестерінің  баламалас  тіркестерін  табуға  және  керісінше  

ж

ай  тіркесті  тұрақты  тіркеске

 

 

түрлендіруге  арналған  (2-сурет),  мұны  



фразеологизмдердің электронды  сөздігі ретінде де қолдануға болады. 

 

Сурет 1. Тұрақты сөз тіркестерін алмастыру режимінің терезесі 



 

  

 



Сурет 2. Ж

ай тіркесті тұрақты   тіркеске

  түрлендіру  



 

Қорыта  айтқанда,  алынған  нәтижелердің  практикалық  құндылығы  қазақ  тілінің 

қолданыс  аясын  кеңейтуге  ықпал  жасайтындағында,  атап  айтқанда,  танығыш  ретінде  


«Қоғамды ақпараттандыру»  III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

 

 

331 



ақырлы  автомат  моделі  қолданылып,    қазақ  тіліндегі  мәтіннен  тұрақты  сөз  тіркестерін 

табуға,  оларды  баламаларымен  алмастыруға  мүмкіндік  беретін  программа  жасалды.  

Программаны  бір  тілден  басқа  тілге  сөзбе-сөз  аударуға  келе  бермейтін  тұрақты  сөз 

тіркестерін аударуда электронды сөздіктерге қосымша құрал ретінде қолдануға, қазақ тілінің 

дұрыс  сөйлеуі  мен  жазылуын  үйретуде,  сондай-ақ,  фразеологизмдердің  мағыналарын 

түсіндіру үшін де қолдануға болады.  

 

Әдебиеттер 

 

1.



 

Айтбаев Ө. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс, 2007. – 618 б. 

2.

 

Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1977.– 712 б. 



3.

 

Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: 2005. – 634 б. 



4.

 

Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: 1998. – 237 б.  



5.

 

Оразбаева Ф.Ш, Г.Сағидолда, Б.Қасым. Қазіргі қазақ тілі. Алматы. – 2005. – 518 б. 



6.

 

Сайрамбаев 



Т. 

Қазіргі 


қазақ 

тіліндегі 

тіркесімділіктің 

кейбір 


мәселелері. 

–  


Алматы: 2004. – 262 б. 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет