ОӘК 004. А. С. Муканова, Г. ҚАлман, Б. Ергеш



жүктеу 25.34 Kb.

Дата03.03.2017
өлшемі25.34 Kb.

«Қоғамды ақпараттандыру»  III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

 

 

327 



ОӘК 004. 

 

 



А.С. МУКАНОВА, Г. ҚАЛМАН, Б. ЕРГЕШ  

 

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ САНДЫҚ АҚПАРАТТАРДЫ ТҮРЛЕНДІРУ КОНВЕРТОРЫ 

 

 



Қазіргі кезде қазақ тіліндегі мәтіндермен жұмыс істегенде цифрмен жазылған сандарды 

символдық  түріндегі  жазылуымен  және  керісінше  алмастыру  қажеттілігі  жиі  қолданылады. 

Сондықтан  бұл  жұмыста  қазақ  тіліндегі  сандық  ақпаратты  түрлендіруді  автоматтандыру 

мәселесі  қарастырылған.  Қойылған  мақсатқа  жету  үшін  қазақ  тіліндегі  сан  есім  түрлерін, 

оның сөзжасам тәсілдерін, дыбыстар негізінде жалғаулар ережелерін  формалдауы жолдары 

зерттелді.  

Қазақ  тілінің  морфологиясында  сөздер  негізгі  түбір  мен  туынды  түбірден  жұрнақтар 

мен жалғаулар арқылы немесе сөздерді өзара қосарлау, тіркеу әдістерімен жасалатыны және 

олар  қайсы  бір  сөз  таптарына  жататыны  белгілі.  Сөз  жасамға  қатысатын  жұрнақтар  мен 

жалғаулар  саны  және  сөз  жасау  заңдылықтары  мен  олардың  тұлғаларында  кездесетін 

өзгерістер  санаулы  болып  келеді.  Қазақ  тілінің  мұндай  қасиеттері  оның  математикалық 

теориясын жасауға және осы тілдің морфологиясын формалды сипаттауға мүмкіндік береді. 

Сан  есім  -  өзіндік  сөзжасамдық  жүйесі  бар  сөз  табы  және  сан  есімнің  сөзжасамдық 

жүйесі  өте  ертеде  қалыптасқан.  Сан  есімнің  сөзжасам  жүйесінің  өзіндік  сөзжасам 

элементтері,  модельдері,  типтері  бар.  Сан  есім  сөзжасамында  тілде  қалыптасқан 

сөзжасамдық  тәсілдердің  біразы  қолданылады,  бірақ  бәрі  емес.  Мысалға  сан  есімде 

семантикалық  тәсіл  қолданылмайды,  синтетикалық  тәсіл  өте  өнімсіз,  ал  сөзжасамның 

аналитика  тәсілі  сан  есім  сөзжасамында  негізгі  қызмет  атқарады.  Сан  есім  сөзжасамдық 

элементтерінің  қызметі  белгілі  заңдылықтарға  негізделген.  Сан  есімнің  синтетикалық  тәсіл 

арқылы жасалуы белгілі қосымшалармен ғана байланысты. Сан есім  – қосымшаға өте кедей 

сөз табы. Сан есімнің сөзжасам қосымшаларының қолданылуының тілде өзіндік заңдылығы 

қалыптасқан.  Мысалы:  сан  есім  жұрнақтары  басқа  сөз  табына  жалғанбай,  тек  сан  есім 

сөздерге  ғана  жалғанады  да,  одан  сан  есімнің  түрлі  семантикалық  топтарын  жасайды. 

Осының негізінде сан есімнің онтологиялық моделі жасалды [1]. 

Онтология"  термині  ең  алғаш    Томас  Грубердің  жұмыстарында  пайда  болды,  бұл 

жұмыста  ол  интеллектуалды  жүйелер  мен  адам  арасындағы  байланысты  зерттеді. 

Интеллектуалды  жүйелер  деп  адамның  кейбір  интеллектуалды  қызметінің  аспектілерін 

модельдейтін программаларды атайды. Әрине, кез келген программа осындай модельдеумен 

белгілі  бір  дәрежеде  айналысады,  себебі  адам  үшін  компьютер  осы  қасиетімен  маңызды  – 

компьютер жүйесі адамды барлық бір типті қызметтен босатады. Бұл қызмет салыстырмалы 

түрде  шектен  тым  асырмалы  және  күрделі  болуы  мүмкін,  бірақ  ол  әрқашанда  бір  типті 

болады:  графиканы  реттейтін  компьютер  жүйесі  шөп  жинау  мезгілі  кезінде  комбайндарды 

басқаруда  қолданылмайды.    Яғни,  жасаушы  өз  программасының  негізіне  салатын  білімдер 

(яғни,  осы  программаның  алгоритмі)  әрқашанда  статистикалық  түрде  тұрақты  болады,  ол 

өзгертуге  келмейді  (әрине,  нақты  «программа  мәліметтерінен»  басқа).    Бұл  жағдайда 

интеллектуалды  жүйе  –  салыстырмалы  түрде  әмбебап  болады,  ондағы  әрекет  білімі 

программаға  толығымен  тиісті  болмай,  оны  сәл  өзгертуге  мүмкіндік  болады  [2].  Ендеше, 

осындай  білімдерді  программаға  деректер  ретінде  енгізу  керек,  яғни,  олардың  сипаттау 

қажеттілігі  туындайды.    Қазақ  тіліндегі  сан  есім  онтологиясының  моделі  1-  суретте 

көрсетілген.  

 


«Қоғамды ақпараттандыру»  III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

 

 

328 



 

 

1-



 

сурет. Қазақ тіліндегі сан есім онтологиясының моделі 

 

Көрсетілген  формалды  модел  арқылы  қазақ  тіліндегі  сандық  ақпараттарды 



түрлендірудің  конверторы  жасалды.  Бұл  программаның  жұмыс  терезесі  2-  суретте 

көрсетілген. Жұмысты жалғастыру үшін «KazTrans» мәзірінен «Сөйлем ішіндегі сан» мәзірі 

таңдалады. Мұнда кез- келген сөйлемді енгізу мүмкіндігі бар. Программа енгізілген сөйлем 

ішінен  цифрмен  жазылған  сандарды  тауып  символдық  түріндегі  жазылуымен  және 

символдық түрде жазылған сандарды цифрлық түрге айналдырады. Ол «Соңғы нәтижесінде» 

түріне байланысты жазылады. 

 


«Қоғамды ақпараттандыру»  III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

 

 

329 



 

 

2-



 

сурет. Сандық ақпаратты түрлендіру конверторы 

3-

 

 



Сонымен қатар, осы табылған сөйлемдер ішіндегі сандарды түріне байланысты талдау 

үшін «KazTrans» мәзірінен  «Сан есім» таңдалады. Бұл терезеде енгізілген сан есімнің типі 

ажыратылып және сол санға жалғанатын жалғаулар көрсетіледі (3- сурет).    

 

 



 

 

4-



 

сурет. Сан есімді талдауға арналған жұмыс терезесі 

 

 

Қорыта  айтқанда,  бұл  программа  арқылы  қазақ  тіліндегі  санның  цифрлық  бейнесін 



оның символдармен жазылған сөз түріндегі бейнесіне және керісінше түрлендіруге болады. 

Сонымен  қатар  берілген  мәтіндегі  цифрмен  жазылған  сандарды  анықтап  оны  сөзбен 

жазылған атауларымен алмастырады.  

 

Әдебиеттер 

1.

 

Аханов К., Айғабылов. Қазақ тілі. – Алматы: Мектеп,  



2.

 

1991. –157 б.Соловьев В.Д., Добров Б.В., Иванов В.В., Лукашевич Н.В. Онтологии и 



тезаурусы. Учебное пособие. Казань, Москва, 2006 – 173c. 

 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал