Г.К. Курманаева Астана университеті, Нұр-Сұлтан, Қазақстан Әлеуметтік педагогтардың кәсіби құзіреттілігі: жұмыс берушінің көзқарасы бойынша қалыптасу деңгейі Аңдатпа. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің негізгі субъектісі - әлеуметтік педагог, оның әлеу-
меттік функциялары әлі күнге дейін кеңінен талқыланып келеді. Мақалада әлеуметтік педагогтың әлеу-
меттік-педагогикалық, оқу-тәрбие ісі, мәдени-ағартушылық және ұйымдастырушылық-әдістемелік қы-
зметі қарастырылады. Мақалада құзыреттілікті қамтамасыз ету мақсатында зерттеу жүргізіліп, жалпы
білім беретін мектептердегі әлеуметтік педагогтардың жұмыс берушілерінің сауалнамасы және дерек-
тері қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде жұмыс берушілер үшін әлеуметтік педагогтың бірінші кезек-
тегі білімі - кәсіби қызметінің құқықтық негіздерін білу екендігі дәлелденді. Екінші басымдық - әлеумет-
тік педагог қызметін ұйымдастыра білу.
Осы білімді алуға бағытталған терең теориялық дайындық әлеуметтік педагогтың басқару функци-
яларын тиімді жүзеге асыруына ықпал етеді. Алынған мәліметтер негізінде 6M012300 «Әлеуметтік пе-
дагогика және өзін-өзі тану» мамандығының білім беру бағдарламаларына құқықтық білім мен басқа-
ру дағдыларын ұштайтын кейбір пәндерді енгізу үшін практикалық ұсыныстар ұсынылды. Авторлар
студенттердің оқу үрдісіне әлеуметтік педагогқа кәсіби іс-әрекет пен қажетті құзыреттіліктерді алуға
көмектесетін «әлеуметтік педагогтың нормативтік құқықтық қызметінің негіздері» және «әлеуметтік-пе-
дагогикалық менеджмент» сияқты пәндерді қосуды ұсынады.
Түйін сөздер: жұмыс беруші, әлеуметтік педагог, респонденттер, құзіреттілік, әлеуметтік педагоги-
калық білім мазмұнын жаңарту, құқықтық білім