Of L. N. Gumilyov Eurasian National University педагогика. Психология. ӘЛеуметтану



Pdf көрінісі
бет46/371
Дата14.04.2022
өлшемі3,76 Mb.
#31042
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   371
Байланысты:
Pedagogika 1,2021

Зерттеу әдістері
Қазіргі  кезде  девиантты  мінез-құлықты 
зерттеу  екі  бағытта  қарастырылады:  бірін-
шісі-психикалық  денсаулық  нормасынан 
ауытқыған мінез-құлық ретінде (жүйке ауру-
лары,  психосоматикалық  бұзылулар,  пата-
логиялық  күй  жене  т.б.);  екінщісі-«әлеумет-
тендіру-дезадаптация-оқшаулау»  құқықтық, 
мәдени 
және 
әлеуметтік 
нормаларды 
бұзуымен байланысты әлеуметтікке қарсы мі-
нез-құлық. 
С.А. Беличева девиантты мінез-құлықтағы 
әлеуметтік ауытқуды былайша топтастырады: 
а)  пайдакүнемдік  бағыттар:  материалдық, 
қаржылық, мүліктік пайда табуға ұмтылумен 
байланысты  заң  бұзушылық,  теріс  қылық. 
Бұлар: ұрлық, тонау, алыпсатарлық, алаяқтық 
және т.б.;
ә) қастандық бағыттар: жеке тұлғаға қарсы 
бағытталған әрекеттер: тіл тигізу, бұзақылық, 
ұрып соғу, өлтіру, зорлау және т.б.; 
б) әлеуметтік енжар түрлері:белсенді өмір 
салтынан  қашқақтау,  азаматтық  міндеттер-
ден  бас  тарту,  жеке  және  әлеуметтік  мәселе-
лерді  шешуге  құлықсыз  болу  [5].  Бұл  топқа 
жұмыстан, оқудан бас тарту, кезбелік, маскү-
немдік,  нашақорлық,  токсикомания,  өз-өзіне 
қол  жұмсау  және  т.б.  жатады.Сондықтан  да 
мінез-құлық пен дамудағы ауытқушылықтар-
мен жүргізілетін түзету психологиялық және 
педагогикалық  жұмыстардың  болмысы  мен 
табиғатын  анықтау  үшін  арнайы  білім  беру 
мекемелерінің  ғылыми  жаңалықтарына,  ал-
дын алу психологиясы мен арнайы педагоги-
ка  салаларындағы  ғылыми  зерттеулерге  баса 
назар аудару қажет 
Әрбір жаңа буынның қалыптасуы күрделі 
қарама-қайшылықты  процесс.  Қоршаған 
ортадағы  өзгерістер,  қоғамның  объективті 
шарттары  және  жастардың  әлеуметтенуі 
жаңа  буынның  мінез-құлқының  типтері  мен 
формаларының  ерекшеліктерінің,  айыр-
машылықтарынің  қалыптасуын  анықтайды. 
Қазіргі  жасөспірімдер  мен  жастар  ортасын-
да  девиантты  мінез-құлықтың  таралуы  оның 
пайда  болу  себептерін,  шарттары  мен  фак-
торларын анықтайтын ғылыми зерттеулердің 
маңызы  зор.  Балалық  шақ  пен  жасөспірім 
кезіндегі  девиантты  мінез-құлықтың  қалып-
тасуын  зерттеушілер  тұлғаны  қалыптастыру 
процесімен  (Д.И.  Фельдштейн,  Э.  Эриксон, 
Д.С.  Сагатовская),  отбасының  теріс  әсерімен 
(Т.А.  Гурко,  И.Ф.Дементиева,  А.  Бандура, 
М.И.  Буянов,  А.И.  Захаров)  және  дәл  сол 
жасөспірімдер  сияқты  қоршаған  орта  та-
лаптарының  әсер  етуімен  (А.В.  Петровский) 
түіндіреді.  Бірқатар  авторлардың  пікірінше, 
қазіргі  қоғамдағы  девиацияның  көбеюі  -  бұл 
компьютерлік  ойындар  әлемінің  әсері  (О.Ю. 
Ермолаев, Т.М. Марютина). 
Француз  ойшылы  Г.Тардт  түсіндірген-
дей, девиация еліктеу теориясының негізінен 
туындайды. «Әлеуметтік шығу тегінің кез кел-
ген  ұқсастықтары  -  оның  барлық  түрлеріне 
еліктеудің  тікелей  немесе  жанама  салдары». 
Ол адамдар «бір-біріне тәуелді» деген идеяны 
«еліктеу  заңының»  арқасында  «көндіру»  әре-
кетінің  арқасында  жасайды  деп  өз  ойын  біл-
дірді. Жасөспірім кезінде ол сезімдік, эмоци-
оналды  реакцияларға  еліктеу  зияткерліктен 
гөрі  маңызды  рөл  атқарады  деп  санады.«Ба-
лалардың бір-біріне немесе көшбасшы болған 
жолдастардың  біріне  еліктеп,  өз  ортасында 
алатын  тәрбиесі,  әрқашан  мұғалімдерінен 
алатын  тәрбиені  еңсереді»,  -  деп  жазды  [6]. 
Жасөспірімнің девиантты мінез-құлқын зерт-
теу  оны  халықтың  басқа  топтарынан  бөліп 
және  девиацияның  өзіне  ғана  тән  әлеуметтік 
көрсеткіштерін  анықтауды  талап  етеді.  Де-
виантты  жасөспірімдердің  сипаттамаларын 
Г.A. Баялиева


28
№ 1(134)/2021


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   371




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет