«Қоғалы көлдер, қом сулар»



бет2/2
Дата10.03.2023
өлшемі48,04 Kb.
#72902
1   2
«Айнала бұлақ басы Тең»
Азаулының Стамбұлдан несі кем,
Азаулының Аймадет Ер Доспамбет ағаның
Хан ұлына несі жоқ,
Би ұлынан несі кем!
Тәңірінің өзі берген күнінде
Хан ұлынан артық еді менің несібем!
Азаулыда аға болған ерлер көп еді,
Әйтсе де алмаға ат байлағаны жоқ еді!

Сере, сере, сере қар,


Асты кілең, үсті мұз,
Күн түн қатса жібімес,
Мен көлікке қосымды артқанмын,
Көмбідей ару жаларға
Күректей мұзды тоңдырып,
Кірмембес ауыр қолға бас болып,
Күңіреніп күн түбіне жортқанмын!
Дүниенің басы сайран, түбі ойран,
Озар сойды бұ дүние
Азаулының Аймадет Ер Доспамбет ағадан.

Ағарып атқан таңдай деп,


Шолпанды шыққан күндей деп,
Май қаңбақта ағалардың аты жусап жатыр деп,
Ақ шаңдақты құрып қойған шатыр деп,
Жазыда көп-ақ жортқан екенбіз
Арғымақтың талдай мойнын талдырып,
Үйде қалған арудың
Ал иіндігін аудырып.
Арғымаққа тоқ тиді
Қыл майқанның түбінен,
Аймадетке оқ тиді
Отыз екі омыртқаның буынынан,
Зырлап аққан қара қан
Тыйылмайды жонның уақ тамырдан.
Сақ етер тиді саныма,
Сақсырым толды қаныма,
Жара бір қатты, жан тәтті,
Жара аузына қан қатты,
Жарықшылар жоқ па екен
Жармай білте саларға,
Жағдайсыз жаман қалып барамын
Жанымда бір туғанның жоғынан!...

Қарағайлы көдік бойында


Қамшым қалды ойында:
Бүлдіргесі бұлан терісі,
Өрімі құнан білдің қайысы,
Шырмауығы алтын, сабы жез,
Бейазының бойында
Күзен, қарсақ жер ме екен!....

Алғаным Әли ағаның қызы еді,


Қас арудың өзі еді.
Маңдайы күнге тимеген,
Желге шашын үрмеген,
Серпіліп адам бетін көрмеген,
Қалай күні кешті екен!
Қосақай, Қосай Ер Досайдың анасы
Хан қызындай сұлтанның
Айдындықтай ақ білегін жастанып,
Ерең үйін тіктіріп,
Омыраудағы он түймесін ағытып,
Кейінгі қалған көпекке
Қалай да белін шешті екен!...

АЗАУЛЫ – Азов (Азау) теңізіндегі қала.


Азау, Азау дегенің
Әл-Ғұсман-паша жұрты екен,
Дін ісләмнің кірті екен.
Азаудың ер Доспамбет ағасы
Азаудың бір бұрышындай нарты екен! (Доспамбет)

Айнала бұлақ басы тең,


Азаулының Стамбулдан несі кем. (Доспамбет)

БҰЗДАЙ КІЛШЕЙТІП – мұздай, темір құрсанып деген мағынада.


Кілең бұздай кілшейтіп,
Көбелер киген өкінбес. (Доспамбет)
БҰЛАН – 1.зат. Салалы, үлкен мүйізді, аша тұяқты, бұғы тектес ірі аң. Ертеде қазақ
жерінде көп болып бүгінде жойылып кеткен. Еркіндіктің, мықтылықтың образы.
2. сын. Еш қиындықсыз, бұла боп өскен еркін, ерке.
3. ет. Етістіктен жасалған ырықсыз етіс.
Уайымсыз жігіттер
Қара бұлан нармен тең. (Шал ақын)
Емен шайнап, тал қайзар,
Құлан, бұлан баласы. (Шалкиіз)

Бүлдіргесі бұлан терісі,


Өрімі құнан білдің қайысы. (Доспамбет)

БІЛ – дұрысы піл.


Бүлдіргесі бұлан терісі,
Өрімі құнан білдің қайысы. (Доспамбет)

ДУЛЫҒА – батырлар киетін, оқ өткізбейтін, яғни металл қапталған бас киім. Дулыға кию


батырлықтың символы.
Туған айдай нұрланып,
Дулыға кидім өкінбен. (Доспамбет)

ЕҢЕКЕ – тік, еңкеймеу.


Еңсесі биік боз орда,
Еңеке кірер күн қайда? (Доспамбет)

ЗЕРЛІ – сын. Зер салған, зерленген. (әдемі, көрікті)


Зерлі орындық үстінде,
Ақ шымылдық ішінде. (Доспамбет)

КӨДІК – қарағайлы орман.


Қарағайлы көдік бойында,
Қамшым қалды ойында. (Доспамбет)

КӨНЕК – 1. Ісіп кететін ауру.


2.ауысп. Асқынып, тұйыққа тірелген мәселе.
Кейінгі қалған көнекке
Қалай да белін шешті екен. (Доспамбет)

КӨМБІДЕЙ АРУ – шөлге шыдамды, көмбіс аруана (түйе) мағынасында.


Мен көлікке қосымды артқанмын,
Көмбідей ару жаларға. (Доспамбет)

КҮДЕРІ – зат. Әбден иі қанып жұмсартылған тері.


Күдеріден бау тағып,
Кіреуке киер күн қайда? (Доспамбет)

КІЛЕҢ – тоң. Жер асты топырағының сумен араласып мәңгі қатып жатуы.


Асты кілең, үсті мұз,
Күн-түн қатса жібімес. (Доспамбет)
КІЛІК – су.
Сіреу, сіреу, сіреу қар,
Асты кілік, үсті мұз. (Доспамбет)

КІРМЕМБЕС – 1. Қаптаған қалың, самсаған, ит мұрыны өтпейтін деген сөз.


2. Қарулы жасақ.
Кірмембеске кіріспе, басың қалар ішінде.(мәтел)

Кірмембес ауыр қолға бас болып,


Күңіреніп күн түбіне жортқанмын. (Доспамбет)

КІРТ – қоныс, мекен, қияу.


Әл –Ғұсман патша жұрты екен,
Дін ісләмнің кірті екен. (Доспамбет)

ҚОМ – 1.зат. Түйе өркешінің түп жағындағы тұтаса біткен жота майы.


2. Түйеге жүк арту үшін оның қос өркеші мен жотасын орай салған қабат-қабат
киіз.
Қоғалы көлдер, қом сулар,
Қоныстар қонған өкінбес. (Доспамбет)

МАСАҚ – зат. көне. Садақ оғының ұшы, үшкір жағы.


Садақ толған сәйгез оқ,
Масағынан өткеріп,
Басын қолға жеткеріп
Созып тартар күн қайда? (Доспамбет)

НАРТ - мәрт, батыр, бастық, қолбасы, әскер басы, би.


Азаудың ер Доспамбет ағасы,
Азаудың бір бұрышында нарты екен. (Доспамбет)

ОЗАР СОЙДЫ - өтер-кетер, өткінші, тұрақсыз.


Дүниенің басы сайран, түбі ойран,
Озар сойды бұ дүние. (Доспамбет)

ОРЫНДЫҚ – бұл жерде биік ағаш төсек деген мағынада.


Зерлі орындық үстінде,
Ақ шымылдық ішінде. (Доспамбет)

САБА – 1.зат. Жүнін қырып, ысқа салып, жылқы терісінен жасалған, негізінен қымыз


ашытатын ыдыс.
2. ауысп. Бір нәрсенің жалпы шеңбері, арнасы, көлемі, аясы.
3. ет. Ұрып-соғып жазалау.
4. Бір нәрсені қағып соғу, ұрғылау.
5. ауысп. Бөсу, көпірту, төпеу.
Орындықтай қара сабадан
Бозбаламен күліп, ойнап,
Қымыз ішер күн қайда. (Доспамбет)

САЙГЕЗ – садақ оғының бір түрі.


Садақ толған сайгез оқ,
Масағынан өткеріп. (Доспамбет)
САҚ ЕТЕР – 1. Қылыштың орнына қолданылатын зат.
2. Бос мойын шоқпар.
Сақ етер тиді саныма,
Сақсырым толды қаныма. (Доспамбет)

САҚСЫР – 1. Киім, не аяқ киім, не шалбар.


2. Запыран.
Сақ етер тиді саныма,
Сақсырым толды қаныма (Доспамбет)

СЕРЕ – зат. Бір сүйем ұзындыққа тең өлшем.


Сере, сере, сере қар,
Асты кілең, үсті мұз. (Доспамбет)

ТОЛҒАМАЛЫ айбалта, ала балта тәрізді соғыс қаруларын ұстағанда, олардың сабы сусып, жылжып кетпес үшін былғары, қайыс, жіп т.б. сияқтылармен орап тастайтын болған немесе олардың ағаш саптарын орама (спираль) түрінде кертіп қоятын болған. Сондықтан толғамалы (сабы оралған) деген эпитет пайда болған.


Толғамалы ала балта қолға алып,
Топ бастадым өкінбен. (Доспамбет)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет