Қоғам – экономикалық және рухани біртұтастық пен өмір сүру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі. 2 Тұлға
1)Қоғам – экономикалық және рухани біртұтастық пен өмір сүру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.
2)Тұлға - қоғамда автономды жағдайы (мәртебесі) бар адам және соған сәйкес құқықтарға, бостандықтар мен міндеттерге ие болады.
3)Билік - жекелеген тұлғалардың (билік етушілердің) еркі мен іс әрекеті басқа тұлғалардың (бағынушылардың) еркі мен іс-әрекетінен басым тұратын, үстемдік ету мен бағыныштынық қатынастары.
4)Норма - анықталмаған тұлғалар шеңберіне және жағдайлардың шексіз санына қатысты мерзімі жағынан үздіксіз әрекет ететін жалпыға ортақ жүріс-тұрыс ережесі.
5)Мемлекет - басқару-қамтамасыз етушілік, корғаушылық функцияларды жүзеге асыру мақсатында арнайы аппаратты иеленетін және елдін бүкіл халқы үшін өз еріктерін міндетті етуте қабілетті, жария биліктің саяси-аумақтық егеменді ұйымы.
6)Мемлекеттік билік - мәжбүрлеу апаратына негізделе отырып, мемлекеттің функцияларын жүзеге асыратын карым-қатынастар жүйесі.
7)Муниципалды билік - өзін өзі басқаруға негізделген жергілікті билік.
8)Мемлекеттік егемендік— мемлекеттік биліктің ел ішінде және одан тыс жерде баска кез келген биліктен (саяси және идеологиялық) тәуелсіздігі.
9)Егемендік - Мемлекеттік биліктің ел ішінде және одан тыс жерде басқа кез келген биліктен (саяси және идеологиялық) тәуелсіздігі
10)Саяси жүйе- еллің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық кұрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы.
11)Саяси режим — билік етудің құралдары мен тәсілдеріне, демократиялық немесе демократиялық емес сипатында көрініс табатын биліктің мазмұны.
12)Демократиялық мемлекет - Әрбір органга тиесілі биліктің көлемінің шектері заңмен анықталатын, барлық биліктік органдар халықтың мандатына, барлық азаматтар сотпен қорғалатын ажырамас құқықар мен бостандықтарга ие
болатын мемлекет
13)Авторитарлық мемлекет -
мемлекеттік билік заңмен анықталса да тікелей халық мандатына ие болмайтын, бірақ билік етуші органдар мен түлғалардың шектелген аясымен басқарушылық-әкімшілік аппаратты, қарулы күштер мен жазалау мекемелерін тікелей пайдалану арқылы жүзеге асырылумен сипатталатын мемлекет
14)Тоталитирлық мемлекет- әкімшілік басқару бәрін билеп-төстеуге негізделген мемлёкет, ол заңмен анықталмайды. Қоғам өмірінде тәуелсіз сот төрелігі мен адам құқықтары болмайды, бүкіл қоғам басқарушылық әкiмшілік аппарат пен жазалаушы органдардың тоталитарлықбақылауына алынады адам құқықтарын шексіз аяққа таптау жүзеге асырылады.
15)Мемлекеттік аппарат — мемлекеттің басқарушылық камтамасыз етушілік және корғаушылық функцияларын іске асыру бойынша жұмыстарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың біртұтас, иерархиялық жүйесі (кешені).
16)Мемлекеттік орган— мемлекеттік міндеттерді атқаратын және тиісті биліктік өкілеттіктерге ие ұйым немесе басқарма.
17) Құзырет — мемлекеттік орган, сондай-ақ сол бір немесе өзге лауазымды тулға иеленетін және тиісті заңды кұжатта бекітілетін биліктік құқықтардың мазмұны мен көлемі.
18) Мемлекет нысаны— басқару саяси тәтіп нысанында және мемлекеттік құрылым нысанында көрініс табатын,елдегі мемлекеттік билікті ұйымдастыру.
19) Мемлекеттік басқару нысаны — мемлекетте жоғары билігін ұйымдастыру әдіс тәсілдерінің жиынтығы
20)Құрылым нысаны - Мемлекеттің құрамдас бірліктерінің біртұтас және аумақтық бөліктер ретіндегі ара қатынасын ұйымдастыру әдіс-тәсілдерінің жиынтығы
21)Құқық - Мемлекетпен танылатын қайнар көздерде көрініс тапқан жүріс-тұрыстың талабы болып табылатын жалпыға міндетті нормалар жүйесі
22)Құқықтық реттеу- Құқықтың көмегімен қоғамдық қатынастарға, адамдардың жүріс-тұрысына құқықтық құралдардың барлық жүйесімен әсер етуді жүзеге асыру
23)Заңдылық - Барлық заңды нормаларды, барлық құқықтық ережелерді барлық субъектілермен, яғни азаматтармен, олардың бірлестіктерімен, лауазымды тұлғалармен, мемлекеттік органадармен қатаң әрі мүлтіксіз сақтау мен орындау талабы
24)Құқықтық тәртіп- Заң талаптарының тәжірибе жүзінде жүзеге асырылуын көрсететін, қоғамдық қатынастардың іс жүзінде ретке келтірілу жағдайы
25)Құқықтық жүйе - Құқықтық болмыстың құқықықтық идеологиямен және сот тәжірибесімен біртұтас қарастырылатын жүйесі
26)Құқықтың қайнар көзі- Мемлекетпен бекітілетін немесе танылатын қүқық нормаларының көрінісінің және бекітілуінің, оларға заңды, міндеттілік мән берудің құжаттық нысаны
27)Нормативтік акт - Заңдық нормалардан құралған ресми құжат
28)Заңды норма - Заңдарда, мемлекетпен танылатын өзге де қайнар көздерде белгіленетін және құқық субъектісінің құқықты-рұксат етілген (сондай-ақ тыйым салынған) жүріс-тұрысының талабы ретінде көрініс табатын жалпыға міндетті жүріс-тұрыс ережесі
29) Құқық жүйесі- Құқық құрылымы, оның салалар мен институттарға тармақталауы
30) Құқық саласы - Заңдық реттеудің өзіне тән режимімен ерекшеленетін және біртектес қоғамдық катынастарды қамтитын құқық жүйесінің басты тармағы
31) Құқық субъектілері - Құқықсубъектілікке ие тұлғалар, яғни кұқықтар мен міндеттерді иелене алатын, құқықтық қатынастарға қатыса алатын азаматтар, ұйымдар мен қоғамдық құрылымдар
32) Құқықтық қатынас - Субъективтік құқықтар мен занды міндеттерге ие болатын субъектілер арасындағы байланыс
33) Заңды жауапкершілік - Кінәлі тұлғаға жасалынған құқық бұзушылық үшін қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары
34) Теологиялық - Мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда болуының құдайлық бастамасын негізге алады, «барлық билік құдайдан» деген тұжырымдаманы бекітіп, жақтайтын теория
35) Патриархалдық - Мемлекетгің пайда болуын отбасымен байланыстырады, ал мемлекет басшысының билігін отбасы мүшелерінің алдындағы әке билігінен туындататын теория
36) Келісім-шарттық - Бұл теория бойынша мемлекет шарт нәтижесі ретінде пайда болады, оның қатысушылары болып адамдар табылады, олар шарттың негізінде өз бостандықтарының, өз билігінің бір бөлігін мемлекетке береді
37) Күштеу - Мемлекеттің пайда болу негізі ретінде күштеу әрекетін, бір халықтың екінші халықты жаулауын танитын теория
38) Психологиялық - Мемлекеттің пайда болуын адам психикасының көріністерімен: бағыну қажеттігімен, еліктеумен, алғашқы кауымдық қоғамның жоғарғы топтарына тәуелділікті сезінумен, белгілі бір әрекет түрлерінің әділдігін түсінумен және т.б. байланыстыратын теория
39) Органикалық - Бұл теория бойынша мемлекет бөліктері арасындағы тұрақты байланыстар тірі ағзаның бөліктері арасындағы байланысқа теңестіріледі, яғни, мемлекет - биологиялык дамудың бір түрі ретінде көрініс табатын әлеуметтік даму өнімі
40)Ирригациялық - Бұл теорияға сәйкес мемлекеттердің алғашқы қанаушы нысандарының пайда болуы шығыстык аграрлық аймақтардағы ірі ирригациялық құрылыстарды жүргізу қажеттігімен байланысты
41)Материалистік - Бұл теория мемлекеттің пайда болуын әлеуметтік-экономикалық факторлармен, яғни, жеке меншіктің пайда болуымен және қоғамның таптарға бөлінумен, байланыстырады
42)Мемлекет - Арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын және оның дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси-аумақтық, егеменді ұйымы
43) Бұқаралық биліктің болуы - Мемлекетті рулық құрылымдағы әлеуметтік биліктен ажырататын белгісі
44) Аумақтық бөлініс - Мемлекетті рулық құрылымдағы әлеуметтік биліктен ажырататын белгісі
45) Салықтар жүйесі - Мемлекетті рулық құрылымдағы әлеуметтік биліктен ажырататын белгісі
46) Егемендік - Мемлекетті рулық құрылымдағы әлеуметтік биліктен ажырататын белгісі
47) Құқықтың болуы - Мемлекетті рулық құрылымдағы әлеуметтік биліктен ажырататын белгісі
48) Мемлекеттік билік - Мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенген, субъектілер арасындағы үстемдік және бағынушылық сипаттағы бұқаралық-саяси қатынас
49) Мемлекет функциялары - мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары, олардан мемлекеттің мәні мен мақсаты көрініс табады
50) Тұрақты және уақытша - әрекет ету ұзақтығына байланысты мемлекет функциялары
51) Негізгі және қосымша - Маңыздылығына қарай мемлекет функциялары
52) Ішкі және сыртқы- Қоғамдық өмірдің саласында жүзеге асырылуына байланысты мемлекет функциялары
53) Ішкі функциялары - Мемлекет алдында тұрған ішкі міндеттерді шешудегі қызметінің негізгі бағыттары
54) Сыртқы функция- Мемлекет алдында тұрған сыртқы міндеттерді шешудегі қызметінің негізгі бағыттары
55) Құқықшығармашылық - Нормативтік актілерді дайыидау мен шығаруға қатысты қызмет
56) Құқыққолдану - құқық қолдану актілерін шыгару арқылы нормативтік актілерді жүзеге асыруға байланысты қызмет, бұл заңдарды орындау мен басқарушылық сипаттағы әртүрлі мәселелерді шешуге байланысты күнделікті жұмыс
57) Құқыққорғаушылық - Адам мен азаматтың қүқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қүқықбұзушылықтардың алдын алуға және кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартуға және т.б. байланысты қызмет
58) мемлекет механизмі - Мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың жүйесі
59) Мемлекеттік орган - Мемлекеттік міндеттерді орындаушы жэне осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттіктерді иеленген ұйым немесе мекеме
60) Әдет-ғұрып, билер ережелері - Қазақ әдет-ғұрып құқығының негізгі қайнар көздері
61) Мемлекеттік және жеке - ҚР Конституциялық танылған меншік нысандарын көрсетіңіз:
62) ҚР Президенті- ҚР азаматтығына қабылдау туралы шешімді қабылдайды
63) Террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ ҚР өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін - ҚР азаматтығынан айыру мүмкін:
64)Президенттiк республика - Қазақстан Республикасының басқару нысаны:
65) Маслихат - ҚР мемлекеттік басқаруының өкілетті жергілікті органдары:
66)Саяси құқық - Азаматтың мемлекет пен қоғамды басқаруға қатысу мүмкіндігі
67) ҚР Президенті - ҚР-на азаматтыққа қабылдау туралы немесе одан бас тарту туралы шешімді қабылдайды
68) 25.10.1990ж - “ҚР мемлекеттік егемендігі туралы” Декларацияны қабылдау мерзімі:
69) конституциялық және жай - Заңдардың түрлері
70) Жоғарғы, жергілікті - Иерархиясы бойынша мемлекеттік органдар жіктеледі
71) ҚР-ның Парламенті-