НЕСЕП-ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ
ХАТТАМАЛАРДЫ ТОЛТЫРУ
№ 1 Тапсырма. Берілген суреттен нефронның бөлімдерін номерлеп көрсетіп, нефрон құрлымының бөлімдері атауын кестеге толтыру.
№
Нефрон бөлімдерінің аталуы
1
Шумақ - бүйрек денешігі (қапшық пен шумақ) – ирек өзекше ілмегі, қосқыш бөлім бүйректің құрылым-қызметтік бірлігі – нефронды береді. Нефронның қызметі – несеп түзу: шумақтың эндотелі арқылы несепті құратын су мен минералды тұздар, ал ирек өзекшенің эпителі арқылы органикалық заттар бөлінеді. Әр бүйректе жиынтығы бүйрек затының негізін құрайтын бір миллионға жуық нефрон бар. .Сыртынан гломерула екі қабат шумақша қабықшасымен қапталады. Шумақшадан артериялық қан әкеткіш артериола арқылы ағып шығып, бүйректі қоректендіруші қан капиллярларына тармақталады. Әкелгіш және әкеткіш артериолалар аралығында артериялық капиллярлар шумақшасын - артериялық ғажап тор деп атайды. Әкелгіш артериоланың диаметрі кең, әкеткіш артериолалардың диаметрі тар. Сондықтан капиллярлар шумақшасына ағып келген қан мөлшері, одан ағып шығатын қан мөлшеріне қарағанда әлдеқайда көп болады