Қоғамдық-гуманитарлық пəндер кафедрасы


Білікті көпшілік ішкі жүйесі



Pdf көрінісі
бет35/49
Дата22.04.2022
өлшемі0,71 Mb.
#31888
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49
Білікті көпшілік ішкі жүйесі – бұл білікті көп дауыс алған кандидат сайланды 

деп есептелетін ішкі жүйе, яғни 2\3, 3\4 т.б. дауыс. 



Пропорциональды сайлау жүйесі. Пропорциональды жүйеде депутат партиялық 

тізім  негізінде  сайланады  жəне  сайлаушылар  нақты  партияға  дауыс  береді.  Мəні: 

сайлаушылардың даусы үшін жеке кандидат емес, саяси партиялар күреседі; партиялар 

«партиялық  тізімді»  ұсынады,  онда  сол  партияның  мүшесі,  сонымен  қоса  олардың 




мандатқа  ие  болу  кезегі  көрсетіледі;  партиялар  арасындағы  мандаттар,  олардың 

арасында 

партиялардың 

сайлау 


кезіндегі 

дауыс 


берушілердің 

дауысына 

пропорциональды бөлінеді, яғни партиялар көп дауыс жинаса, сəйкестелген түрде көп 

мандатқа  ие  болады.  Оның  ерекшелігі:  көппартиялық  пен  саяси  плюрализмді 

нығайтады; парламенттің қалыптасуына əсер етеді; саяси күштердің қоғамдағы орнын 

ашады; саяси аренадан ұсақ партияларды ығыстырмайды. Кемшіліктері: партияға дауыс 

бергенде,  тек  олардың  басшыларын  ғана  біледі;  нақты  депутат  пен  сайлаушылардың 

арасында тікелей жəне кері байланыстың болмауы. Ең бірінші бұл жүйе Ұлы Француз 

революциясы кезінде ұсынылды жəне ең алғаш рет 1889 жылы Бельгиядағы сайлауда 

қолданылды. 

Пропорциональдық сайлау кезіндегі қорытынды бойынша мандаттарды партиялар 

арасында бөлудің екі əдісі қарастырылады. Олар: сайлау квотасы жəне бөлу əдісі. 

Сайлау квотасы əдісі жалпы берілген дауыстардың санын есептегеннен кейін, оны 

сайлау орындарына /мандаттарына/ бөлу арқылы анықталады. Бір мандатты алу үшін 

дауыс  санын  анықтау  жəне  квотаны  əр  партияға  берілген  дауыс  санына  бөлу  арқылы 

қандай партия неше мандатқа ие болатынын білуге болады. Мысалы, бір округте 200 

мың дауыс берілсе жəне 8 депутаттық орын болса, онда сайлау квотасы 25 мыңға тең 

болады. Сайлау квотасы анықталғаннан кейін əр партиялық тізім бойынша, осы квота 

неше  рет  қамтылса,  сонша  мандатқа  ие  болады.  Мысалы,  бір  сайлау  округінде  5 

депутаттық орынға 5 партия (А,В,С,Д,Е,) күрессе, ал олардың ішінде А-75 мың, В-51 

мың,  С-25  мың,  Д-26  мың,  Е-23  мың  дауыстарға  ие  болды  деп  қарастырайық.  А 

партиясына берілген дауыстар санын (75 мың) сайлау квотасына (25 мыңға) бөлгенде 3-

ке тең, яғни А партиясы 3 мандатқа ие болады. В партиясы 2 мандатқа, С партиясы, Д 

партиясы жəне Е партиясының əр қайсысы  бір мандатқа ие болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет