Ұлғаймалы өндірістің түрлері: 1. Экстенсивті өндіріс - факторлардың сан жағынан молаюы арқылы дамиды. 2. Интенсивті өндіріс – техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды. 3. Аралас - өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды. Тиімділік проблемасы экономикалық теорияның негізгі проблемасы. Ол қоғамның шексіз қажеттіліктерін максималды қанағаттандыру үшін шектелген ресурстарды мейілінше дұрыс пайдалануы жолдарын зерттейді. Экономикалық тиімділік өндіріс процесінде пайдаланылатын шектелген ресурстар көлемі мен өндіріс нәтижесінде алынған өнім көлемі арасындағы байланысты сипаттайды. Жұмсалған шығындардан өнім көлемінің көп болуы тиімділіктін жоғары екенін көрсетеді және керісінше. Экономикалық теорияда әрбір шаруашылық субъектісі өз мүддесін көздейді: - тұтынушы - қажеттілігін максималды қанағаттандыруды; - фирмалар - пайданы максималдауды; - мемлекет - халықтың әл-ауқатын максималдауды жақсартуы көздейді. Тұтыну тауарларын жасау үшін инвестициялық игіліктер немесе экономикалық қорлар қажет. Экономикалық ресурстар – экономикалық игіліктерді өндіру үшін пайдаланылатын элементтер, бұнда өндіріс факторы табиғаттан пайда болады және оны адам өндіреді. Өндіріс ресурстары бұл шаруашылық әрекетте қолданылатын өндірістің әртүрлі құралдарының жиынтығы. Ресурстарға жататындар: табиғи ресурстар, адам ресурстары, қаржылық, ақпараттық және т.б. Осы замандағы индустриалдық нарықтық экономика ақпарат ресурстарсыз болмайды, бұлар ғылыми-техникалық революция кезеңінде өте маңызды рөл атқарады.
Қазіргі кезде өндіріс факторлары ретінде ақпарат үлкен рөль атқарады. Ақпарат бұл сақтау өндеу және жеткізу объектісі болып табылатын мәліметтер. Экономикалық тұрғыдан алғанда ақпарат бұл экономикалық процеске қатысушылардың баға, тауармен қызмет туралы толық мағұмылаттардың болуы. Экономикада ақпарат экономикалық процестерді талдап, дұрыс болжамдар жасауға мүмкіндік береді. Барлық экономикалық ресурстарға бір ғана қасиет тән-ол шектелгендік. Адамдардың қажеттілігі шексіз, әрі үнемі өсіп отырады, ал ресурстар шектелген. Барлық қажеттіліктерді толықтай қанағаттандыруға қоғамның мүмкіндігі жоқ. Сондықтан қоғам алдында тұрған проблема не өндіру керек, қалай өндіру керек, қандай көлемде өндіру керек.
Пайдаланылған Әдебиеттер:
1. Б.Қ.Жакенова,Менеджмент негіздері.Астана.:Фолиант,2007ж. 15-19 беттер.
2. С.Тойкин.Маркетинг негіздері.Астана:Фолиант,2008ж
3. Интернет мәліметтері
Назарларыңызға рахмет