Қоғамдық-саяси және ақпараттық тілдік бірліктердің тіларалық берілуі Ганивал Лаура Монголханкызы



бет2/3
Дата21.04.2023
өлшемі32,75 Kb.
#85122
1   2   3
Байланысты:
Қоғамдық саяси ақпараттың аудармадағы сипаты

Эдгар Гувер құпия меморандумда… «қара пантера» партиясын және оның көшбасшыларын аластау үшін ең қатаң шараларға жүгінудің қажеттілігін түсіндірді. Бүгін стресснерлер мен Пиночеттер, сомостар және соларға ұқсас «жібекке оранған гориллалар» диктаторлар орнын әлі де сақтап қала алады. Париждегі “Матин” газеті Францияның Чадтағы оқиғаға әскери араласуын «ягуарлар» дипломатиясы деп атайды [4:15].
Л.К. Латышев аудармадағы мынадай амал-тәсілдерді атап көрсетеді: 1) транслитерация; 2) калькалау; 3) жақындатылған аударма (аналог/балама); 4) ұлттық ерекшелігінің элиминициясы; 5) сипаттама аударма [4:19].
Қоғамдық саяси ақпараттық метафоралардың тіл аралық берілуін қарастыруда бірнеше топтарға бөлеміз: 1.Аналогтық. 2.Калькалау. 3.Транслитерация. 4. Транскрипция.
5. Транслитерация мен транскрипцияның салыстырмасы. 6. Транскрипция мен семантикалық аударманың тіркесімі.
1. Аналогтық аударма. Қазақ және ағылшын тілдерінде метафоралар толық, яғни екі тілде дайын баламалар немесе аналогтар болады. Аналог дегеніміз — қазақ және шетел тілдеріндегі лексикалық бірліктер мағынасының жақын болуымен ерекшеленеді (Н.Р. Омаров, 2009).
Мысалы:

Түпнұсқа тілінде

Ағылшынға аудармасы

ауырсоққы болу

to be under the gun

біреудің қытығына тию

to tickle one‘s vanity (to shot somebody‘s nervous)

Ақ үй

White house

Сандары өсуде

Numbers are climbing



Ақ Үй (ағылш. the White House) - Вашингтондағы АҚШ Президентінің резиденциясы. Ауыспалы мағынада Ақ Үй АҚШ үкіметін білдіреді. Америка президентінің резиденциясы болған федералды ғимараттың алғаш іргетасы 1792 жылы 13 қазанда қаланған. Оның үлгісін архитекторлар арасындағы жобаны ұтып алған тегі ирландық Джеймс Хобан ұсынған. Алғашында Президент үйі, Президент сарайы болып аталып келген. 1812 жылы сұр тастан салынған ғимаратты британиялық әскерлер басып, өртеп жіберген. Кейінірек, 1817 жылы Хобанның басшылығымен бастапқы қалпына қайта келтірілді. Қабырғалардағы өрттің қалдырған таңбаларын кетіру мақсатында ақ түспен сырлап шықты. Содан кейін 1902 жылы Теодор Рузвельт бұл ғимаратқа Ақ үй деген атау берген [5].
Бұл мысалдардан саяси метафоралардың қазақ тіліне бір – біріне сай келетін баламалар, аналогтар арқылы аударылғандығы көрінеді [4:10].
Саяси метафораларды аударуда калька әдісі де қолданылады. Калька - бір тілдегі лексикалық бірліктердің екінші тілде оларға сай келетін сөздер мен сөз тіркестері арқылы берілуі. Мысалы:

Түпнұсқа тілінде

Ағылшынға аудармасы

Нәзік мәселе

Sensitive topic; [2]

Жарқын болашақ

Bright future; [2]

Дабыл қағу

to sound the alarm [4]



Лексикалық түрлендірулер аударма барысында егер түпнұсқа мәтінде стандартты емес тіл бірлігі сөз деңгейінде болса, мысалы, бастапқы тіл мәдениетіне тән және аударма тілінде жоқ тиісті атау болса; белгілі бір кәсіби саладағы термин; басқа құрылымдық-функционалдық тәртіпке ие объектілерді, құбылыстар мен ұғымдарды білдіретін сөздерді жеткізуде қолданылады. Мұндай сөздер аударма үдерісінде өте маңызды орын алады, себебі, мәнмәтінмен салыстырмалы түрде тәуелсіз болады және аударма мәтініне әртүрлі бағыт береді.
2. Транслитерация түпнұсқа тіліндегі оның ережелеріне сәйкес келетін белгінің лексикалық қысқалығын сақтау маңызды болған кезде қажет, сонымен бірге егер аударма тілінде нақты сәйкестік болмаса, тұжырымдаманың ерекшелігін атап өту керек. Транслитерацияны қолданудың орындылығын бағалай отырып, осы ерекшеліктің берілуінің қаншалықты маңызды екенін нақты ескеру қажет. Егер соңғысы қажет болмаса, онда транслитерацияны қолдану мағынаның бұзылуына және ана тілінің ластануына әкеледі.
Транслитерацияланған сөз сирек қолданылған кезде, әсіресе, алғаш рет қазақ тіліне аударылған кезде, түсініктеме және тиісті мәлімет қажет болуы мүмкін. Мысалы: BBC news - ВВС жаңалықтары (BBC News - “BBC” компаниясының жаңалықтар мен ағымдағы оқиғаларды жинауға және таратуға жауапты операциялық бөлімшесі).
Шетелдік атауларға қатысты-нақты немесе ойдан шығарылған адамдардың аты - жөні, географиялық атаулары және т.б. болсын - оларды аудару кезінде дыбыстық ерекшелігі және сәйкесінше оларды жазу туралы мәселе өте маңызды. Егер екі тілде әліпбидің жалпы жүйесі болса (мысалы, батыс еуропалық роман, неміс тілдерінде), олар аудармаларда және түпнұсқа мәтіндерде есімдердің дыбыстық формасын сақтамайды, тек жазылуын дәл дыбыстаумен – транслитерациямен шектеледі.
Кең таралған атауларға немесе қарапайым атауларға қатысты аудармашы түпнұсқадағы дыбысқа жақындау мүмкіндігіне қарамастан, дәстүрлі аударманы басшылыққа алады. Кейде дәстүрлі қазақ емлесі шетелдік атаудың нақты фонетикалық формасына өте жақын болады, Mысалы:



Taliban

Талибан

Syria

Сирия

Afghanistan

Ауғаныстан [2]

Ministry of vaccine

вакцинация министрлігі

laser

лазер

3. Аударма транскрипциясына мысал келтіретін болсақ:



Mark (фейсбук «патшасының» есімі)

Марк

Senetek

Синетек

Dr. Seymour Cohen

Доктор Сеймур Коэн

4. Транслитерация мен транскрипцияның салыстырмасы:



Түпнұсқа

Транслитерация

Транскрипция

Zuckerberg

Цукерберг

Закерберг / Закербёрг

Nike

Найк

Найки

5. Телебағдарлама тілінде географиялық атауларды семантикалық тәсілмен беру біршама кездеседі, яғни транскрипция мен семантикалық аударманың тіркесімі:



River Thames

Темза өзені

the Pacific Ocean

Тынық мұхиты

Hilton Hotel

Хилтон қонақүйі

Aura Restaurant

Мейрамхана Аура

Телебағдарлама тіліндегі оқу орындарының атаулары ішінара немесе толық семантикалық аударма арқылы жеткізілгенін байқауға болады:



Western Michigan University

Батыс-Мичиган университеті;

Stanford Graduate School of Business

Стэнфорд Жоғары бизнес мектебі

North Park University

Солтүстік Парк Университеті

Қорытындылай келе, қоғамдық саяси және ақпараттық тілдік бірліктердің аудармада алар маңызы зор деп нақты айта аламыз. Қоғамдық саяси метофораларды және басқа да тілдік бірліктерді аудару ұлттық болмысты тануға, ұлтаралық қарым-қатынастарды жақсарту мен нығайтуға оң әсер етеді.


Qazaq TV телеарнасының бағдарламаларына талдау жасау барысында қоғамдық саяси және ақпараттық тілдік бірліктердің аударылуының басты бірнеше жолдарының бар екtндігі анықталды. Зерттеу нәтижесінде ең тиімді тәсіл ретінде транскрипция, транслитерация, калькалау әдістері танылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет