Оқылым сұрақтарға жауап беріңіз


Дұрыс/қате екенін табыңыз



бет2/2
Дата08.02.2023
өлшемі18,46 Kb.
#66277
1   2
Байланысты:
1 -тақырып

3. Дұрыс/қате екенін табыңыз.






Дұрыс

Қате

Мәтін достық, жақсы қарым-қатынас туралы.







Меруерт кәсіби суретші.







Меруерт неміс, орыс тілдерінде еркін сөйлейді.







Меруерт отбасының кенжесі.







Меруерт университетте оқып жүріп, әдіскер болып қызмет етті.







Ол бастауыш сыныптарды Алматы қаласында оқыды.







Ол ағылшын тілін үйренгісі келеді.







Ол «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығында жұмыс істейді.







Меруерттің туған екі бауыры бар







Меруерт университетте өте жақсы оқыған.









4. Сөйлемдерді мәтін мазмұнына қарай ретпен орналастырыңыз.
Көңіл күйім мүлде жоқ болған кездері ақ парақпен тілдесемін.
Фотоға түскенді ұнатамын.
Неміс, араб, тілдерін орташа білемін.
Университетті үздік аяқтадым.
Қазір әдіскер қызметін атқарудамын.
Оқуыма қосымша «Дарын» орталығында әдіскер болып жұмыс жасай бастадым.
Қазақ-орыс орта мектебінде бастауыш сыныпта оқыдым.
Тез ашуланып, тез ұмытып кетемін.
Өзім туралы тек қысқаша ғана айтып берейін.
Мен Таукент қалашығында қарапайым отбасында тудым.


5. Асты сызылған сөзге сұрақ қойыңыз.
Қысқаша ғана айтуға тырысайын. ______________________________________
Адамдармен араласқанды жақсы көремін._______________________________
Таукент қалашығында дүниеге келгенмін. _______________________________
Сүйікті істерімді де айта кетейін. __________________________________________
Көңіл күйім болмағанда ақ парақпен тілдесемін. ____________________________


6. Жаттап алып, сөйлеуде қолданыңыз:
Лексикалық минимум
Таныс болайық. Танысайық.
Танысып қой. (Танысып қойыңдар. Танысып қойыңыздар).
Таныс бол. (Таныс болыңдар. Таныс болыңыздар)
Мені құрбыңмен (досыңмен) таныстыршы.
Біз таныспыз.
Мен сізді танимын.
Танысқаныма қуаныштымын.
Келесі кездескенше!
Көріскенше!
Көріскенше күн жақсы!
Амандық болса, тағы кездесерміз!
Ертеңге дейін!
Жолыңыз болсын!
Сәттілік тілеймін!
Жайлы жатып, жақсы тұрыңыз! (Спокойной ночи!)
Қаратпа сөздер
Апай! – обращение к женщине, старшей по возрасту.
Ағай! - обращение к мужчине, старшему по возрасту.
Інішек - Браток!
Жігітім! – Молодой человек!
Қарындас! – обращение мужчин к девушкам или к молодым женщинам.
Сіңлім! – обращение женщин к девушке.
Ата! – обращение к дедушке.
Әже! Апа! – обращение к бабушкам.
Балам! - Сынок!
Қызым! –Доченька!
Қалқам!–ласковое обращение старших к младшим.
Қарағым! – Миленький!
Шырағым! – Светик мой!
Айналайын! –ласковое обращение старших к младшим


7. Берілген диалогтарды тыңдап, кімдердің танысқандығын анықтаңыз.
1.-Кешіріңіз, қарындас, сізбен танысуға бола ма?
-Танысайық.
-Менің есімім - Асқар. Ал сіздің есіміңіз кім?
- Менің атым - Айсәуле.
-Есіміңіз қандай әдемі!
-Рахмет.

2. –Ассалаумағалейкум, ақсақал!


-Уағалейкумассалам, балам! Қай баласың?
-Атым–Арман. Сіздің балаңыздың досымын. Біз бірге оқимыз.
-Өзің қай жерденсің? Әке-шешең кім?
-Мен Көкшетауданмын. Әке-шешем сонда тұрады.
-Руың қандай?
-Руым – найман.
-Өзің бір жақсы бала екенсің. Біздің үйге келіп тұр.
-Рахмет, ата. Уақытым болғанда келіп тұрармын. Сау болыңыз!


8.Берілген сөздерді (6-тапсырмадағы) қолданып, шығын диалогтар құрастырыңыз:
1) екі адамды бір-бірімен таныстырыңыз;
2) қаратпа сөздерді қолданып, бейтаныс адамнан бір мәселе жөнінде сұраңыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет