Өңіріміздегі мектептердің 70% ағылшын тілінде оқымақ Енді еліміздегі жаратылыстану бағытындағы барлық мектептерде «Химия», «Физика», «Информатика»



Pdf көрінісі
Дата19.02.2017
өлшемі277,03 Kb.
#4417

Өңіріміздегі мектептердің 70% ағылшын тілінде оқымақ  

Енді  еліміздегі  жаратылыстану  бағытындағы  барлық  мектептерде 

«Химия»,  «Физика»,  «Информатика»,  «Биология»  пәндері  ағылшын  тілінде 

оқытылатын болады  

Өңір. Өңіріміздегі мектептердің 70% ағылшын тілінде оқымақ  

Ал  бұл  жаңа  бастамаға  Қазақстан  дайын  ба?  Пәнді  ағылшын  тілінде 

жүргізетін мамандар бар ма? Ана тіліміздегі оқулықтардың өзі тапшы болып 

тұрғанда шет тілде кітап шығару біздің қолымыздан келе ме?  



Министрлік не дейді?  

Өңіріміздегі  мектептердің  70%-ы  математика  және  жаратылыстану 

бағытында  оқытылады.  Демек,  облысымызағы  мектептердің  70%-нда 

«Химия»,  «Физика»,  «Информатика»,  «Биология»  пәндері  ағылшын  тілінде 

оқытылатын болады.  

-  ШҚО-да  үш  тілде  білім  беруді  дамытудың  2015-2019  жылдарға 

арналған  кешенді  жоспары  бар.  ШҚО  Білім  басқармасы  жаратылыстану 

бағытындағы  пәндерді  ағылшын  тілінде  оқытуды  ұйымдастыру  үшін 

эксперимент  ретінде  облыстағы  45  мамандандырылған  мектептердегі 

биология,  химия,  физика,  информатика  пәндерінің  мұғалімдеріне  арналған 

біліктілікті  арттыру  курстарын  ұйымдастыруды  жоспарлап  отыр,  -  деді 

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігі  Мектепке  дейінгі 

және  орта  білім,  ақпараттық  технологиялар  департаментінің  директоры 

Жаңыл Жонтаева.  

Ал  әзірге  курстардан  өтпегендерге  тоқталатын  болсақ,  облысымыз 

бойынша жалпы білім беретін мектептердегі 644 химия пәні мұғалімдерінің 

4-уі (1%) ағылшын тілін еркін, 14-і (2%) ауызекі тілде, 335-і (52%) сөздікпен 

меңгерген.  Физика  пәні  мұғалімдерінің  ішінде  ағылшын  тілін  еркін 

білетіндер  жоқ  екен.  19  мұғалім  ауызекі  тілде  сөйлей  алса,  537-сі  сөздіктің 

көмегіне  жүгінеді.  Ал  инфроматика  пәнін  жүргізетін  облысымыздағы  780 

мұғалімнің  жетеуі  ағылшын  тілін  еркін  меңгерген,  537  мұғалім  сөздікпен 

ойын жеткізе алатын болса, 25-і ауызекі тілде өз ойларын білдіре алады. 

 Тіл  білмейтін  ұстаздарға  қайғырудың  қажеті  жоқ.  Олар  арнайы 

курстарға қатысу арқылы ағылшын тілін үйрене алады.  

-  ШҚО  білім  басқармасы  Кембридж  университетімен  бірлесе  отырып 

ағылшын тілін меңгеру бойынша курстар ұйымдастыруды жоспарлап отыр, - 

деп  атап  өтті  Жаңыл  Жонтаева.  Жағымдысы,  тілді  үйренуге  ұстаздарды 

ынталандыру  мақсатында  ма,  әлде  еңбектерін  бағалау  мақсатында  ма 

курстарды 

бітірген 

мұғалімдердің 

жалақысына 

жергілікті 

атқару 


органдардың есебінен қаражат қосылатын болады.  

Кейін тілді меңгерген мұғалімдер оқушыларға термин сөздерді үйретіп, 

ақырындап ағылшын тілін қолданысқа енгізе бастайды. 

 - 2017-2018 оқу жылынан бастап, информатика, биология, физика және 

химия пәндерінен ағылшын тілінде терминология оқытып, сыныптан тыс іс-

шаралар  ұйымдастырып,  элективті  курстар  өткізетін  болады,  -  деді  Жаңыл 

Алпамысқызы.  


Осылайша, Білім және ғылым министрлігі 2022 - 2023 және 2023 - 2024 

оқу жылынан бастап аталған пәндерді толығымен ағылшын тілінде оқытуды 

жоспарлап отыр.  

Математика мен биологияны ағылшын тілінде оқып жүр  

Өскемен  және  Семей  қалаларындағы  дарынды  балаларға  арналған 

мамандандырылған  қазақ-түрік  лицейі,  Дарынды  балаларға  арналған 

мамандандырылған  «Восток»  ғылыми  зерттеу  орталығы  мектеп-кешенінде 

математика мен биология пәндері ағылшын тілінде оқытылады екен. Оқыту 

барысында  қандай  да  қиындықтардың  бары  мен  жоғын  білу  мақсатында 

«Восток» мектебіне барып қайттық.  

Бұл  мектеп  ата-аналардың  бастамасымен  ағылшын  тілін  2000  жылдан 

бері  1-сыныптан  бастап  оқытып  келеді.  Ал  Білім  және  ғылым  министрлігі 

2007  жылы  математика  мен  биология  пәндерін  ағылшын  тілінде  оқыту 

пилоттық жобасын енгізген кезде, «Восток» мектебі жобаға 29 мектептің бірі 

болып қосылады.  

-  Ағылшын  тілін  оқытатын  5  мұғаліміміз  бар.  Екі  мұғалім  математика 

пәнін ағылшын тілінде жүргізсе, биология пәнін бір мұғалім жүргізеді, - деп 

атап өтті аталмыш білім ордасының директоры Людмила Савинова.  

Осы  жоба  аясында  үш  жыл  қатарынан  түлектер  математика  мен 

биология 

пәндерін 

ағылшын 

тілінде 


оқып 

бітірді. 

Ал 

оқыту 


бағдарламасының,  қажетті  әдістемелік  құралдардың  жоқ  болғандығынан 

мектептің  мұғалімдері  арнайы  терминологиялық  жинақты  өздері  жасап 

шығарады.  

-  2007-2008  оқу  жылы  аяқталған  кезде,  ұстаздар  7-сыныптың 

терминологиясын  ағылшын  тілінде  жинақтап  дайындаса,  келесі  жылы  8-

сыныптікін әзірледі. Осылайша, 5 жылдың ішінде 7-11 сыныптарға арналған 

үш тілді терминологиялық жинақ пайда болды, - деді мектеп директоры.  

Математика  пәнін  ағылшын  тілінде  жүргізу  үшін  Гүлбақыт 

Мұсаханова ағылшын тілінің курстарын оқып бітіреді.  

- Бастапқы кезде ағылшын тілінде сабақ жүргізу қиындау болды. Кейін 

үйреніп алдым. Алайда өзімізде шығарылатын оқулықтар жоқ. Сондықтан біз 

сабақты  жүргізу  барысында  «Zam  Bak»  түрік  баспасынан  шығарылған 

оқулықты қолданамыз, - деді ол.  

«Таяқ  екі  ұшты»  демекші  жаратылыстану  бағытындағы  пәндерді 

ағылшын тілінде үйретудің түйіні шешілмеген мәселелері де бар екен.  

-  Бірінші  мәселе,  математика  мен  биология  оқулықтарының  ағылшын 

тіліндегі  нұсқасы  жоқ.  Өйткені,  елімізде  ондай  кітаптар  шығарылмайды. 

Екіншіден,  мектептердегі  үштілділікті  ұйымдастыруға  қатысты  мемлекеттік 

стандарттарды  әзірлеу  қажет.  Үшіншіден,  үш  тілді  білетін  педагогикалық 

кадр  мәселесі  өз  шешімін  әлі  тапқан  жоқ,  -  деп  нақты  айтты  Людмила 

Савинова.  

Кадр даярлауға дайынбыз ба?  

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ информатика, биология, физика және 

химия мұғалімдерін дайындайтын жоғары оқу орны. Сондықтан университет 

түлектерінің  білікті  және  сұранысқа  ие  болғандарын  қалап,  үштілділік 



саясатын  жүзеге  асыруға  қатысты  өздерінің  2015  -  2020  жылдарға  арналған 

кешенді жоспарларын да құрып қойған.  

-  ШҚМУ  үштілділікке  өту  жоспарын  құрды.  Бұл  жоспарға  сәйкес,  әр 

мамандыққа ағылшын тілінің қалай енгізілетіні, оқу-әдістемелік кітаптармен 

қамтамасыз етілуі, және студенттер қандай нәтижемен университеттен түлеп 

шығатындығына дейін қарастырдық, - деді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-

дың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректоры Анар Мырзағалиева.  

Сонымен  қатар,  университет  түлеп  шыққан  түлектерінің  қолына  тіл 

білетіндігін растайтын құжатты табыстауды жоспарлап отыр.  

Қазақ  тіліндегі  «Қазтест»  немесе  «ILS»  бағдарламасының 



сертификаттарын  біздің  түлектерге  табыстау  үшін  университет  келіссөздер 

жүргізетін  болады.  Оның  үстіне  аталмыш  сертификаттар  университеттің 

сертификаттарынан жоғары бағаланады, - деді проректор Анар Базарқызы.  

Студенттерге  ағылшын  тілінде  кәсіби  пәндерден  сабақ  беру  үшін 

оқытушылардың  өздері  тілді  жетік  білулері  керек.  Бүгінгі  таңда 

университетте  оқытушыларға  ағылшын  тілін  үйрететін  арнайы  курстар 

жұмыс  істер  тұр.  2014-2015  оқу  жылында  16  оқытушы  шет  тілін  үйренсе, 

биыл  ағылшын  тілін  үйренемін  деушілердің  саны  25-ке  жетті.  Айта  кету 

керек,  былтыр  курстарды  бітірген  оқытушылардың  басым  көпшілігі  өздері 

таңдап  алған  бір  кәсіби  пәнді  ағылшын  тілінде  оқытып  та  жүр.  Алайда  бұл 

оқытулар 30%-ды емес, шамамен 15%-ды құраған екен. 

 -  Курстар  тек  жаратылыстану  бағытындағы  оқытушыларға  ғана  емес, 

барлық  ұстаздарға  арналған.  Яғни,  кәсіби  пән  жаратылыстану  бағытында 

ғана  емес,  өзге  бағыттағы  мамандықтарда  да  ағылшын  тілінде  жүргізілетін 

болады, - деп атап өтті проректор.  

Университетте  курсқа  қатысатын  ұстаздардың  тіл  білімдерін  дамыту 

мақсатында  аптасына  бір  рет  Назарбаев  интелектуалды  мектебінде  жұмыс 

істейтін шетелдік мұғалімдермен кездесу өткізіліп отырады. Анар Базарқызы 

теорияны оқу бір бөлек, өмірде ойды ауызекі тілде жеткізу бір  бөлек екенін 

атап  өтті.  Сондықтан  мұндай  кездесулер  оқытушылардың  ағылшын  тілінде 

еркін сөйлеп, ойларын еркін жеткізуге көмектеседі деген сенімде.  

Ағылшын  тілінде  сабақ  жүргізу  үшін  оқу-әдістемелік  құралдар  мен 

әдебиеттер керек. Университет бұл тұстарды да қарастырып қойған екен. 

 - Елімізде ағылшын тіліндегі оқулықтар бар. Бірақ аз. Нарықта барын 

біз  сатып  алып  отырмыз.  Сонымен  қатар,  химия,  биология  және  физика 

пәндері  университетімізде  2012  жылдан  бері  жүргізіліп  келеді.  Сондықтан 

кітапханамызда  ұстаздардың  жазған  ағылшын  тіліндегі  әдістемелік 

құралдары, 

кітаптары 

бар, 


деді 


Анар 

Мырзағалиева. 



(сайт «Устинка LIVE», Айым Касембаева / Источник – «Алдаспан» /) 

http://ustinka.kz/kz/kazakhstan+/oblast/-irimizdegi-mektepterdi-70-a-

ylshyn-tilinde-o-yma/

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет