Қоңыржай белдеудің жалпақжапырақты ормандарының флора мен фаунасы
Орындаған: Орынбай Даулет
Жалпақ жапырақты немесе жазғы жасыл ормандар Солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеулерінде біркелкі зона түзе алмайды жән Еуропада, Азияда және Солтүстік Америкада ортақ аумақтық әлсізденген континенталдық алып жатыр. Мұндай типтегі орман-ареалдарында климат салқын, жауын-шашын біркелкі тараған. Қыс мезгілінің климаты континенталдығының дәрежесіне байланысты аязсыз болуы мүмкін немесе қуатты қарлы қабатта тұрақты аязды болады.
Жалпақ жапырақты орманның солтүстік шекарада таралуы, салқын кезеңнің ұзақтылығымен және жазғы жылудың жетіспеушілігмен анықталады. Оңтүстік шекарада негізгі лимиттеуші фактор ылғалдылық болып табылады.
Өсімдігі. Жалпақ жапырақтардың ерекшеліктері (қылқан жапырақтылардан айырмашылығы):
1. Ағаштар үш ярустан тұрады:яруста- емен,шамшат, қызылқайың (Еуропада), жөке ағашы, үйеңкі (Еуропаның шығыс бөлігінде); екінші яруста- алма және алмұрт, үшінші яруста- бұталар өседі;
2. Тамырсабақты, жуашықты, түйнекті өсімдіктер өте көп;
3. Астық тұқымдастардың жапырақ тақталары жалпақ болады;.
4. Ерте көктемде гүлдейтін түрлері өте көп;
5.Мүк жабындылары кездеспейді, эфемерлер дамыған;
6. Ағаштар мен бұталар көп өседі;
7. Орманда: ағаш шырмауық (барқыт), улы шырмауық, жүзім сияқты лианалар өте көп;
8. Жапырақтары қысқа қарай түседі де , осыған байланысты күзде және көктемде орманда екі түрлі құбылыс байқалады. Батыстан шығысқа қарай орманнның түрлік құрамы да өзгереді
Батыс Еуропада ормандар шамшат, қызылқайың және үйеңкіден тұрады. Таулы аймақтарда олармен Еуропа май қарағайы, тисс, қарағай , шырша (Карпатта, Батыс Украинада, Молдавияда) аралас өседі. Бұта өсімдіктерден кең тарағандары; құлпынай ағашы, мәңгі көгеріп тұратын сүйір жапырақ, ұшқат. Шөптесін өсімдіктердің басыдары:бояушөп, бөденешөп, тісшөп, айдаршөп, папоротник. Шамшаттты ормандар Қырым мен Кавказда белгілі бір биік белдеуде кездеседі.
Еуропаның шығыс бөлігінде еменді ормандар тараған, олар Еділ өзеніне дейін азайып, ойдым-ойдым болып келеді. Біздің емендіктер теңізден қатпарлы еменнен және жапырақты үйеңкілер және шетен ағаштардан тұрады.
Шөптесін өсімдіктерден адыраспан, бояушөп, қоңыраубастар, інжугүл және ерте көктемдегі эфемероидтардан: бәйшешектер, сарыжелайлар, айдаршөп, өсімдіктер кездеседі.
Ортадан шығысқа қарай жапырақты ормандарды негізінен қайың мен теректер құрайды. Ормандар тұтас жоғары ағашты, төменгі ағашты , қатты кесіліп тасталған қабаттармен сипатталады. Көптеген жалпақ жапырақты жыныстар тамырлы және түбірлі бұталар береді. Орманның моно-, олиго-, полидоминантты түрлері бар. Лиан аз мөлшерде кездеседі, бірақ кейбір аймақтарда (Шығыс Азия, Солтүстік Америка атлантикалық орманның оңтүстік бөлігі) кеңінен таралған. Шөп қабаттар экологиялық жағдайға байланысты әртүрлі көпжылдық түрлерден пайда болады.
Еуропалық жалпақ жапырақты орманадар флоралық түрде ең кедей және құрылымның байланысы бойынша өте қарапайым. Түпкі ормандар мүлдем сақталмаған. Негізгі орман құрушылар- емен, шетен, талшын түрлері өте шектеулі.
Азия орманының ерекшелігі ағаштың, бұтаның және шөптің керемет бай түрлерімен сипатталады, олардың кейбір бөлігі ежелгі түрлерге жатады. Еуропалық ормандармен салыстырғанда, оларда лиан және қырыққұлақ эпифиттердің рөлі жоғары.
Солтүстік Америкада жалпақ жапырақты ормандар континенттінің шығыс бөлігінде ғана таралған. Шығыс Азия және Солтүстік Америка ормандардың арасында белгілі бір ұқсастықтар бар. Ағаштардың доминанттылғында емен, үйеңкі, шетен, шегіршін, шынар, жаңғақ,қызғалдақ ағаш түрлері және т.б. жатады. Ормандар жоғары дәрежеде Аппалачтың оңтүстік –батыстау бөктерінде және өзен жағалауларында таралған.