Оқыту 2 форматта өтеді: синхронды мұғалім видеоконференция ұйымдастырып, оқушылармен тікелей эфирде сабақ өткізеді; асинхронды мұғалім дайын онлайн курстар, презентациялар, оқулықтар мен мультимедиа материалдарын оқуға береді



бет5/5
Дата31.12.2021
өлшемі24 Kb.
#23096
1   2   3   4   5
Kitap.kz
 Онлайн- кітапхана http://kitap.kz/

«Қазақстанның ашық кітапханасы» — ұлттық әдебиетіміз мен отандық ғылымның, өнеріміз бен сан-саладағы шығармашылық өкілдеріміздің жәдігерлерін заңды негізде бір жерге жинақтап, насихаттауды мақсат ететін онлайн жоба. Сайт тек қазақ әдебиеті шығармаларымен ғана шектеліп қалған жоқ, осы кезеңге дейін қазақ тіліне аударылған шетел әдебиетінің де көрнекті туындылары оқырман назарына ұсынылуда. Қазақстанның ашық кітапханасының қорында мектеп бағдарламасындағы «Қазақ әдебиеті» пәнінде оқытылатын 130 автордың 1500-ден аса шығармасын қамтыған аудиохрестоматия да бар. Осылайша оқырман туындылардың аудионұсқасын тыңдай алады. Іздеген шығармаңызды автор бойынша да, шығарма атауы бойынша да іздеп таба аласыз. Басты беттегі «Видео» бөлімі: «деректі фильм», «көркем фильм», «мультфильм», «алтын қор», «тәуелсіздікті жырлаймын», «театр», «сүйікті шығармаңды тыңда» деген 7 бөлімнен тұрады. Әр бөлімнен өзіңізге қызықты дүниені таба аласыз.



 iTest ҰБТ-ға дайындайтын электронды оқыту кешені. Бұл жоғары сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындалуға арналып жасалған электронды тренажер (жаттықтырғыш). Мұнда берілген тест тапсырмаларын дайындауға ҰБТ-ға жауапты ресми мекеменің іріктеуінен өткен кеңесші-әдіскерлер мен оқытушылар қатысты. iTest әр пәнге арналған ондаған нұсқасы бар, көп деңгейлі тест тапсырмаларынан тұрады. iTest осы ресурсқа арнайы жасалған, бірегей сұрақтар базасына ие. Қазіргі уақытта деректер қоры қазақ тіліндегі шамамен 15 мыңнан астам сұрақтан және орыс тіліндегі 10 мыңнан астам сұрақтан тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет