Wikipedia — жалпыға қолжетімді көптілді әмбебап интернет-энциклопедия.
YouTube — қолданушыларға бейнематериалды сақтау, жеткізу, көрсету және қаржы көзіне айналдыру қызметтерін ұсынатын сайт.
Khan Academy — математика, тарих, денсаулық сақтау және медицина, физика, химия, биология, астрономия, экономика, космология, органикалық химия, америкалық азаматтық негіздер, өнер тарихы, макро және микроэкономика және компьютерлік ғылымдар бойынша 4200-ден астам тегін шағын дәрістер топтамасы.
Мұғалімдерге арналған бірнеше пайдалы ресми ресурс бар, бұл сайттар мыналар:
1)Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі: http://www.edu.gov.kz
2)Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті: http://www.educontrol.kz/ru
3)Білім беруді ұйымдастыру порталы: https://e.edu.kz
4)Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы: http://tesecenter.kz т.б.
Сондай-ақ мынандай білім беруші әдістемелік ресурстары бар:
1)«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы — http://www.orleu-edu.kz/
2)Қазақстан мұғалімдерінің интернет-қоғамдастығы http://pedagog.kz/
3)Қазақстанның шығармашыл мұғалімдерінің сайты http://sabak.ucoz.org/
Сондай-ақ, мұғалімдер мен оқушыларға арналған көптілді білім беру порталы — bilimland.kz.
Bilim Media Group білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы жетекші компаниялардың бірі. Электронды оқыту мен электронды басылымдарды әзірлеп ұсынушылар. Яғни келесі ресурстарды ұсынады: BilimLand, iTest, iMektep, Kitap.kz және Twig-Bilim жаңа ресурсы.
BilimLand – электрондық оқытудың әлемдік көшбасшыларының жетістіктеріне негізделген көптілді, әмбебап білім беру платформасы. Мазмұны бойынша ең жаңа, заманауи контенттің ең үлкен топтамасы. Қазақстан Республикасы Жаңартылған мазмұн бағдарламасы негізінде оқытуды дербестендірудің қолға алынуы білім сапасына жаңа талаптар қояды. BilimBook-те жаратылыстану-математикалық пәндер негізін оқушыға терең меңгертетін, өз бетінше ойлауын, танымдық белсенділігін арттыратын білім берудің дамыған жаңа моделдеріне негізделген математика, химия пәндері бойынша шамамен 2000 интерактивті сабақ қамтылған. Цифрлық ресурстардың басты жаңашылдығы – заманауи сабақ беру және оқытудың негізгі принциптеріне қол жеткізуге ыңғайлы жағдай жасауы. Оқушының интерактивті іс-әрекеті арқылы оқытуды дербестендіру нәтижесінде оқу пәнін меңгеруде максималды жетістікке жету көзделеді. Сондықтан алдағы жаңа оқу жылында сайтта химия және математика курстары болады.
Достарыңызбен бөлісу: |