Оқыту қазақ тілінде емес
3 сынып СОР қазақ тілі орыс сыныбы
АйтылымЖұптық жұмыс 2. «Музыкалық аспаптар» тақырыбында диалог құрастыр. Тірек сөздерді қолдан. Тірек сөздер: домбыра, қобыз, баян, ішекті аспаптар, үрмелі аспаптар, ұлттық аспап, саз балшықтан, ағаштан, ән, күй, концерт. [4] Балл қою кестесі
Оқылым1. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында. Бүгін жексенбі, демалыс күн. Самал радиодан ән тыңдап отыр. Роза Рымбаева концерт беріп жатыр. Қазір Роза ән салып тұр. Розаны халық ұнатады. Ол – атақты әнші. Самал Розаның әнін үнемі тыңдайды. Ол Розаны жақсы көреді. Іс-әрекеті бойынша мәтіннің кейіпкерлерін анықта. Кейіпкердің атын жаз. Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастыр. _______________________________________________________________________• Мәтін қай жанрда жазылған? ______________________________________________ [4] Балл қою кестесі
Жазылым2. Оқыған мәтіннің мазмұнын жаз. Тірек сөздерді қолдан. Тірек сөздер: демалыс, радио, ән тыңдау, Роза Рымбаева, концерт, ұнату, атақты әнші, жақсы көру. [4] Балл қою кестесі
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады. Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады. Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады. Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет. Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек. жүктеу/скачать 1,25 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |