Оќыту јдістерін тиімді ќолдану арќылы мектепте математикалыќ білім беру


І-БӨЛІМ. ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНДА ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ҚАРАСТЫРЫЛУ ЖАЙЫ



бет4/23
Дата06.01.2022
өлшемі273 Kb.
#13647
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
курсовой матем

І-БӨЛІМ. ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНДА ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ҚАРАСТЫРЫЛУ ЖАЙЫ.


    1. Оқыту әдісі” ұғымының мән-мағынасы.

Оқыту әдісі - дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістерін тиімді творчестволықпен жүзеге асыруына байланысты. Оқыту әдісі ақыл-ой, санаға байланысты. Онсыз ешқандай оқыту әдісі жоқ. Осыған орай индукциялық (жалқыдан-жалпыға), дедукциялық (жалпыдан-жалқыға) әдістердің орны бөлек. Бұл жерде анализ (талдау), синтез (жинақтау), салыстыру, дифференцация, интеграция арқылы оқыту білімінің мазмұнын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.

Оқыту әдісі арқылы білім алу қоршаған ортаға, әлеуметке, табиғатқа байланысты. Ал табиғатты, қоршаған ортаны, әлеуметті қарым-қатынас арқылы білеміз. Сонымен педагогикалық оқыту әдістеріне нәр беретіндер немесе табиғи негіздер: ғылыми таным, күнделікті таным, ақпарат алмасу болып табылады. Осылар баланы, ұстазды ойға жетектейді, оқыту әдістерін пайдалануға, қоршаған ортаны, әлеуметті, табиғатты зерттеуге итермелейді. Шәкірт ұстаз берген білімді күнделікті өмірдегі таным арқылы қабылдайды: табиғатты, өмірді бақылау, мақал-мәтелдің, күнделікті тәжірибе, кемшіліктер мен жетістіктер, соқыр сезім, болжау т. б. Мұндай таным балаға жақын. Бала өмірін танымның осы түрінен бастайды.

Ғылыми таным арқылы баланы оқыту әдістері өте күрделі. Мұнда да бақылау, ақпарат, талдау, болжау, алдыңғы қатарлы тәжірибені жинақтау т. б әдістер қолданылады. Бірақ бұл ғылыми тұрғыда. Ақпарат алмасу, пікір-сайыс, пікір-талас, қарым-қатынаста ұстаз баланың жас және дербес ерекшеліктеріне байланысты ғылыми таным мен күнделікті танымнан пайда болған ой-санасын сараптап жүйеге түсіреді. Осының нәтижесінде ұстаз бен шәкірттің оқыту, оқу қарым-қатынасы пайда болып, оқыту әдістері айқындалады.

Дидактикалық түрде негізделген оқыту әдістері танымдық қатынастың жолдары арқылы күнделікті танымдық әдістер мен ғылыми танымдық әдістерді байланыстыру арқылы іске асады. Жаңашыл ұстаздар осы тұрғыда жұмыс істейді. Мысалы, С.Н.Лысенкова: ”Оқушының таным процесінде оған көмектесу керек, сонда ғана оқушы ары қарай білімді игеруге мүмкіндік алады,” - дейді.

Волков И.П. еңбек сабағында пәнаралық байланысты ұтымды пайдаланып, теория мен тәжірибені ұштастырады. Шаталов В.Ф. оқытуды ірі блоктар арқылы іске асырып, тірек сигналын пайдаланады. Жаңашыл ұстаздар күнделікті таным процесінен ғылыми таным процесіне немесе ғылыми таным процесінен күнделікті таным процесіне ауысып оқушыларды үйретудің тиімді жолдарын іздестіреді, яғни индуктивті-дедуктивті, дедуктивті-индуктивті әдістерді пайдаланады.

Дегенмен оқыту әдістерінің өзінше қолайлы етіп таңдаудың теориялық қағидалары, іске асыру жолдары бар. Олар:


  • әдістердің оқыту заңдылықтары мен принциптеріне сәйкестігі;

  • әр әдістің педагогикалық, психологиялық тиімділігі, атқаратын қызметі. Мысалы, әңгіме әдісін баланың сана-сезімін қалыптастыруға қолдансақ, түсіндіру әдісін баланың логикасын, ал прблемалық ситуацияны баланың ой-өрісін дамытуға қолданамыз.

  • әдістің ұстаз бен шәкірт қызметтестігін ұйымдастыруға бағыттылығы: қарым-қатынас, іс-әрекет, оқып-үйрену, үйрету.

  • әдістің оқушылардың жас және дербес ерекшелігіне сәйкестігі: сөйлеу, ойлау, өмір тәжірибесі, эмоционалдық дамуы, ес, қабілет т.б

  • әдістің ұстаздың жалпы мәдениетіне, қабілетіне, дайындығына, білімділігіне, шығармашылық және әдістемелік деңгейіне, жеке басының қасиетіне байланысты.

  • әдістің оқытудың түріне байланысты. Мысалы, лабораториялық сабақтарда нұсқау, тапсырма, кеңес беріп, тексеріп қорытындылауға болады.

  • әдістердің өзара байланысында. Мысалы, лекцияда әңгіме, иллюстрация, демонстрация әдістері қолданылады.

Оқыту әдістерінің нәтижелі қолданылуы ұстаздың шығармашылығына, шәкірттердің білімге деген құштарлығына байланысты. Оқыту әдістерінің атқаратын қызметі ұстаз бен шәкірт қызметтестігінен туындап, шәкіртке білім-тәрбие береді. Оқыту әдістері мен оларға білім беруді ұйымдастырып дүниетанымын қалыптастырады.

Жалпы оқыту әдістерінің өзіне тән тарихы бар, оған үлес қосқандар да баршылық. 20-жылдары Ресейлік Б.Е.Райков, К.И.Ягодовский, М.М.Пистрак оқытудың түсіндірме, практикалық, еңбек, эвристикалық, зерттеу, лабораториялық әдістерін ұсынды. 30-жылдары Ресейлік М.М.Пистрак, И.Н.Щимбириев, И.Т.Огородников оқытудың жаңа әдістерін: әңгіме, әңгімелесу, көрсету, демонстрация, лекция, кітаппен жұмыс, лабораториялық жұмысты ұсынды. 50-жылдары Д.О.Лордкипанидзе әдістерді топтастырып үш түрін берді: сөздік, кітаппен жұмыс, оқыту-практикалық. 60-жылдары Е.Я.Голант, С.Г.Шаповаленко, Н.М.Верзилин білім көзін негізге алып, оқыту әдістерінің жаңа жіктеуін енгізді: сөздік, көрнекілік, практикалық. И.А.Данилов пен Б.П.Есипов әдістер классификациясын (жіктеп-топтау) жасағанда оқыту процесінде іске асырылатын дидактикалық міндеттерді негіз етіп алды: жаңа білімді меңгеру, білікті, дағдыны қалыптастыру, білімді қолдану, бекіту, шығармашылық іс-әрекетін дамыту. Дидактикаға оның ішінде оқыту әдістеріне үлес қосқандар: С.Т.Шацкий, Н.А.Менчинская, В.В.Краевский, М.И.Махмутов, А.Н.Алексюк, В.Ф.Паламарчук, В.И.Паламарчук, С.Г.Шаповаленко, А.Н.Леонтьев, Г.И.Щукина, И.Д.Зверев, М.Н.Скаткин, Ю.К.Бабанский, Б.Т.Лихачев, И.Ф.Харламов, Р.Г.Лемберг, Н.А.Сорокин т.б.

Оқыту әдісі - дидактиканың ең басты құрамды бөлімінің бірі. Оқыту әдістері, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістерін тиімді шығармашылықпен жүзеге асыруына байланысты. Оқыту әдістері бүгінгі күні көп өзгерістерге ұшырап отыр. Олар: ”Оқыту әдістері дегеніміз - оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, соның арқасында білім, білік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүниетанымдығы мен қабілеттілігі артады.” (Педагогикалық энциклопедия. М, 1965 ж).

“Оқыту әдістері деген - мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.”(Г.И.Щукина).

“Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекет арқылы білім алуы.”(И.Д.Зверев).

“Оқыту әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.”(Ю.К.Бабанский).

“Оқыту әдістері дегеніміз - баланың танымдық қызметін ұйымдастыру барысында ұстаз шәкіртпен, шәкірт шәкіртпен, шәкірт қоршаған ортамен байланыста бола тұрып, оның ақыл-ойын, бар мүмкіншілігін дамыту, жетілдіру.”(Лихачев Б.Т).

“Оқыту әдістері - ұстаз шәкірттің оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру арқылы әр түрлі дидактикалық мәселелерді шешіп балаға қажетті білімді игерту, жетілдіру, дамыту.”(Харламов И.Ф).

Дегенмен осындай анықтамалардың көптігіне қарамастан олардың арасында принциптік қарама-қайшылық жоқ. Бәрінің негізінде оқу, оқыту процесінде ұстаз бен шәкірттің қарым қатынасы және сонда қолданылатын әдіс, тәсіл, іс-әрекеттер жатыр. Сонымен оқыту әдісі шәкірттердің білімді меңгеру және олардың дамуы мен тәрбиесіне бағытталған шәкірт пен ұстаз арасындағы бірлесіп жүргізілетін іс-әрекеттін субьекті-субьектілік қарым-қатынас құралдары ретінде анықталды.

Оқу материалын оқушылардың санасына қалай жеткізу керек? Балалар білімді, біліктер мен дағдыларды игере алуы үшін олардың белсенді танымдық қызметін қалай ояту керек? Бұл мәселелерді мұғалім сабаққа даярланғанда күн сайын шешуіне тура келеді. Бұлардың бәрі қалай болған күнде де оқытудың мейлінше тиімді әдістерін іздестіруге байланысты болады. Оқыту әдістері деп нені түсіну қабылданған? Оқыту әдістері ұғымының мазмұнын анықтауда құрал, жол, тәсіл сөздерін пайдаланудың синонимдік жағынан педагогикалық әдебиеттерде әртүрлі көзқарастар байқалады. Бұл сөздер бір-біріне жақын, бірақ әрқайсысының өзіне тән не мағыналық, не қолдану ерекшелігі бар сөздер. Құрал - дидактикада дербес терминологиялық мәні бар сөз. Мысалы, дидактикада қолданатын құралдар оқыту жабдықтары, оқыту ақпаратының көздері (оқытудың техникалық құралдары, оқулықтар, оқу құралдары, көрнекі құралдар т.б.).

Оқыту әдісі дегеніміз - гректің “методос” айтып беру деген сөзінен туындаған. Ол оқушы мен оқытушының сабақтағы жұмыс тәсілі дегенді білдіреді. Педагогикалық энциклопедияда: ”Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, білікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүние танымы қалыптасады, қабілеттер дамиды”- жазылған.

Демек, оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған, өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика тұрғысынан түсіндіру жалпы философиялық анықтамаға сай келеді. Әдіс дәл жалпы мағынасында мақсатқа жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері. Сонымен, оқу әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.

Оқыту әдістері ғылыми таным әдістеріне байланысты, өйткені оқытуда ең бастысы оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістерінің ерекшелігін анықтайды. Бұл ережелер: оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері практика мен теорияны жақындастырады; оқыту әдістері шындықты тануға әрекет жасайды; идея нақты өмір мәліметтерінен қорытылады. Осы ережелердің бәрі оқушылар көзқарасының қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады. Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.

“Оқыту әдісі “ және “Әдістемелік тәсіл” ұғымдары бір-бірімен тікелей байланысты. Әдістемелік тәсіл оқыту әдісінің элементі (компоненті, құрамды бөлімдері). Мысалы, жеке сөздерді түсіндіру, суреттерді демонстрациялау т.б. “Әдіс” пен “тәсілдің” шекарасы өте жылжымалы, құбылмалы, сондықтан олардың шекарасын анықтау өте қиын. Өйткені, әдіс кейде тәсілге, ал әдістемелік тәсіл оқыту әдісіне айналады. Мысалы:

1.Егер мұғалім баяндау процесінде суреттерді демонстрациялап көрсетсе, онда демонстрация әдістемелік тәсілге жатады.

2. Оқушылар зерттеу негізінде суреттер мен танысып, тақырып бойынша нақты білім алса, онда суреттерді демонстрациялау әдіске, ал баяндау тәсілге жатады.

3. Лабораториялық сабақтың мәнін және мағынасын анықтайтын әңгіме әдістерінде қолданылады.

4. Егер оқушылар лабораториялық тапсырманы өз бетінше орындауға кіріссе, ал мұғалім сол дербес жұмыс процесінде тек әңгіме элементтерін қолданса, әңгіме тәсіл ретінде пайдаланылады. Әдіс және тәсіл педагогикалық ұғым. Олар жеке пәндерді оқытқанда қолданылады. Мысалы, тарих сабақтарында хронологиялық әдіс, арифметикада бүтін (тұтас) сандар әдісі, химияда және физикада лабораториялық, практикалық жұмыстар қолданылады.

Оқыту әдістері мен тәсілдері жайындағы зерттеу мәліметтері мұғалімдер арасында әлі де бірыңғай түсініктердің жоқтығын көрсетті. Әдіс және тәсіл туралы сіздің түсінігіңіз қалай деген сұраққа жауап берген мұғалімдердің 40 проценті әдіс, әдістемелік тәсілмен теңдес, бұл екі ұғым бірдей деп түсіндіреді. Бұған қарағанда, әдістер мен тәсілдер туралы кейбір мұғалімдердің педагогикалық ғылымның соңғы жетістіктерінен таныс емес екені байқалады. Сондықтан мұғалімдердің білімін көтеру жүйесінде бұл проблемаларға ерекше көңіл аударылуы қажет. Оқытудың нәтижесі әдістерге тәуелді болады. Әдістер мұғалім іс-әрекетінің жасампаздығын, тиімділігін, оқу материалының игерілуін және оқушының қоғамдық мәні сапаларының қалыптасуын анықтайды. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың, әсіресе алты жасарлардың ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, әсемдікке көзқарасын және денесінің даму міндеттерін жүзеге асыру оқыту әдістеріне тәуелді болады.

Оқыту әдісі - оқу материалын хабарлау және балалардың оны игеруіне бағытталған іс-әрекет тәсілі. Бұл - оқыту әдістерінің бір жағы ғана. Дегенмен оқушылардың танымдық іс-әрекеті күрделі және диалектикалық қарама-қайшылықты болады. Мұғалімнің танымдық іс-әрекеттерінің тәсілдері оқушылардың өздігінен ойлау іс-әрекеттерінің сипатын анықтамайды. Мұғалімнің ұсынатын таным жолы оқушылардың соған лайықты танымдық іс-әрекетінің нақты бағыттары мен жағдайларын жасайды. Балалардың оқу материалын игеру тәсілдері мен оқыту тәсілдері тепе-теңдікте бола бермейді. Сондықтан да оқытуда оқушылардың танымдық іс-әрекет тәсілдері де сипатталады. Олар оқыту тәсілдеріне тәуелді және солар арқылы анықталады, бірақ олрдан бөлек болады. Сондықтан педагогикада оқыту әдістері жөнінде айтқанда ол оқу міндетін шешуге бағытталған тәсілдер, мұғалім жұмысының тәсілдері және оқушылардың танымдық іс-әрекетінің тәсілдері ретінде айтылады.

Оқыту әдістері білім беру мақсаттары мен мазмұнына тәуелді болады. Оқыту әдістері оқу пәнінің мазмұнында айқындалған ғылыми ойдың логикасына тәуелді жағдайда болады. Оқыту әдістерінің психологиялық негіздемелері бар. Жасынан қарай білімді игеру мен оқушының қоғамдық мәнінің даму мүмкіндігін оқыту мен оқу тәсілдеріне елеулі ықпал жасайды. Оқушылардың ойлау іс-әрекеті мен олардың қоғамдық мәндерінің қасиеттерін терең түсіну оқытудың тиімдірек тәсілдерін табуға мүмкіндік береді.

Оқыту әдістері дамып келе жатқан организмнің анатомиялық, физиологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне тәуелді. Оқушылардың таным іс-әрекетін ұйымдастыру процесінде олардың жасына сай биологиялық дамуын есепке алған жөн. Себебі бұған жұмыс істеу қабілетін, шаршауы, жасампаздық күйі, денсаулығы, мектептегі гигиеналық жағдай сияқты оқыту компоненттері тәуелді болады. Оқыту әдістері педагогикалық теориядан туындауы керек. Бірақ оқыту әдістері пратикада пайдаланылмаса, практикадан тыс қалса, өз мәнін жояды. Практиканың бағыттылығы оқыту әдістерінің қажетті, елеулі жағы. Оқыту әдістерінде педагогикалық теория терең және ғылыми болса, соғұрлым оқыту әдістері тиімді болады.

Оқыту әдістеріне оқыту мен оқудың қалыптасқан дәстүрлі елеулі ықпал жасайды. Педагогика ғылымы мектеп пен мұғалімдер жұмысының озат тәжірибесін жинақтайды, дәстүрлі оқытудың ғылыми негіздерін ашады, тиімдірек әдістерді жасампаздықпен ізденуде көмектеседі. Оқыту әдістеріндегі басты нәрсе оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту функцияларын жүзеге асыру. Өзінің құрылымы жағынан әдіс танымдық оқу іс-әрекетінің табиғатын, әлеуметтік, психологиялық, анатомиялық және физиологиялық, санитарлық-гигиеналық және басқа да өзара байланысты жақтарының жиынын көрсетеді. Танымдық оқу іс-әрекетінің бұл жақтары оқу міндетіне, материалдың мазмұнына, мұғалімнің даярлығына, қалыптасқан оқыту дәстүрлеріне, оқу процесінің педагогикалық және методикалық негіздемесіне тәуелді оқыту әдістерінде әр түрлі берілген.

Оқыту әдісінің педагогикалық мазмұны әдістің құрылымына енетін компоненттер мен барлық жақтардың диалектикалық бірлігін беру және сақтау болып табылады. Әдіс өзінің құрылымына енетін әрбір компоненттің оқытудың білім беру, тәрбиелеу және дамыту функцияларын жүзеге асырудағы орны, мәні және мүмкіндігі анықталғанда ғана, шын мәнінде, педагогикалық болады. Мұндай бірлікті оқытудың мәні, принциптері мен әдістерінің өзара байланысы қамтамасыз етеді.

Оқыту процесінде оқушылар мен қарым-қатынастағы, ғылыми және оқу әдебиеттерін оқып зерттеудегі мұғалімнің әрбір қадамы дүниенің өзін тануды және оны адамның тану процесін түсінуді тереңдетеді. Тәжірибеде бұл оқыту әдістерін жетілдіруде, оқушының танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және оны басқару тәжірибесінің жинақталуында көрінеді. Әдістің диалектикалылығы оқыту процесінде оны шексіз жетілдіру мүмкіндігін береді. Оқыту процесінде әдіс-тәсілдерді қолдану өте ерте кезден бастап педагогтарды толғандырып жүрген мәселе.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет