Зерттеу обьектісі - Мектептегі математиканы оқыту процесі.
Зерттеу пәні – Ортта мектеп математикасын оқыту барысында оқыту әдістерін үйлесімді қолдану.
Зерттеу әдістері:
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге шолу;
оқулықтар, бағдарламалар, білім мемлекеттік стандартты талдау;
байқау, бақылау, оқыту әдістерін салыстырмалы талдау;
тәжірибе және оның нәтижелерін қорытындылау.
Зерттеу жұмысының базасы:
Сонымен, біздің зерттеу жұмысымыз: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейкестілігі, мақсаты, міндеттері, обьектісі, пәні, зерттеу әдістері айқындалды.
Бірінші тарауда педагогика ғылымында оқыту әдістерінің зерттелуі, қалыптасуы және оларды топтастыру мәселелері, сонымен бірге оқыту әдістеріне жалпы сипаттама жасалған.
Екінші тарауда математиканы оқыту барысында оқыту әдістерін үйлесімді қолданудың жолдары және оның критерийлері көрсетілген және орта білім беретін мектеп математикасын оқыту барысында оқыту әдістерін үйлесімді қолданудың озат педагогикалық тәжірибесі мен өз тәжірибем мысалдар арқылы көрсетілген.
Қорытындыда орта мекткпте математикалық білім берудің өзіндік ерекшелігін және математика пәнінің табиғаты, өзіндік орны мен мақсатына сәйкес, осы пән бойынша орта сыныптың сабақтарында “түсіндіру,” “түсіндірме,” “әңгіме,” “әңгімелесу,” “проблемалы баяндау,” “ішінара іздену немесе эвристикалық әңгімелеу” сияқты әдіс түрлері қолданылып келе жатқаны тұжырымдалады.
Достарыңызбен бөлісу: |