Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Мирас университеті
СӨЖ
Тақырып: "Оқыту әдістерінің жіктелуі."
Орындаған: Әсен Аружан
Тексерген: Жолдасбеков Абдиманап
Шымкент 2024
Жоспар
І. Кіріспе ..................................................................................................... 3
ІІ. Негізгі бөлім .......................................................................................... 4
ІІ.1.Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым. Оқыту әдістері және оларды жіктеу проблемасы................................................ 4
ІІ.2. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру туралы көзқарасқа сүйеніп жіктелген әдістер ......................................................................... 13
ІІ.3. Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру әдісі. Ынталандыру
әдісі ............................................................................................................. 16
ІІІ. Қорытынды ........................................................................................... 23
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ................................................................. 24
Оқыту «әдістері» мен «тәсілдері» ұғымдары және оқыту әдістерінің жіктелуі. Жалпы алғанда әдіс (метод) — «methodos» деген грек сөзінен шындыққа жету жолы, тәсілі деп аударылады. Оқыту әдісі ұғымы дидактикалық мақсаттарға сәйкес оқыту үдерісінде мұғалімнің оқу жұмысы мен оқушылардың танымдық іс-әрекеті жолдары байланыстырыла шешілетін оқу іс-әрекеті міндеттерін бейнелейді. Демек, оқыту әдістері — оқыту міндеттерін, яғни дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған мұғалімдер мен окушылардың біріккен іс-әрекеті жолдары болып табылады. Сонымен бірге дидактикада оқыту «тәсілдері» ұғымы кеңінен қолданылады. Тәсіл — әдіс элементі, оның кұрамды бөлігі, бір реттік әрекет. Оқыту үдерісінде әдістер мен тәсілдер әр түрлі құрамда қолданылуы мүмкін.
Оқыту әдістері — күрделі, көп жақты, көп сапалы құбылыс. Окыту әдістері арқылы объективтік заңдылықтар, мақсаттар, мазмұн, принциптер, оқыту формалары бейнеленеді. Оқыту әдістері оқу-тәрбие үдерісінде үйретуші, дамытушы, тәрбиелеуші, ынталандырушы (мотивациялық) және бақылаушы-түзетуші кызметтерді атқарады. Әдістер көмегімен оқыту мақсаты жүзеге асырылады, яғни бұл — үйретуші функцияның байқалуы, оқушылардың даму деңгейі мен қарқыны қамтамасыз етіледі — дамыту функциясы, сол сияқты тәрбие нәтижелерінің анықталуы — тәрбиелік функцияның жүзеге асырылуы болып табылады. Әдістер мүғалім үшін оқушыларды оқуға үмтылдырушы құрал ретінде қолданылады, ал кейде танымдық іс-әрекетті ынталандыру қызметін атқарады. Бұл оның ынталандырушы рөлін атқаруы.
Достарыңызбен бөлісу: |