Оқыту әдістерінің жіктелуі



бет8/8
Дата25.09.2024
өлшемі311,21 Kb.
#145722
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
сро 2-тема

ІІІ. Қорытынды
Қазіргі кезде педагогика ғылымы мен практикасында колданылатын оқыту әдістері өте көп. Мұғалім оқыту әдістерін кеңінен қолдана білуі үшін оларды белгілі бір жүйеге келтірудің мәні зор. Сондыктан оқыту әдістерінің жіктелу ерекшеліктерін қарастырайық. Оқыту әдістері әр түрлі негіздерге байланысты жіктеледі. Ең алғашкы кезде мұғалімнің жұмыс әдістері (әңгіме, түсіндіру, әңгімелесу) және оқушының жұмыс әдістері (жаттығу, өзіндік жұмыс) деп бөлінді. Кейіннен білім алу көздеріне байланысты оқыту әдістерінің жіктелуі кеңінен қолданылды. Білім алу көздері бойынша жіктелетін оқыту әдістері:
а) сөздік әдістер (білім ауызша немесе жазбаша сөздерден алынады);
б) көрнекілік әдістер (білім көзі рөлін пәндер, құбылыстар, көрнекілік құралдар атқарады);
в) практикалық әдістер (білімдер мен біліктерді практикалық әрекеттерден алады).
Окыту әдістерінің тағы бір тобын дидактика мамандары М.А. Данилов пен Б.П. Есипов олардың атқаратын қызметіне қарай жіктейді:
• білімдерді алу;
• біліктер мен дағдыларды қалыптастыру;
• білімдерді колдану;
• жасампаздық іс-әрекет;
• бекіту;
• білім, білік, дағдыларды тексеру.
Келесі оқыту әдістері тобын танымдық іс-әрекеті сипатына карай И.Я. Лернер мен М.Н. Скаткин былайша анықтады:
• тусіндірмелі-иллюстративтік (ақпараттык-рецептивтік);
• репродуктивтік;
• проблемалық баяндау;
• жекелеген-ізденістік; (эвристикалық);
• зерттеу.
Дидактикалық мақсаттар бойынша Г.И. Щукин мен И.Т. Огородников оқыту әдістерін екі топқа бөледі: 1) оқу материалын алғашқы меңгеруге әсер ететін әдістер; 2) алынған білімді бекіту мен жетілдіруге әсер ететін әдістер. Оқыту әдістерінің тағы бір тобын — сабак беру әдістері мен оқу әдістерін біріктіре қарайтын бинарлық жіктемесін М.И. Махмутов анықтады.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
1. https://kitaphana.kz/refkaz/236-pedagogika/3253-okity-adisi.html
2. https://kznews.kz/bilim/qazaqsha-referat-oqytu-adisteri-men-quraldary/
3. М.Жұмабаев. Педагогика. - Алматы: Ана тілі,

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет