Оқу жетістіктерін тексеру әдісіне мысал келтіру
Білімді тексеруге қойылатын талаптар:
• тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді.
• әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.
• оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру – білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды.
• оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;
• білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;
• байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;
• мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;
• бағаны әділ қойылуы;
• оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
• әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;
• бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі.
7-билет
Тиімді оқытудың түрлері. Саралау
Тиімді оқытудың бірнеше түрі бар. Олар белсенді оқыту, бірлескен оқу, саралау, пән аралық байланыс, оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, оқу әңгімелері, электронды оқу және жаңа технологияларды пайдалану.
Оқытудың тәсілдері былайша бөлінеді:
• жеке ( бір ғана оқушымен жұмыс істейді); • жеке –жұптық (оқушы- оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, қазіргі жағдайда оқушымен қарым-қатынасы жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметі мен айқындалады ); • жеке-топтық топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады ((оқытудың бұл түрі орта ғасыр мектептерінде қолданылған). • Өзара бірлесіп оқыту, (аталған оқыту жүйесі Англияда пайда болған,атауы-беланкастер жүйесі); • Саралап оқыту, оқытудың бұл түрі оқушылардың қабілетіне қарай өтіледі (мангейм жүйесі); • Бригадалық оқыту,тапсырманы бригада алады: бір сыныпта 5-6 оқушы ұйымдасады, есеп беруші-бригадир оқытудың бұл түрі ХХ ғасырдың 20-жылдарына тән); • Американдық «Винетка-жоспар», «Трампа-жоспар» және т.б. • Оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальді, ұжымдық жұмыс және т.б.).
Оқытуды саралау дегеніміз: - Оқушылардың қажеттіліктері мен қабілеттеріне сәйкес әртүрлі сыныптар, топтар, мектептер үшін әртүрлі оқу ортасын құру; - Әртүрлі топтарда оқытуды қамтамасыз ететін әдістемелік, психолого-педагогикалық және ұйымдастырушылық шаралардың кешені. Саралап оқыту дегеніміз: - Оқыту мен оқуға қатысты анықталған ортақ қасиеттері ескере отырып дайындалған, оқушылар тобына мұғалімнің оқу үдерісін ұйымдастыру нысаны; - Әртүрлі оқушылар тобы үшін арнайы оқу үдерісін қамтамасыз ететін дидактика жүйесінің бір бөлігі;
Саралаудың түрлері. Оқыту ортасы бойынша саралау
САРАЛАУТӘСІЛДЕРІ Сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған жеті тәсілі бар: Тапсырма - Мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді. - Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай (көмек керекпе, әлде күрделі тапсырмалар беру керекпе) түрлі кестелерді немесе жаттығулар мен тапсырмаларды жасау. - Күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды пайдаланыңыз. Дереккөздер Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады. - Дереккөздердің ауқымы талқылауға негіз болатын мәтіндерден бастап, анағұрлым қиын сөздерді және күрделі идеяларды түсіндіретін мәтіндерге дейін ауытқып отырады. - Баспадан шыққан және электронды дереккөздер де пайдалануы мүмкін. - Бұл материалды пайдаланудың анағұрлым ауқымды көлемін көрсетеді. Қарқын - Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді. - Қосымша тапсырмаларды көп күш жұмсауды талап ететін оқушылар үшін қолдануға болады. - Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беріледі.
Өзің таңдаған тақырыпқа түсіну деңгейіне тапсырмаларды бағалау критерийлеріне сай құрастыру және дескрипторларын анықтау
8-билет
Талантты және дарынды балаларды оқыту
Дарынды және қабілетті оқушыларды айқындаудың жолдары:
Даралап оқыту;
Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді тереңдете оқыту;
Кеңейтілген, тереңдетілген тапсырмалар дайындау;
Оқушының шығармашылыққа және мамандыққа қызығушылығынан өнер, әдебиет, техника, ғылым салаларындағы олимпиадаларға, байқауларға қатыстыруы арқылы дамыту;
Пәндерді таңдауын, практикумдарды, жеке кеңес беруді енгізу.
Оқушылардың өзіндік шығармашылық қабілеттерін іске асыру барысындағы дайындығын қалыптастыру — дарынды балалармен жұмыс жүргізудің негізгі мақсаты. Бұл үдеріс оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асырылады. Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу -ұстаз парызы болса, баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады. Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз. Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген: «Дарындылық-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі».
Дарынды балаларды оқытуда Выготскийдің еңбектерін атап өту аса маңызды деп ойлаймыз. Бастапқы негізді білу кез — келген баланы дамытуға қолайлы орта ұйымдастыру үшін айқындалуы тиіс. Яғни оқушының негізгі мотивациясының деңгейін, оның қабілеттерінің деңгейін, логикалық ой-өрісі деңгейін бағамдау қажет. Бұл туралы Эйрде айтып кеткен болатын. Выготский бойынша «Жақын арадағы даму аймағы» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады. Эйр тым күрделі жұмыс балаларға қиын орындалатын және олардың ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдеген (2001). Шынымен де мұндай тапсырмалар оқушылардың өздеріне деген сенімсіздігін арттырып, пәнге қызығушылығын төмендетеді. Сол себептен, әр оқушының жеке қабілеттерін зерттей отырып, олардың білім алуына қолайлы жағдайлар туғызғанда ғана жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болады.
Қазіргі таңдағы бағалау түрлері және оны ісе асыру
Бағалау –оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.
Білім сапасын көтерудің бір үлкен көрсеткіші –бағалау
Бағалаудың түрлері:
Критериалды бағалау: Алдын ала әзірленген критерийлерге сәйкес анықталған
Формативті бағалау: оқыту үшін бағалау
Суммативті бағалау: оқуды бағалау
Кері байланыс: жетістікке жеткендігін көрсететін
Қалаған тақырыбыңа жаңа материалды меңгерту үшін қандай трек конспекті жасайсың, үлгісін жаса.
Күні: ____________________________________
Оқушы: ____________________________________
«Атомдық физика. Лазерлер» атты тақырыбына арналған тірек конспектісі:
Атомдық физика
_____________________________________________________________________________________________________________
Сызықтық спекторлар
_________________________________________________________________________________________________________________
Резерфорд тәжірибесі
_________________________________________________________________________________________________________________
Бор пастулаттары
_________________________________________________________________________________________________________________
Франк – Герц тәжірибесі _________________________________________________________________________________________________________________
Де Бройль толқындары _________________________________________________________________________________________________________________
Резерфорд атомының моделі _________________________________________________________________________________________________________________
Газ күйіндегі атомдық заттар беретін спектр ________________________________________________________________________________________________________
Лазердің әсер ету принципі: _________________________________________________________________________________________________________________
Лазер түрлері _________________________________________________________________________________________________________________
Лазердің қолданылуы
_________________________________________________________________________________________________________________
Рефлекция. «Тазалық» ойыны бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар
бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар
бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар
Үйге тапсырма
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың сүйектерінің ерекшелігі қандай? (конспект әзірлеу) Сүйек сынған кезде қандай алғашқы жәрдем көрсетіледі? (слайд, презентация әзірлеу)Буын шығу дегеніміз не және оған көрсетілетін алғашқы жәрдем? (қосыша ақпарат әзірлеу)Ежелгі гректер мынадай қанатты сөзді тасқа ойып жазған екен: «Денің сау болсын десең-жүгір. Сұлу болғың келсе –жүгір. Ақылды болғың келсе-жүгір» физиологиялық қанатты сөздің мәнін ашыңдар. (ауызша )Тірек конспектісі бойынша қайталау, суреттермен жұмыс жасау
9-билет
Тиімді оқытудың түрлері. Пәнаралық байланыс
Тиімді оқытудың 8 түрі бар. Олар
Достарыңызбен бөлісу: |