Оқыту мен оқудың белсенді әдістері


Қалай оқу керектігін үйрену жөніндегі сынып сабақтары



бет35/72
Дата03.08.2023
өлшемі268,06 Kb.
#105009
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72
Байланысты:
белсенді әдістер

Қалай оқу керектігін үйрену жөніндегі сынып сабақтары

Бұл бөлімде Уоткинс бірнеше автормен (2000) бірлесіп ұсынған сабақтар жинақталған. Қалай оқу керектігін үйренуге басты назар аударылған. Мақсаты оқушыларға зерделеуге, ойлануға және оқыту үдерістері туралы білуге көмектесу болып табылады.


Бұл сабақтарға негіз болған оқушылар мен оқыту қағидаттары төменде берілген:

  1. Табысты оқушы – оқумен байланысты үдерістерді түсінетін және осы түсініктерін оқу барысында кеңінен қолдана алатын бала.

  2. Тиімді оқытуға жататын үдерістер:

• түрлі мәнмәтіндерде зерделенген мәселелер арасында байланыс орнату;
• басқа біреудің өз бетінше оқуы және оқу стратегиялары туралы ойлар;
• оқу үдерісін тиімді ету үшін оқыту жағдайлары қандай рөл атқарғандығы туралы зерделеу;
• оқытудың алдағы мақсаттарын белгілеу;
• оқу кезінде өзгелермен жұмыс істеу.

Оқушының оқуға деген жалпы бейімділігін дамытуға бағытталғандықтан, бұл тарауда сөз болатын әдістер белгілі бір пәндік салаға қатысты емес, олар оқыту үдерістері мен түрлі жағдайларда оқу туралы түсінік қалыптастыруға арналған. Бұл тараудың көздеген мақсаты түрлі жағдайларда оқушыларды оқытуды жақсарту болып табылады. Олар оқушылар мен мұғалімдерге ыңғайлы болу үшін әзірленген, мұғалімдер бұл әдістерді орта және кіші буын оқушыларына қолдана алады, бірақ бастауыш сынып оқушыларына пайдалану үшін біршама жетілдірілуі қажет.


Тиімді оқытуды жоспарлау кезінде тапсырмалар мен үдерістер
• белсенді тыңдауға;
• бірлесіп оқуға;
• оқу нәтижесі үшін жауапкершілік алуға;
• оқу туралы білім алуға ықпал етуі тиіс.
Осыған қол жеткізу үшін сабақтар оқыту циклінің кезеңдері бойынша құрылған:

Орындау

Оқушылар ойлануды, өзара бірлесіп әрекет етуді және ұжымдық жұмысты талап ететін түрлі тапсырмаларға тартылған.

Талдау

Оқушылар сабақ туралы ойланады және олардың жеке адам, сондай-ақ топ мүшесі ретінде оқытылуына көмектесе немесе кедергі жасай алатын танымдық және эмоциялық аспектілерге баға береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет