Оқыту мен оқудың белсенді әдістері



бет24/72
Дата03.08.2023
өлшемі268,06 Kb.
#105009
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   72
Байланысты:
белсенді әдістер

ЕКІ ЖҰЛДЫЗ, БІР ТІЛЕК


Қалыптастырылатын дағдылар:

  • басқалармен жұмыс;

  • ойлау, шешім қабылдау;

  • өзін өзі басқару.



Жалпы сипаттама
Бұл әдіс жекелеген адамдар не оқушылар тобы арасында сындарлы өзара бағалау жүргізуге арналған. Өзара бағалаудың аталған техникасы оқушыларға өз жұмыстарын бағалау және жақсарту қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Ол оқушыларға тапсырмаларды орындаудың әртүрлі тәсілдері мен қорытындыларын көруге, нәтижесінде болашақ жұмысты өзгертуге мүмкіндік береді.


Сыныпты жоспарлау
Оқушылар бөлмеде әртүрлі топтар ішінде кезектесіп ауысып отырса дұрыс болар еді. Немесе топтағы оқушыларға жұмыс үлгілері беріледі.


Жұмыс алгоритмі
1. Оқушылар тапсырманы орындауды бастамас бұрын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін (төмендегі 3-тармақты қара) пайдалана отырып, өз жұмыстарын қарай алады.
2. Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушылар басқа адамдардың жұмысын қарап шығу үшін бір топтан екінші топқа ауыса алады.
3. Балалардың қолдарында стикерлер бар. Өздері қараған әрбір жұмыс үшін оқушылар, өздерінің пікірінше, ұтымды шыққан екі аспектіні және қарастырылған жұмысты жақсартуға бағытталған бір тілек жазады.
4. Бұдан кейін оқушылар басқалардың стикерлерге не жазғандығын оқу және талқылау үшін өз жұмыстарына қайтып оралады.
5. Бұдан кейін олар өз жұмыстарындағы жұлдыздар мен тілектердің тізімін жасайды да, өз жұмыстарын келесі жолы жақсартуды қалай жоспарлайтындығын қысқаша түрде сипаттап жазады.


ФОТОСУРЕТТЕР


Қалыптастырылатын дағдылар:



Жалпы сипаттама
Пікірталасты жеделдету үшін фотосуреттерді пайдалануға болады. Төменде келтірілген әдістердің көпшілігін динамикалық суретпен жұмыс істеуде қолдануға болады:

  • Белгілі бір тақырыпқа қатысты (мысалы, кедейлік) бірқатар суреттер және/немесе карикатураларды көрсетіңіз де, оқушылардың оларға тікелей әсерін сұраңыз. Суретке түсіруші немесе карикатурашы проблема туралы не айтқысы келді? Оқушылар онымен келісе ме, әлде келіспей ме? Әртүрлі суреттер олардың ішкі сана-сезімдеріне қалай әсер етеді?

  • Оқушылар фотосуретті таңдап алып (мысалы, сүйікті фотосуретін немесе өздерін жайсыз сезінуге мәжбүрлейтін фотосуретті), содан кейін өз тобына неге оны таңдағанын түсіндіреді.

  • Топтағы оқушыларға суреттер немесе фотосуреттер беріледі де, суретке ат беру сұралады (мысалға, елге заңсыз босқыншылардың келуі). Сосын топтар ат таңдау ісі оларда қандай сезім-әсер тудыратынын (мысалы, біреу үмітке, біреу үмітсіздікке, қайырымдылыққа, күйзеліске назар аударады және т.б.) талқылай отырып, өздерінің берген аттарын салыстыра алады.

  • Әрбір топқа ортасына фотосурет жабыстырылған үлкен парақ беріңіз (мысалы даулы сұрақты бейнелейтін фотосурет). Оқушылардан фотосурет бойынша сұрақ қойып, оларды фотосуреттің жан-жағына жазуды сұраңыз (мысалы, проблема қандай? Кім қатысады? Басқа жақта тұрған адам не ойлайды? және т.б.). Сұрақтар алдағы талқылауды кеңейту үшін пайдаланылады. Тапсырманы орындаудың тағы бір жолы: оқушылар суретті бірінші көрген кезде бастарына келген ойларды, идеяларды және сөздерді суреттің айналасына жаза отырып, идеяларын ұсына алады.

  • Оқушылардан фотосуреттер, суреттер немесе карикатуралар негізінде рөлдік ойынды немесе модельдеуді сахналап көрсетуді сұраңыз. Олар суреттегі адамдарға ат беріп, олардың арасындағы қарым-қатынасты ойластыра алады, әрбір адам не сезінетінін елестете алады және т.б. Балалар рөлдерді бөлісіп, олардың пікірінше не болып жатқандығын, кейін не болуы мүмкін екенін сахналап көрсете алады. Соңынан басқа оқушылар оларға сұрақ қояды.

  • Оқушылар сандық камера арқылы фотосуреттер жасап, оларды коллажға, таныстырылымдарға біріктіре алады.

  • Фотосуреттерді оқушылар бөлшектерді есте сақтау үшін өздері зерделеуге тиіс сурет пен карикатураларды көрсететін «Жады» ойыны үшін пайдалануға болады. Содан кейін оқушылар суреттің бөлшектерін жазады немесе салады. Бұл оқушылардың назарын ұсақ бөлшектерге аударуда пайдалы болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет