Өзара және өзін өзі тиімді бағалау Өзара және өзін өзі бағалау дағдыларын дамытудың басты критерийлері:
• Оқудан күтілетін нәтижелер оқушыларға түсінікті және айқын болуға тиіс.
• Оқушылар табыс критерийлерінің кейбіреулеріне немесе бәріне жауап беретіндіктерін түсінуге тиіс.
• Өзара бағалау кезінде оқушыларда ынтымақтастық дағдыларының қалыптасқандығы зерделенуі керек.
• Оқушылар неғұрлым тәуелсіз оқушы болу жолындағы өз білім алуының қарқынын бағалауға тиіс.
Оқыту нәтижелері Өзара және өзін өзі бағалау дағдыларын дамыту үшін мұғалімдер:
• оқушыларға өздерінің жұмыстарын және басқалардың жұмыстарын қалай бағалау керектігін үйретуге;
• сабақтарда өзара және өзін өзі бағалауды өткізу шараларын жоспарлауға;
• әрбір тапсырманы оқыту мақсаттарын және одан күтілетін нәтижелерді түсіндіруге;
• оқушыларға олардың алдағы қадамдарын анықтауға көмектесуге;
• оқушылардың өз оқуына қатысты өзіндік талдау жүргізуін жүйелі түрде ынталандыруға;
• оқушыларға бағалау жүргізуге мүмкіндік беру үшін уақыт пен оны жүргізу жолдарын жоспарлауға тиіс.
Ауызша кері байланыс Кері байланыс үш бағытта жүреді:
• Мұғалімнен оқушыға – мұғалім оқушыларға ағымдағы жетістіктерге және алдағы қадамдарға қатысты ақпарат береді;
• Оқушыдан мұғалімге – мұғалім оқушылардан өздерінің оқуына қатысты түсініктемелер алады;
• Оқушыдан оқушыға – өзара бағалау барысында.
Аталған бағыттардың барлығы маңызды, қажетті және бір-бірімен өте тығыз байланысқан. Ауызша кері байланыс ұсынған кезде мұғалім алдағы уақытта оқушылар өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастыруға тиіс.
Оқушылар ұсынған ауызша кері байланыстың кейбір артықшылықтары • Жеделдік және нақты жағдайға байланыстылығы – енді ғана туындаған қате түсініктерді түзете алады және нақты оқу жағдайында қолданылады.
• Қарқындылық және бейімдеуге болатындығы –идеялармен алмасуға мүмкіндік береді және оқудағы тиісті бір қажеттіліктерге бейімделеді.
• Реттілік – үздіксіз және таныс.
• Эпизодтық –сабақтың мақсаты тұрғысынан оқуды құрылымдау үшін сабақ жалпы сыныптық жұмыспен ұштасуы мүмкін.
• Ынталандыру – ауызша кері байланыс көтермелеу, құлшыныс туғызуы мүмкін.
• Адамның ерекшеліктері –адамныңбет әлпеті (мимика) мен дене қимылдары (жесты) кері байланысты күшейтеді.
• Жан- жақты – сұрақ қою, модельдеу және түсіндіру кері байланысты қамтамасыз ету құралдары ретінде пайдаланылуы мүмкін.
• Уәж – оқушыларға тікелей жүретін ауызша кері байланыс ұнайды және олар жеңіл жауап береді, сол арқылы өз жетістіктерін көріп, сенімі нығаяды.