Оқу үдерісін жетілдіру мақсатында сабақ барысында басты кезеңдердің соңында тағы да қарастыру
Оқушылардың мақсаттарын назарға ала отырып, жекелеген оқушылармен немесе оқушылар топтарымен жоспарлы қарастыру
Жоспарлы қарастыру кезіндегі жеке ауызша кері байланыстың реті 1. Жағымды және айқын болатын кері байланысты жоспарлаңыз.
2. Оқушылар үлесінің құндылығы мен маңыздылығын нығайтыңыз.
3. Әрбір оқушы үшін маңызды болып табылатын мақсаттар тұрғысынан оқу мақсаты мен оқу нәтижелеріне назар аударыңыз.
4. Оқушыға(ларға) ойлануға және жауап беруге уақыт беріңіз.
5.Өздері қол жеткізген жетістіктерін түсіндіру үшін оқушыны (ларды) сұрақ қоюға ынталандырыңыз.
6. Оқушының оқу мақсатын анықтау және қажет болған жағдайда қайта қарастырудың алдағы ең басты қадамдарын анықтап, келісіп шешіңіз.
7. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді іс-әрекеттерді келісіп шешіңіз. Оларды кім және қашан қарастыратынын, қандай аспектілері ескерілетін түсіндіріңіз.
Туындауы мүмкін қиындықтардың кейбір шешімдері • Мұғалімдердің тез арада берген жауаптары кейде жан-жақты ойластырылмай, жеткілікті түрде оқу мақсаттарына бағытталмайды. – Кері байланыс әрқашанда сабақтың мақсатымен тікелей байланыста болып, бөгде факторларға немесе салаларға түсініктеме беруден аулақ болуға тиіс; мақсат сабақтың, тапсырманың немесе эпизодтың басында қойылуға тиіс.
– Сұрақтар немесе талап етілетін жауаптар оқушыларға өздерінің жауабын мұқият әрі егжей-тегжейлі ойластыруға және оған тоқтауға мүмкіндік бергендей етіп, уақыт беріңіз. Өзіңіз жауап бермей тұрып, басқа оқушыларға өз ойларымен бөлісіп, жауапқа түсініктеме беруге мүмкіндік ұсыныңыз.
– Өзіңіздің түсініктемелеріңіздің алдында немесе олардан кейін оқушыларға өздерінің жауаптарын бағалау үшін оқу қызметінің белгілі бір нәтижелерін (табыс критерийлерін) пайдалануға мұрсат беріңіз.
– «Осы мәселе туралы бұдан көбірек айтқыңыз келе ме?» деген сияқты сұрақтарды пайдалану мұғалімге оқушы ойлаудың қандай дәрежесіне жеткендігін көруге және тиісінше өзінің түсініктемелерін құруға жәрдемдеседі. Мұғалімнің осындай жауаптары да үдерістің дамуына ықпал етеді.
– Мұғалімдер тапсырманы түсіндіру кезінде туындап қалуы мүмкін проблемалардың алдын алып, қате түсінуді болдырмауға тырысуға тиіс.
– Мұғалімдер алдын алу стратегияларын пайдалана алады, айталық, тапсырманы беру кезінде туындауы мүмкін қиындықтар мен табыс критерийлерін талқылай алады.
– Белгілі бір оқушылар үшін арнайы дайындалған сұрақтар немесе жалпы сыныптық жаттығулар оқушылардың қате жауаптарын азайтуға мүмкіндік береді.
– Мұғалімдер жүргізіліп отырған сабақтың мазмұны және оны беру тәсілін қадағалаған сияқты, кері байланыстың стилін де қадағалап отыруға тиіс (мысалы, дұрыс жауапты жай ғана құптау немесе ойды одан әрі дамытуды талап ететін жауапты таңдау).
• Оқушылар ауызша кері байланысқа қатыспайды және оның маңызын, өзектілігін түсінбейді, кейде менсінбейді. – Сыныпта қолайлы мәдениетті дамытып, балалардың өз қателіктері мен басқа оқушылардың қателіктері білім алуға мүмкіндік беретіндігін оқушылардың санасына жеткізу уақытты талап етеді.
– Жауаптарға түсініктеме беріп, өз жауаптарына түсініктеме алудың құнды әрі маңызды екендігін ұғындыру үшін де уақыт қажет болады.
– Оқушылардың санасында қате түсінік қалыптаспас үшін жауаптың дұрыс емес екендігін уақтылы айтып, ескертіп отыру қажет.
– Оқушыларға шешендік өнер мен тыңдаудың негізгі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, тәжірибеде қолдануға үйрету қажет.
– Бір оқушымен кері байланыс орнатып жатқанда, басқа оқушыдан осы үдерісті бақылауды өтініңіз.
• Жоспарланбаған жауаптар ойластырылмаған болып, құрылымдалған оқыту барысына сәйкес келмеуі мүмкін. – Сұрақтар мен тапсырмалар ойлаудың барынша жоғары деңгейін ынталандыруға бағытталып, жауаптар кері байланысты одан әрі дамытуға ықпал етуі тиіс.
– Сұрақтар мен тарсыпмалар ретін кері байланыс оқуды алға жылжытуға жәрдемдесетіндей етіп біртіндеп құрылымдаңыз.
– Қолайлы жағдайда анағұрлым кеңейтілген немесе құрылымдалған кері байланысқа уақыт бөлінуін қадағалаңыз.
• Ауызша кері байланыстың тиімділігі қысқа мерзімді болады. – Негізінде бұл дұрыс, бірақ оқушыларға жауап беруге уақыт бөліп, қажет болған жағдайда кері байланысқа сәйкес әрекет етуге мүмкіндік беру маңызды.
– Кейбір жағдайларда оқушылардан кері байланыс туралы ойланып, өздерінің кейінгі қадамдары немесе мақсаттары туралы дәптерлеріне жазуды, болмаса өздерінің жұмысын/нәтижелерін/оқуын кері байланыс тұрғысынан қайта қарауды бірден сұраған пайдалы болуы мүмкін.
– Оқушылардың жауаптарын ойша (немесе жазбаша) белгілеп отырыңыз және олардың тақырыпты шын мәнінде түсінгенін тексеру үшін оларға кейінірек оралыңыз.
• Басқалар олардың сөздеріне қатысты түсініктеме бергендіктен, оқушылар өздерін қорғансыз сезінуі мүмкін. – Бұл мәселені шешу үшін оқушылар сабаққа өз үлестерін қосқанына қуанатындай қолайлы орта қамтамасыз ету қажет. Оқушыларды ой жүгірте отырып, пікір білдіруге ынталандыру арқылы үдерісті құрылымдаңыз және олар қате жіберген тармақтарды тауып, оларды жою тәсілдерін анықтаңыз.
– «Қате жіберу арқылы адам білім алады» деген тұжырымның шын екендігін дәлелдеңіз.
– Қателер білім алудың оң мүмкіндіктері ретінде қабылданатын және мұндай жағдайларда күрделі тапсырмалар құпталып, оқушылар ең жеңіл нұсқаны таңдауға ұмтылмайтын ахуал құрыңыз.
– Жеке жұмысқа немесе шағын топтың жұмысына түсініктеме беруге мүмкіндік беріңіз.
– Командалық және басқарылатын жұмыс жүргізудің белгілі бір режімін құрыңыз.
– Оқушылардың қосқан үлестері құнды екендігін үнемі еске салып отырыңыз.
– Жекелеген жағдайларда, өз қатеңізді немесе арнайы біліміңіздің жетіспейтіндігін мойындауға дайын болыңыз.
• Оқушыларда түсініктемелерді ой елегінен өткізіп, оларға жауап беруге уақыт жоқ. – Барлық жауаптар ой елегінен өткізуді немесе реттеуді талап етпейді; кейбір жауаптар жай ғана мақұлданады, мойындалады немесе ынталандырылады.
– мысалы, «Сонымен, Сіз … дейсіз бе» деп, оқушының айтқанын қайталай отырып, оларға ойлануға көбірек уақыт беріңіз.
– Жұмысты түзетуге уақыт беріңіз.
– Тұрақты түрде сабаққа шолу жасаудың құрылымдалған тармақтарын енгізіңіз.
• Түсініктемелер бірден қабылданбайды. – Өз түсініктемелеріңізді мысалдармен растау үшін оқушылардың жұмыстарын пайдаланыңыз.
– Егер сенімді болмасаңыз, кейіннен тексеріңіз.
• Кейбір оқушылар «сұрақ-жауап» жағдайында басым болады және олармен жүргізілетін ауқымды ауызша кері байланыс сыныптағы басқа оқушылардың оқу үдерісін бәсеңдетеді. – «Қол көтермей» жауап алу оқушыларды талқылау жұмысына тарта отырып, оларға ойлануға уақыт беретін және мұғалімге барлық балаларды назарда ұстап, қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін тамаша тәсіл болып табылады.
– Дереу болатын ауызша кері байланыс жекелеген оқушымен кеңейтілген өзара іс-қимылдың қажеттігін, алайда бұның басқа оқушыларға қызық еместігін көрсетсе, бұл мәселеге кейінірек, мысалы, жеке жұмыс кезінде көңіл бөліңіз.
– Шағын топтарға кеңейтілген кері байланыс ұсыныңыз.
– Мүмкін болған жағдайда кері байланысты бүкіл сыныппен өткізіңіз, ол үшін жауап алудан басқа әдістер, мысалы, көрсету немесе тақтаға жазу, «маған көрсет» сияқты әртүрлі әдістер арқылы оқушылардың түсінуін тексеруге болады.
• Жеке түсініктеме беруге бөлінген уақыт шектеулі. – Жалпы оқу тапсырмалары болған кезде сыныпқа ұжымдық кері байланыс ұсынуға ұмтылыңыз.
– Қажеттіліктері бірдей оқушыларға кері байланыс ұсыну үшін шағын топта жұмыс жүргізу әдісін, болмаса жұмысты басқаруға мүмкіндік беретін әдістерді пайдаланыңыз.
– Кезеңдік шолулар кезек-кезекпен барлық оқушыларға ұсынылатынын түсіндіріп айтыңыз.