Оқушылардан анағұрлым табысты немесе табысы шамалы бизнес идеяларды таңдауды сұраңыз:
• Аса табысты = үнді - мамандар үшін – конвейерлік таспада • Табысы шамалы = француздық – жеткіншектер үшін – «Фастфуд» 5. Бұдан кейін оқушылардан топ ішінде олар атқарған жұмысты талқылауды сұраңыз – топтар өздерінің идеяларын дәйектей алды ма? Топтар өз талқылауын қалай құрылымдады? Үйлестіруші болды ма? Келісімге қол жеткізді ме, егер олай болса, қалай қол жеткізді?
6. Бұл әдіс өзекті мәселелерді одан әрі зерделеуге түрткі болуы мүмкін. «Барлық факторларды ескеру» және «Басқа адамдардың пікірлері»сияқты жаттығулар оқушылардың «Креативті матрицадан» туындайтын басты мәселелерді түсінуін тереңдету үшін қолайлы бола алады.