Сыныптыжоспарлау Егер аталған әдіс «Әткеншек» әдісімен бірге қолданылса, оқушылар топтасып сыныптағы әртүрлі тақталарға кезек-кезек бару қажет. Немесе оқушылар өз орындарында қалып, белгілі бір уақыт өткен соң, артқы жақта отырған топқа оқу плакаттарын берулеріне болады.
Жұмыс алгоритмі 1. Ұйымдастырушы педагог шешім қабылдау және жоспарлау кезінде барлық факторларды қарау маңыздылығын оқушылармен талқылауға ниет білдіруі мүмкін. Мысалы, егер қандай да бір маңызды фактор ұмытылып қалған жағдайда, дұрыс болып көрінетін іс-әрекет ақыр соңында дұрыс болмай шығуы мүмкін.
2. Топтарда оқушылар Барлық факторларды ескерушаблонын толтыра алады
БФЕ-нің үлгі сценарийі
Қазақстанға келетін туристердің және іскер топтардың көбейіп келе жатқан санын толығымен қабылдау үшін Астана әуежайының терминалын және ұшу-қону жолағын қайта жоспарлауға өтініш берілген. Кәсіпкерлік және туристік департаменттердің басшылары жоспарды қолдайды, алайда жергілікті тұрғындар мен қоршаған ортаны қорғаушылар қарсылық білдіріп отыр. Түпкілікті шешім қабылдау барысында қандай факторлар ескерілуге тиіс?
3. БФЕ сауалнамалары толтырылғаннан кейін оқушылар топтар арасында ауысып, басқа топтар айтқан факторларды қарауы тиіс. Олар өзара бағалау тәсілі ретінде «Екі жұлдыз, бір тілек»стратегиясын пайдалана алады.
4. Бұдан кейін оқушыларға басқа топтардың парақтарында жазылғанның негізінде өздерінің парақтарындағы бастапқы факторларды өзгерту не толықтыру үшін уақыт беріледі.
5. Бұдан кейін барлық факторларды біріктіру мақсатында жауап алу жүргізіледі, сөйтіп барлық топ өзіне пайдалысын алады.