Жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазу
Ресурстар
Басталуы 7 минут
I. Ұйымдастыру кезеңі Шеринг» әдісі . Мақсаты ой бөлісу. Өткен тақырып бойынша ойларын жинақтайды, пікір алмасады. Интербелсенді тақтадан бейнебаян көрсетіліп«Миға шабуыл» әдісі қолданылады. Жаңа сабақ бастар алдында осы әдіс бойынша сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға болады.
Бейнебаян
Ортасы 30 минут
II. Тапсырмалар: Зиянды тағамдар туралы бейнежазбалар көру.
Көрген бейнежазбаларын талдайды. Оқушы:
-Қандай азық –түлік пайдалы?
- Қандай азық-түлік зиянды деп есептеледі?
-Қуырылған тағамдардан, газдалған сусындар мен жылдам дайындалатын тағам (фаст-фуд) өнімдерін пайдаланғаннан қандай аурулар туындауы мүмкін? -деген сұрақтарға жауап береді.
Дескриптор:
- бейнежазбаны мұқият көреді
- сұрақтарға жауап береді
- пайдалы және зиянды тамақтарды ажыратады
III. Табиғи және табиғи емес тағамдардың суреттер беріледі. «Венн диаграммасы» арқылы пайдалы және пайдасыз тағамдарға бөледі.
Дескриптор:
- суретпен жұмыс істей алады
- венн диаграммасын дұрыс қолданады
- пайдалы және пайдасыз тағамдарға бөле алады
2. Шығармашылық идеяларды қолдана отырып, АКТ-да ас мәзірін құрастырады.
Дескриптор:
- АКТ-да жұмыс істей алады
- ас мәзірін құрастырады
- өз идеялары бар
ҚБ: Екі жұлдыз бір тілек арқылы өзін- өзі бағалау .