Оқыту мен оқуға өзгеріс енгізу



бет1/11
Дата04.11.2023
өлшемі194,5 Kb.
#122104
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бейсенбина Алмагуль Толеуовна «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» А бөлімі
«ПШО» ЖМ филиалы Мұғалім портфолиосы
Павлодар қ. 28.02.2018



Оқыту мен оқуға өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп

Мұғалімнің кәсіби дамуы үшін тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлудің маңызы зор. Мұғалімнің барлық оқушыларға осы дағдыларды үйрету туралы шешім қабылдауы аздық етеді, себебі бұл жолда қолданылатын тәсілдердің көп болуына қарамастан, бұл міселені шешу оңай емес. Бұған оның сыныптың басқару проблемасымен де байланысты екендігі өз ықпалын тигізіп жатады, сонымен қатар ол мұғалімнің көптеген мәселелер жөнінде қаруланып, сабақ барысында жедел шешеім қабылд дайын болуын көздейді [1].


Іс-тәжіребие барысында мен өз алдыма мынадай негізгі міндеттерді жүзеге асыру керек деп ойлаймын: біріншіден, мақсатқа бағытталған сабақ жоспардарын құру, жаңаша тиімді әдіс-тісілдерді оқу үдерісіне кезектеп көшуді көздеп отырмын. 7 модульды біріктіріп отырып оқу мен оқытудың жаңа түрлерін қолдану арқылы білім сапасын арттырамын деген ойдамын. Сабақ кезінде және тапсырмаларды тексеру кезеңінде оқушыларға оқу үшін және оқуды бағалау модуліне сәйкес өз - өзін бағалау, дескрипторлар, екі жұлдыз бір тілек, мұғалімнің кері байланысы, смайлик, көңіл-күй одағайлары арқылы, бас бармақ әдісін қолданамын, бұл сыныптағы оқушының не оқып білгенін саралау үшін пайдаланамын.
Сол себептен орта мерзімді жоспарын құрастыру барысында 5-сыныпты алдым. 5-сыныпта 2 оқушы бар. Бір ұл, бір қыз бала. Бір бала болғандықтан сабақ барысында жеке дара жұмыс істейді «Көркем еңбек» пәнінен бағдарламаға сәйкес төртінші бөлім «Тамақтандыру мәдениеті» бойынша төрт сабаққа арналған ОМЖ құрастырдым.
Сабақты белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер:
- бірінші тақырыпта «Шеринг» әдісі қолданылады. Осы әдіс арқылы оқушының танымдық дамуы зерделеніп (ЖАДА), кері байланыс беріледі. АКТ арқылы оқушыны танымдық және метатанымдық тапсырмаларды орындауға қатыстыруға ынталандыру үшін интербелсенді тақта көмегімен бейнебаян көрсетіп, оқушының сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздедім. «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушы ой бөлісу, өткен тақырып бойынша ойын жинақтайды, пікірін айту кезінде «Мұғалім-оқушы» арасында шығармашылықпен өтетін «диалогтік оқыту» әдісін өрбітемін. Жаңа сабақ өтер алдында осы әдіспен тиімді сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын шығуға болады. «Венн диаграммасы» арқылы пайдалы және пайдасыз тағамдарға бөліп, шығармашылық идеяларды қолдана отырып, АКТ-да ас мәзірін құрастырады.
- екінші тақырыпта өткен сабаққа 5 минутқа арналған тест беріледі. Сабақтың ортасында бейнебаян арқылы/ас үй/ тақырыпқа шығу. «Кластер» әдісі арқылы идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды біріктіру, тұжырымдау, маңызды мәселелерді талқылау (СТО),оқушы кластер түрінде негізгі технологиялық үдерісті анықтайды. SWOT – талдау. Сабақтың басында қойылған мақсатқа жеткендігіне көз жеткізу үшін сабақ соңында кері байланыс беруге қолданылады.
-үшінші тақырыпта өткен сабаққа 5 минутқа арналған сөз жұмбақ беріледі. Өткенді қайталау.«Карвинг» технологиясы туралы бейнежазба, слайд, суреттер мен басқа да ақпараттарды қарау. «Шабадан, еттартқыш, қоқыс жәшігі» әдісі. Бұл әдісті сабақ кезінде алған білімдерін қаншалықта іс жүзінде қолдануға болатынын анықтауға көмектеседі. Оқушылардың ойлау дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Тиісті ақпаратттарды жинау арқылы дәлелдерді сын тұрғысынан талдау мен бағалауды қарастырады.
-төртінші тақырыпта АКТ-ны қолданып екі бейнебаян көрсетемін. Осы жерде оқушы бейнебаянды көру арқылы жаңа сабақа қойылатын мақсатты айқындайды, тапсырманы орындауға қажетті білім мен ақпаратты көру, есту, тыңдау дағдылары арқылы анықтайды. «Сарамандық жұмыс» жасалады. Сарамандық жұмысты бастау алдында оқушыға сұрақтар қою: -Не себептен тағамдарды әдемі безендіру керек? Технологиялық картаны пайдалана отырып, оқушы пайдалы бутерброд түрлерін жасайды, Сабақтың аяғында дайын болған бутербродтар мен сусынды бағалайды.
Оқыту- қазіргі жаңарту бағдарламасы бойынша оқушы алдына білімді дайын күйінде әкеліп беру емес, керсінше оқушы өз бетінше ізеніп, ұмтылыс жасау арқылы білім алуға итермелеп, жағдай жасауым керек деп ойлаймын. Сондықтан оқушының жас ерекшеліктеріне сай, сын тұрғысынан ойлау мүмкіндіктерін ескере отыра жоғарыда айтылып кеткен әдіс-тәсілдерді өз сабақтарымда қолданатын боламын.
.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет