Оқыту орыс тіліндегі мектептердің 2-сыныбына арналған «Қазақ тілі» (Т2) пәні бойынша орта мерзімді жоспар
Оқу жылындағы барлық сағат саны – 108 сағат
Қазақ тілі.
1-2-бөлім. А.И.Кайырбекова, Б.С.Нукебаева, А.К.Мухамеджанова. – Алматы: Атамұра, 2022. – 112 б.
Түсінік хат
«Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығымен бекітілген әдістемелік ұсынымдарды;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру деңгейінің стандарты, 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген (2020 жылғы 5 мамырдағы №182 өзгерістермен толықтырулар енгізілген);
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары (2018 жылғы 10 мамырдағы №199 бұйрықпен өзгерістермен толықтырулар енгізілген).
Қазақ тілі аптасына 3 рет өтеді. Мерекелік күндерге түскен сабақтар келесі күнге оқу бағдарламасының мазмұны қайталауға берілген сабақтар есебімен бірігіп беріледі. Жылына 108 сағат. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар оқу бағдарламасында көрсетілген мынадай ортақ тақырыптардан тұрады: 1.Өзім туралы 2.Менің отбасым және достарым. 3.Менің мектебім. 4.Менің туған өлкем. 5.Дені саудың –жаны сау. 6. Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті. 7. Қоршаған орта. 8. Саяхат. Аталған ортақ тақырыптар өз ішінде бір-бірімен лексика-грамматикалық жағынан тығыз байланысты бірнеше сабақтан тұрады. Әр сабақтың мазмұны жеңілден күрделіге қарай принципі бойынша құрастырылған. Оқушылардың белсенді сөздік қоры әр сабақ сайын арта түседі, дегенмен әр сөздің қайталану жиілігі оқулық мазмұнында ерекше ескерілген. Ұсынылып отырған бағдарламадағы ортақ тақырыптардың тұсында оқушылар бойында қалыптасатын дағдылар берілген. Қазақ тілі пәнін оқыту процесі тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері арқылы ұйымдастырылады. Оқу процесінде жүйелі түрде жүргізілетін сөздік жұмысы, әңгіме тыңдау, оқу, мәтінмен жұмыс жасау, жағдаяттық тапсырмалар орындау, постерлермен жұмыс істеу, сахналық қойылым дайындау оқушылардың сөздік қорын жетілдіреді.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының икемділігі мен жан-жақтылығы оның маңызды сипаттамасы болып табылады. Мұғалімдер тараудың және тиісті тоқсанның аясында тараулар мен бөлімдерді оқытудың ретін өзі анықтауға құқылы. Мұғалімдер бірнеше мақсатқа жетуге бағытталған тапсырмаларды құрастыра алады. Оқу бағдарламасы мұғалімдердің оқу мақсатын жиынтықта орындаған жағдайда оқу бағдарламасындағы оқу мақсатына жетуге әкелетін бірнеше мақсаттарға бөлуіне мүмкіндік береді. Мұғалімдер тақырыпқа /оқу мақсатына берілген сағат санын өз бетімен анықтауларына болады. Бұл шешім оқу-әдістемелік бірлестігінің отырысында қабылдана алады. Жоспарлау кезінде мұғалімдер бекіту және қайталау сабақтарын ескерулері тиіс.