Оқыту үшін бағалау арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру



бет1/3
Дата19.04.2023
өлшемі40,36 Kb.
#84681
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
1412737709333 2


Абылхаирова Г.Т.
Павлодар қаласы
№26 ЖОМ
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Оқыту үшін бағалау арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалiм оқушының тақырыптың мәнiн өз бетiмен меңгеруiн түсiнуi мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсiл бұл үдерiске оқушының өзiнiң де қатысуын талап етедi. Осылайша, оқушы да өзiнiң оқуы үшiн жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершiлiктi көбiне сабақ беру барысында мұғалiм қалыптастыратын ортада сезiнiп, қабылдайды. Сондықтан мұғалiмде Шульман «мұғалiмнiң үш көмекшiсi» ( Шульман, 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады.
Бiлiктiлiктi арттыру бағдарламасының негiзгi мазмұны сабақта жетi модулдi ықпалдастыра отырып, функционалдық сауатты тұлға қалыптастыруға негiзделген. Модульдердiң жетеуi де оқу барысында бiр-бiрiн толықтыра отырып, тығыз байланыста болады.Соның ішінде Оқу үшiн бағалау және оқуды бағалау модулiн сабақта қалай қолдануға болады туралы айтқым келеді.
«Бағалау» терминi «жақын отыру» дегендi бiлдiретiн латын сөзiнен шыққан. Бағалаудың негiзгi сипаты бiр адам басқа адамның не айтып, не iстегенiн немесе өзiн-өзi бақылау жағдайында өзiнiң дербес ойлауын, түсiнiгiн немесе тәртiбiн мұқият бақылауы болып табылады.
«Бағалау – бұл оқушының шынайы қол жеткізген іс – әрекет нәтижелерін жоспарланған мақсаттармен салыстыру үдерісі»
Бағалау кезінде біз оқушылармен бірге отырамыз. Бағалауды олармен және олар үшін жасаймыз.Өзімнің сабақтарымда бағалау әр кезеніңде жүргізіледі. Бағалаудың екі түрі болады: формативтік және жиынтық бағалау.
«Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалаудың» ерекшелігі мен маңыздылығы мұғалімнің және оқушының іс-әрекетін бақылау, бағалау, тұжырымдауда басты рөл атқарады, себебі мұғалім оқушының жас ерекшелігін, белсенділігін, ойының ұшқырлығын, нақтылығын саралай отырып оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін, ерекшеліктерін байқайды. Оқушы өзін-өзі, жұбын, топты бағалауда өзінің, жұбының, тобының жұмысына сыни тұрғыдан қарап, саралап, талдап, «Мен үшін не маңызды? Оған қалай жеттім, жетемін? Тағы нені білуім, толықтыруым керек» деген сауалдарды қоя алады. Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданатын термин.
Бағалаудың басты мақсаттары:
1.Оқытудың қиындықтарын анықтау.
2.Керi байланыс.
3.Уәж.
4.Болжау және сұрыптау.
5.Стандартты бақылау және анықтау.
6.Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилiн бақылау.
Бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлiгi.
Бағалау түрлерi:
1.бақылау;
2.алынған мәлiметтердiң интерпретациясы;
3.бұдан арғы iс – әрекеттi анықтау үшiн қолданылуы мүмкiн шешiмдердi қорытындылау.
Дәстүрлi сабақтар барысында оқушылардың сыныптағы оқу үдерiсiне түгел қатыспайтындығы байқалатын. Күнделiктi сабақта түсiнбей қалған тақырыптар көлемi ұлғайып, үлгерiмi орташа балалар сабаққа құлықсыз қатысты. Бұл тығырықтан шығу жолын iздестiргенiммен, нәтиже көңiлге қонымсыз болды. Осы тұста Бағдарлама модульдерi оқу нәтижесiне түбегейлi өзгерiс енгiзетiнiне сенiмдiмін. Сондықтан өз сабағымның әдiстемесiн өзгерте отырып, оқушылардың пәнге деген белсендiлiгiн, қызығушылығын арттыру және бiлiм деңгейлерiн көтеру үшiн балалардың көңiлдерiне қаяу түсiрмейтiндей етiп, тапсырмаларды бағалау критерийлерi арқылы өзiн, сыныптасын, тобын дұрыс бағалай бiлуге баулу мақсатын көздедiм. Сабақ барысында мен Александрдiң мына теориясын басшылыққа алдым:
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсiл емес. Мұғалiмдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында объективтi немесе жеткiлiктi дәрежеде объективтi емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сонда – ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсiнiк, сонымен қатар өзiн – өзi бағалау, қабiлеттiлiк және күш–жiгер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. (Александер, 2011)
Сонымен қатар оқытуды жақсартатын бес басты факторға сүйендiм. Олар:
1.Оқушылармен тиiмдi керi байланысты қамтамасыз ету;
2. Оқушылардың өзiндiк оқуға белсендi қатысуы;
3. Бағалау нәтижелерiн ескере отырып, оқытуды өзгерту;
4. Бағалаудың оқушылардың өзiн –өзi бағалауы мен қызығушылығына едәуiр ықпал ететiндiгiн мойындау, бұл өз кезегiнде бiлiм алуға түбегейлi түрде ықпал етедi.
5. Оқушылардың өздерiн –өздерi бағалай алуы және өздерiнiң оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсiнудiң қажеттiлiгi.
Сабағымда Бағдарлама модульдерiн толық пайдалана отырып, оң нәтижеге жету үшiн бiрiншi, сыныптағы ахуалды ретке келтiру мақсатында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруды алға қойдым. Балалардың бiр-бiрiмен емiн-еркiн әңгiмелесуiн, ойларын өз-ара қысылмай ортаға салуын, түзетуiн, көмек көрсетуiн, арқа сүйеуiн, орталарындағы талантты-дарынды балаларға iлесе отырып, оқуды үйренуiн, оқуға ынталануын, өздерi қол жеткiзген нәтижеге бiрге қуана бiлуге дағдылануын мақсат еттiм.
Сыныптағы бiрлескен жұмыс бiлiм берумен ғана шектелмей, мұғалiмнiң сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қамтамасыз етуiне бағытталады. Оқу мен оқытуда жетiстiкке жету үшiн оқушы өзiн еркiн және қауiпсiз сезiнуiне мұғалiм сабақта жағдай жасауы керек. Бағалау әдiл болу үшiн оқушылармен бiрлесе отырып бағалау критерийлерiн жасап алу керек. Оқушының әрбiр жауабы, ұсынысы, идеясы, шешiмi құнды болып есептелетiнiн және бағаланатынын ескерту керек. Әр сабақта жаңа тақырыпты өздерi оқып, жұбымен, одан соң топта талдап, мысалдар келтiредi. Топта әрқайсысы өз ойын, идеясын ортаға салып, шешiм қабылдауды үйренедi. Бұл жерде Барнстың «Оқыту мұғалiмдi селқос тыңдағанда емес, сөйлеу, талдау, дәлелдеу нәтижесiнде iске асады» деген пiкiрiн басшылыққа алдым.
Бағалау оқушы өзiнiң қандай сатыда тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажеттi деңгейге қалай жету керек екендiгiн анықтау үшiн керек үдерiс. Оқыту үшiн бағалау және оқуды бағалау –бiлiм сапасының нәтижесi, яғни көрсеткiшi.
Мұғалiмдер мен балалар үшiн өздерiнiң қандай мақсатқа жетудi көздейтiнiн, мақсатқа жету өлшемдерiн түсiну не үшiн керек екенiн бiлу маңызды. Осыған байланысты бағдарлама критерийлi бағалау тәсiлдерiн де қарастырады. Мен өз тәжiрибемде қалыптастырушы бағалаудың бiрнеше түрiн қолданамын. Алғашқы сабақтар топтамасынан-ақ мен оқушыларды бiр-бiрiн «Екi жұлдыз,бiр ұсыныс» арқылы бағалауын ұсындым..Бұл бағалауды қолданғандағы менiң ең негiзгi мақсатым-өзгенi бағалау арқылы өзiнде жоқты табу немесе өзгенiң жетiстiгi арқылы өз кемшiлiгiн тауып, оны түзетуге бағыттау. Бұл-оқушылардың алға жылжуы үшiн жасалатын алғашқы қадам. Сабақ барысында оқушылардың айтқан пiкiрi мен үшiн құнды.Ал оның сондай құнды екендiгiн ұғындыру және қолдау көрсету мақсатында мен үш шапалақ тәсiлiн де тиiмдi қолдандым. Бұл – оқушыларды ынталандыратын бiрден-бiр тәсiл екендiгiне көз жеткiздiм.Оқушының жетiстiгiн қолдау оның өзiңе деген сенiмдiлiгiн арттыра түседi. Керi байланыс жасау – оқушының оқуын жақсарту үшiн қажет нәрсе. Сондықтан әр сабағымда өтiлген сабақ бойынша оқушылардың не үйренгенiн, оған қалай қол жеткiзгенiн,ненi дамыту қажет екендiгiн, қандай сұрағы бар екенiн стикерге жазуын дағдыға айналдыруға тырыстым.
Жұппен жұмыс істеу кезінде сыныптастарды бағалау және өзін-өзі бағалау – бұл балалардың бір-бірінің жұмыстарына немесе өз жұмысына жай баға қоюдан біршама өзгеше. Оқыту үдерісін жақсарту үшін бұл әрекет балаларды өз жұмыстарының сапасына қатыстыруы және оны қалай жақсартуды ұғынуына көмектесуі тиіс.
Сыныптастарын бағалау балаларға бір-біріне құнды кері байланыс ұсынуға мүмкіндік береді, осылайша, олар бір-бірінен үйренеді және бірін-бірі қолдайды. Бұл оқыту үдерісінің бағалы өлшемін ашады: қарым-қатынас жасау, талқылау, түсіндіру және бір-бірін тартысқа шақыру мүмкіндігі балаларға дербес оқу шегінен шығатын әрекетке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сыныптастарын бағалау өзін-өзі бағалау қабілетін дамытуға көмектеседі, ол балаларға өз прогресі үшін үлкен жауапкершілік алуға көмектесе отырып, тәуелсіз оқуға ықпал етеді. Сыныптастарды бағалау және өзін-өзі бағалау мүмкіндіктерін ойластырыңыз, мысалы, жауап алу кезінде «жұппен талқылау және қалғандарымен бөлісу»
Әрбір тапсырма үшін болжанған нәтижелерді және олардың оқу мақсаттарына қатысын түсіндіріп, бұл орайда балалардың оқу ұсынатын мүмкіндіктерді ұғынатынына көз жеткізу керек (мүмкін, өте қабілетті балалар үшін оқытуды ұзарту немесе балалардың нақты қызығушылығымен өзара байланыс орнату мүмкіндіктері бар шығар).
Балаларға өз жұмысының сапасын бағалауға көмектесу үшін нақты табыс критерийлерін ұсыну керек.
Уақыт өткен сайын балаларға өз жұмыстарын және басқалардың жұмысын бағалауды үйретіп және тиісті тілді қалыптастыру керек.
Балаларды өз оқуларын талдап отыруға үнемі және жиі итермелеу және олардың келесі қадамдарды анықтауына бағыттану керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет