Оқыту үшін бағалау арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру


Сонымен қоса, оқушылардан критерийлер бойынша жұмыс туралы не ойлайтындарын сұрауға болады



бет3/3
Дата19.04.2023
өлшемі40,36 Kb.
#84681
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
1412737709333 2

Сонымен қоса, оқушылардан критерийлер бойынша жұмыс туралы не ойлайтындарын сұрауға болады.

1) төменгі сыныптағы оқушылар үшін эмоциялар символдарын (смайликтер) қолдануға болады, оларды шеңберге алу немесе бояу қажет


Жетістікке жету үшін мен не істеу керектігін білемін
  
Жетістік критерийлері маған жұмысты жақсы орындауға көмектесті
  
2) Немесе, жоғары сынып оқушыларымен сандарды шеңберге алу тәсілін қолдануға болады.
Төменде сабақтарда оқытудың бірнеше тәсілдері көрсетілген:
әр іс-әрекеттен қаншалықты көп білгеніңізді көрсететін санды шеңберге алыңыз:






Мен көп білдім (үйрендім)

Мен көп білген жоқпын

Мен аз білдім

Жетістік критерийлеріне қол жеткізу жұмысы

3

2

1

Өз жұмысымды бағалау

3

2

1

Өздік жұмыс

3

2

1

Сабақта өзiн –өзi әдiл бағалауға жетелеу үшiн «Даналық ағашы» ойыны өткiзуге болады. Алдын–ала дайындалып әкелген алманың суретттерiне оқушылар өтiлiген тақырыптар бойынша сұрақтар құрастырады. Сұрақтарына жауап алған соң, жоғары деңгейдегi сұрақтар ағаштың жоғарғы жағына, орта деңгейдегi сұрақтар ортасына, төмен деңгейдегi сұрақтар төменгi жағына жапсырылады. Бұл оқушылардың өзiн – өзi шынайы бағалай бiлуiне ықпал етедi. Үлгерiмi жақсы оқушылар көшбасшылық таныта бiледi, жоғары дәрежелі сұрақтар қойып, мысалмен дәлелдейді. Өздері құрастырған жоғары дәрежелі сұрақтары балалардың көңiлiнен шығып, шапалақ соғып, қолпаштайды.


Бағалау барысында қиындықтар болды көбінесе балалар бір – бірін ренжетпеу үшін 5 баға қояды. Кейбір оқушылар әлі де бірін–бірі бағалауда немесе өзін- өзі бағалауда нақты баға қоя білмейді. Сабақта уақыт ұтымды пайдаланбайды, безендіруге көп уақыт жұмсалады. Жоспарлауда тапсырмалар тым көп және жүктемелерін шектен тыс болуына әкеледі. Бірақ келесі сабақты жоспарлағанда, қайта қарастырып кері байланыс орнату қажетілігін түсіндім. Балалардың өзара бағалау мен сабақтың мұндай түрі ұнайтындығын байқадым.
Оқуды бағалау және оқытуды бағалау модулiн кезiнде қолдану сыныптағы оқушылардың белсендiлiктерiн арттырып, бiлiмге деген құлшыныс әкеледi.
Оқушылардың өзiн-өзi бағалау арқылы жеткен жетiстiгi:
-жауаптарын мұқият тыңдай бiлдi;
- өз көзқарастарын, өз пiкiрлерiн дәлелдi қорғай бiлдi;
- өзiн-өзi, достарын тексерушi, бағалаушы болды;
- өз еңбегiн саралап, қорытындылай алды.
Оқушының өзiн-өзi бағалату жұмыстарының нәтижесiнде менiң түсiнгенiм:
Бағалау – оқушының оқу үрдiсiнде қаншалықты табысты болғандығын, бiлiм игерудегi олардың жетiстiктерiн, өсуi мен дамуын айқындау деп ойлаймын.
Бағалау- оқушының қолынан не келетiндiгiн бақылау екендiгiн байқадым.
Бағалау – оқу үрдiсiнiң қаншалықты нәтижелi екендiгiн анықтап, мақсаттардың қандай дәрежеде жүзеге асып жатқанын бақылау болып табылатындығына көз жеткiздiм.
Бағалау – оқушының бiлiмiн әрi қарай дамытып, олардың алдағы бiлiм игеру әрекеттерiнiң деңгейiн қалайша жақсартуға болатындығын бiлу, жоспарлау және оқушыны соған ынталандыру болып табылады.
Бағдарламадағы жетi модульге сүйене отырып өткiзген сабақтарым өз жемiсiн берiп, менi ғана қуантып қойған жоқ, сонымен қатар көңiлдерi қуанышқа толған, ынтымақ пен сыйластық қалыптасқан ортада оқушылар бiр-бiрiнен қалай оқу керектiгiн де үйрендi. Өзiн-өзi реттеуге дағдыланып, Бағдарламада көрсетiлгендей оқушылар метатану үдерiсi арқылы түсiну, бақылау және оқу тәжiрибесiне қадағалау жүргiзу қабiлеттерiн дамытты.
Өз тәжiрибемнен түйгенiм – балалардың кешегi жағдайына қарап, бағалауға болмайды. Әр оқушы мiнсiз оқушы болуға талпынады. Мұғалiмнiң мiндетi- сабақты жан –жақты ойластырып, оқушыға бiлiмдi меңгеруiне жағдай жасай бiлуiмiз керек. Әлi де болса бағалаудың басқа да, оқушыларды қызықтыра түсетiн түрлерiн сабақтарымда қолдануду жалғастырамын деп ойлаймын.
Белгiлi бiр нәтижеге жету үшiн бiраз уақыт керек сияқты.Оқыту үшiн бағалау мен оқу үшiн бағалауды сабақтарымда қолданғанымда мынандай қортындыға келдiм: оқушылар ынтымақтастықта бiрлесе жұмыс жасап, бiлiмдi бiрге меңгердi, сыни тұрғыдан ойлауға, еркiн сөйлеуге, ой бөлiсуге, өзiн және сыныптасын шынайы бағалауды үйрендi. Бұл жетiстiк бағдарламаның нәтижесi.

Пайдаланған әдебиет:


1.Мұғалiмдерге арналған нұсқаулық.
2.А.Әлiмов «Интербелсендi әдiстеменi ЖОО –да қолдану мәселелерi. 108- бет.
3. «Мұғалім КZ» журналы № 2,5 2013 жыл



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет