Оқытуда жаңа инновациялық әдістер мен жаңа ақпараттық технологияларды қолдану



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата30.12.2022
өлшемі0,76 Mb.
#60196
  1   2   3   4
Байланысты:
1-Дәріс Инн



№1 Дәріс 
Кіріспе 
Инновация түрлері, Инновация жүйесі 
Оқытуда жаңа инновациялық әдістер мен жаңа 
ақпараттық технологияларды қолдану 
Қазіргі білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі - оқу үрдісіне жаңа 
инновациялық технологияларды енгізу, білім беруді ақпараттандыру болып 
табылады 
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз - білім беру ісінде ақпараттарды 
даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асыруда негізгі 
құрал компьютер болып табылады. Компьютер - білім беру ісіндегі бұрын 
шешімін таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге 
мүмкіндік беретін зор құрал. 
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл студенттерге өз бетімен 
немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз 
жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына мүмкіндік береді. Ол 
үшін оқытушы өткізетін сабағында студенттің сабаққа деген қызығушылығын 
арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім беруі керек. Бұл мұғалімнен 
шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. 
Жаңа ақпарттық технологияны сабақта пайдаланудың тиімділігі 
студенттердің еркін ойлауына мүмкіндік береді, ақыл - ойын дамытады, 
шығармашылық белсендігін арттырады, ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді; 
жан - жақты ізденушілігін арттырады. 
Заманауи ақпараттық құралдармен және инновациялық әдістермен жұмыс істеу 
студенттерді ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі 
орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге, дұрыс шешім қабылдай алуға 
тәрбиелейді. 
Оқытудың инновациялық әдістері мен ақпараттық технологияларды 
пайдалану – педагогикалық іс- әрекеттердің мазмұны мен формасын 
толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет