жеткізушілермен, олардың жобалау жөніндегі қызметін үйлестіру, инновациялық
жобалауды басқаруда назар аударатын мәселе ─ оның нәтижелілігін бағалау.
Инновациялық қызмет ─ бұл әр түрлі тәсілдердің, факторлардың өзара әрекет етуі және
ғылыми зерттеулермен, жаңа өнім түрлерін жасаумен, еңбек құралдары мен құрал-
жабдықтарды жетілдірумен, ғылым мен техниканың жаңа жетістеріне сәйкес
технологиялық процестер мен өндірісті ұйымдастыру формаларымен, жоспарлаумен,
қаржыландырумен және
ҒТП-тің басқаруымен, экономикалық тетіктер мен стимулдарды
жетілдірумен айналысатын басқару органдарының күрделі динамикалық жүйесі; ҒТП-тің
интенсивті дамуын жеделдетуге және оның әлеуметтік-экономикалық тиімділігін көтеруге
бағытталған өзара шарттастырылған кешендерді реттеудегі шаралар бойынша өңдеу
жүйесі болып табылады.
Инновациялық қызмет көпшілік жағдайда ғылыми, техникалық идеялардың жүзеге
асырылуымен, нарық сұранысына сәйкес нақты өнім мен технологиялардың өңдеулерімен
байланысты болып келеді. Нарықтық экономика жағдайында инновациялық қызметті
басқару механизмінің экономикалық жетілдіруді қалыптастырудың қажетті негізгі шарты
инновациялық кәсіпкерліктің дамуы болып табылады.
Инновацияның үш сатысы: тапқырлық, инновация, тарқату
Инновация сөзін қазақтың "тапқырлық", "жаңалық" сөздерімен тең мағынада қолдануға
рұқсат етіледі. Ағылшынша
Innovation көбіне-көп ғылым техниалық тапқырлық пен
жаңалық ашуды көрсетеді. Әрине инновацияның қазіргі мағынасы ауқымды, ол көбінесе
адамның рухани белсенділі арқылы әуелде болмаған жаңа жоспарлау, жобалау, техника,
мәдениет, сауда, және қоғамдық өмір салтын қалыптастыру, ал, тар мағынада тек
жаратылыстану ғылымдары мен өндірістік техникада жаңа тапқырлық ашуды көрсетеді.
Жаңа идея
Инновацияны алдын ала мөлшерлеу қиын. Бірақ күнібұрын жоспарлап, ұйымдастырып,
бейімдеп, белгілі бір саладан жаңалық ашуға жұмылдыруға болады. Әрине, кім қандай
жаңалық ашады, қалай ашылады, ол көбінесе белгісіз болады. Ғылым-техникалық
жаңалық көбінесе ғалымдардың жаңа ойлар мен мүмкіндіктерді өзара тоғыстырып,
күрделі талдау жасау және синтездеу жұмыстары арқылы ашылады. Ғылым дамыса
техникалық жаңалықты әлеуеттендіреді, техника дамыса ғылыми жаңалыққа алғышарт
әзірлейді. Ол ізденіс пен қолданудың байланысына қатысты, көп түрлі мүмкіндікті
тоғыстыра қолданудың жемісі. Көптеген жаңалықтар кездейсоқ пайда болғаны белгілі.
Бірақ заман дамыған сайын инновацияны арнайы жоспарлау, мол қаржыландыру, жүйелі
ұйымдастыру күнтәртіпке еніп келе жатқан секілді.
Инновацияда үлкен тәуекелшілдік болады. Егер кәсіпорын, немесе кез келген мекеме,
тіпті кез келген адам бір деңгейде тұрып алса, бір түрлі әдіспен қайталанудан жазбаса,
онда ол көбінесе күйреуге беттейді. Өйткені бәсекелестер жаңа мүмкіндік, арзан тауар
жасап шығарып, пайдалы орайларды өздеріне қарай бұрып әкетеді. Christensen бұны
«инновация тығырығы» деп атаған. (The Innovator's Dilemma)Заманауи өзгерістің
толассыз туылуына, және өзгеріс периоды уақытының қысқаруына орай өзгеріске қарсы
Инновация жүйесі
Intel компониясының жоғары техника қызметкері Gene Meieran -ның пікірінше
инновацияның үш түрі бар:
1.
Түбегейлі жаңалық ашу. Ол көбінесе мәлім салада дәстүрлісін бұзып, көнені жойып,
түбегейлі өзгеріс алып келеді. Мысалы адамзат тарихында лампаның тапқырлануы,
сандық технологияның тапқырлануы.
2.
Жақсарту, жаңарту. Ол көбінесе біртіндеп өзгерістер жасау арқылы бәлім саланы,
мәлім затты жетілдіріп, кемелді жаңасын жарату; жаңа артықшылықтар қосып, бір нәрсені
бұрынғысынан тіпті де керемет ету.. Мысалы, Қаламның, машинаның жаңа түрін жасау.
3.
Жаңаша қолдану. Яғни, бір нәрсенің бұрынғы қолданысынан басқа жаңа қолданысын
тауып шығу. Ол заттың қолданысына жаңалық енгізіп, оны бұрынғыдан басқа
мақсаттарда қолданудың жолын ашу. Мысалы мешеу елдер көмірді тек отқа жағуға
пайдаланса, дамыған елдер көмірден 150 шақты тауар шығарады екен.
[1]
Ғаламдық инновация индексі
Көшбасшы 20 елдің және еліміздің инновациялық кірісі мен шығыны (Global Innovation
Index (by overall score)):
Достарыңызбен бөлісу: