Цифрлік сауаттылық - ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі, ХХІ ғасырдың ең маңызды білімі, ең негізгі тақырыптарымыздың бірі.Цифрлік сауаттылық - бұл адам өмірінің барлық салаларында цифрлік технологияларды сенімді, тиімді қолдануға дайындығы және қабілеті. Осы технологияны қолдану арқылы халықтың өмір сапасын арттыруға жол ашып отыр.
Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру. Біздің балаларымыз халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және ауқымды деректер жасау саласында бәсекеге қабілетті болуға тиіс.
Білім сферасындағы цифрландырудың ең басты міндеті – білім беру сапасын арттыру, яғни халықаралық дейгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде «жасанды интеллект» және «ауқымды деректер» жасау саласында бәсекеге қабілетті Ел жастарын дайындау.
Жалпы ақпараттық технологияны қолдану мұғалімге не береді?
оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне;
уақытын үнемдеуге көмектеседі;
білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді;
қашықтықтан білім алу мүмкіндігі туындайды;
қажетті ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді;
экономикалық тиімді;
іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде көп көмегі бар;
Ақпараттық технологияларды қолдану оқушыларға не береді?
1. Оқу материалдарын жиі қайталау шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады;
2. Оқуға деген қызығушылығын арттырады;
3. Өз білімдеріне сенушілік қалыптасып, эмоционалдық сезімдеріне әсер етеді;
4. Өздігінен ізденіп, игерген материалдарды ұзақ есте сақтауларынан білімдерін тереңдетеді.
5. Іздену, зерттеу жұмыстарымен айналысуға үйретеді;
Цифрлық технологияның мүмкіндігі
қызмет көрсету сапасын арттыруға, шығындарды төмендетуге және тұрғындар мен бизнеске уақытты үнемдеу. Осылайша, мемлекеттік қызмет көрсетудің 80 пайызы электронды форматта жүргізілмек. Бұл жыл сайын 40 млн-ға дейін қағаз түріндегі анықтаманы қысқартуға және электрондық нұсқадағы қызметтерді жылдам алуға, сонымен қатар 2021 жылға дейін 12,5 миллиардтан аса теңге қаржыны үнемдеуге мүмкіндік бермек
Қашықтан білім беру технологиялары оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқытудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, Интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). «Оffline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырылады.
Coursera білім беру платформасы – бұл edX сияқты, бүкіл әлемде колледж деңгейінде білім беруге және сапалы білім алуға бағытталған білім беру платформасы. Ол әлемнің әйгілі серіктес университеттері өткізетін онлайн дәрежелер, мамандандырылған курстар және бір реттік іс-шаралар ұсынады. Coursera курстарының көпшілігі белсенді қатысуды, кері байланысты, тапсырмаларды жазуды және дәрістерге қатысуды қажет етеді. Күш-жігер ақталады, өйткені курстың соңында сіз оған тиісті мөрмен сертификат алуға өтініш бере аласыз.
Microsoft Teams
Microsoft Teams — сөйлесу, кездесу, жазбалар мен жұмыс кеңістігінде тіркемелерді біріктіретін кәсіпорын платформасы.
Заманауи электронды жаттықтырғыштар мен симуляторларлардың бірегей топтамасы физика, химия, биология, математика және география пәндерін қызықты өткізуге көмектеседі. Виртуалды зертхана симуляторлары – күрделі ғылыми құбылыстар мен заңдылықтарды түсіндіруде оңтайлы көмекші.
Заманауи электронды жаттықтырғыштар мен симуляторларлардың бірегей топтамасы физика, химия, биология, математика және география пәндерін қызықты өткізуге көмектеседі. Виртуалды зертхана симуляторлары – күрделі ғылыми құбылыстар мен заңдылықтарды түсіндіруде оңтайлы көмекші.
Виртуалды зертхананың артықшылықтары
Инновациялық симуляторлар мен жаттықтырғыштар кешені – бұл тиімді білім беруге арналған таптырмас шешім. Бағдарламаның артықшылықтары:
виртуалды зертхана оқушыларды ынталандырады және олардың білімдерін бір жүйеге келтіреді;
күрделі ұғымдар мен ғылыми құбылыстар қарапайым тілде түсіндіріледі;
кешен оқушыға өз бетінше, сондай-ақ мұғаліммен бірге тәжірибе жасауға мүмкіндік береді.
Симмуляторлар әдіскер-мұғалімдер үшін қызықты курстар ашуға шексіз мүмкіндіктер береді.
Hot Potatoes – графиктік, мәтін және бейне түріндегі ақпаратты пайдаланып интербелсенді тапсырма құруға арналған бағдарлама.
JCloze - Бос орындарды «сөздер қорында» ұсынылған нұсқалармен толтыру. JQuiz - Ұсынылған тізімдер ішінен дұрыс жауаптарды таңдау. JMatch - Сәйкес элементтерді біріктіру. JMix - Ұсынылған дұрыс жауап нұсқаларын дұрыс ретпен орналастыру. JCross – Сөзжұмбақ құрастыру.