Оқытудағы диалог рөлін арттыру мақсатында әзірленген іс-әрекет кезінде оқушының талқылауға қатысуы туралы қысқаша түсініктеме және талдау



бет3/4
Дата22.06.2023
өлшемі51 Kb.
#102979
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Есеп

Есеп №1.1

8 сыныпта қалыптасқан қарым-қатынасты зерттеуде белгілі бір өзара әрекеттестік үлгілері зерттеушілік әңгіме, дәйек пен диалогтің мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартылуы, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерінің дамуына ықпалын тигізетіндігін көрсетті.


Александер(2004) білім берудегі әнгімелесуді –қарым-қатынас жасаудың бірсарында үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды.
Диалогтік оқытуға байланысты 8 сыныпта өтілген «Мәдениеттін дамуы» тақырыбындағы сабақты зерделер болсақ, оқушылардың ой-пікірлері ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасады. Бұған дәлел ретінде осы сабақта үй тапсырмасын сұрау кезеңін алайық.

  • Тақырыпты барысында не меңгердің?

  • Халықаралық қатынастар тарихы, карта арқылы дәлелдей дәйек айтылды.

  • Қандай мәлімет сен үшін маңызды

  • Жер бөліну саясатын бүгінгі күнмен салыстыра баяндайды.

Балаларды диалог пен дәйектерге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген, жағдайда олардың оқуы тиімдірек, жетістіктері де көбейетіні сөзсіз. А.Құнанбаев туралы не білесіңдер? «Білімге жорық» ойыны сыныптағы, топ арасындағы мұғалім мен оқушы, оқушылардың бір – бірімен қарым –қатынасы әрдайым орын алып жүрді.
Блум таксаномиясы, «Білімге жорық» ойыны бойынша берілген денгейлік тапсырмаларда балалардың ойлау, сыныптағы қарым – қатынас қабілеттерін арттыруға өте тиімді. Мысалыға:
1. Англиядағы негізгі шикізат көзінің дамуы?
2. Англияда осы таңға дейін екі партиялық басқарау жүйесі дұрыс болды ма?
3. Қазіргі таңдағы Францияның дамуы туралы ой, пікірің.
4. ІІІ Наполеон тақтан түспегенде Францияда Республика жарияланар ма еді?
5. Қазіргі таңдағы Ресейдің экономикалық дамуын Қытай мемлекетінің экономикасы мен салыстыр.
6. 1905-1907 жылдардағы революцияға көзқарасың.Жұмысшы табын қолдарма едің?
ХҮІІ ғасырдың аяғы - ХХ ғасырдың басындағы дүниежүзі мемлекеттері (Жылдық қайталау) сабағнда топтық жұмыс барысында балалар айтылған пікірлер мен санасып, әнгіме білімдерімен келісіп, идеяларымен келісіп, ортақ шешім қабылдайды.
Біз мүмкіндіктер заңдылығына және адамдарды тәжірибесіне сүйене отырып, қазіргі білім жиынтықтары мен ойлау нормаларын үйрету арасындағы шиелініскен қатынастарды реттеу тәсілдерін қарастыруымыз керек.
Қолданылуы мүмкін әдістер ретінде «Зерттеушілік әңгіме», «дәйектеу», «диалогтік білім беру» мен «қолдану» көрсетілген. Александер тәжірибеде зерттелген диалогтің бес үлгісін анықтайды. Соның ішінде ... диалог (қателіктер мен тәуекелдерді азайта отырып, таңдауды қысқартуға ... өзара түсіністікке қол жеткізу) екеніне тоқталған.
Өз тәжірибемнің өзекті мәселеге қол жеткізудегі ерекшеліктері әр сабақтан көрініп, жемісін беріп отырды.
Диалогтік қарым-қатынас жасауда мұғалім диалог жүргізудің ерекшеліктері туралы келісімді нақтылап, сыныпта диалогтік үлгі құруы керек, оқушылар бір – бірімен жаңа және мағына құрудың тәсілді іздестіре және мағына құрудың бірлескен тәсілдерімен әрекет ете отырып жұмыс жасауы керек деген ұстанымдарды (нұсқаулық 51 бет) жүзеге асырудың маңыздылығы әр сабақта көрініс таба білді.
8 сыныпта 18.05.2012 жылы өтілген «Патша үкіметінің Қазақстандағы діни саясаты» тақырыбындағы сабақта «Автор орындығы» стратегиясы бойынша жүргізілген диалогтік оқу барысында оқушы

  • Зерттеушілік әңгіме, ұсыныстар жалғасады

  • Оқушы тіл байлығы ұшталып, жетіледі

  • Өзге оқушыны тыңдауды үйренеді

  • Өз жауабының дұрыстығын дәлелдеуді фактімен растайды.

  • Сыни ойлауы қалыптасады.

Осы сабақтың барысы да мағынаны тану кезеңінде диалогтік қарым-қатынас арқылы слайд көрсетілімдері көрсетіле отырып жаңа сабақ ашылды.
Қорыта айтқанда диалогтік қарым-қатынас оқушылардың білетіндігін несесе білмейтіндігін анықтау үшін, сөйлеу мәдениетін дамыту, сыныптағы бір –біріміздің іс-әрекетке толығымен тартылуымыз үшін ең тиімді тәсіл деп білемін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет