Оқытудағы инновациялық бағыттар



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата18.02.2022
өлшемі177,88 Kb.
#25835
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
docsity-o-ytuda-y-innovaciyaly-ba-yttar

Мен Тұжырымдамасы

Карл Роджерс «мен» тұжырымдамасын және жеке тұлғамен, оның 

тәжірибесімен қарым- қатынас жасау маңыздылығын дамытты, сондай-ақ 

білім беру қисын мен интуиция, зияткерлік пен сезімді қамтиды деген 

идеяны өрбітті. Оның ойынша, елеулі немесе тәжірибеге негізделген оқудың 

сипаттамасы төмендегідей:

   • «Оқу барысында жүретін сезіну және тану аспектілерінің екеуінде де

адамның жеке өзінің араласуын көздейді.• Өз бастамасы бойынша жүзеге 

асырылады. Түрткі немесе стимул сырттан жасалған күннің өзінде де

жетістікке жету, оны түйсіну және түсіну сезімі іштен шығады.

• Ол ауқымды, сонымен бірге оқушының жүріс-тұрысы, қарым-қатынасы

тіпті жеке тұлғасындағы ерекшеліктерді анықтайды.

• Оны өз қажеттіліктеріне жауап бере ме, қалаған білімін алуға жетелей ме,

өзі білмейтін салаларды анықтай ма деген сияқты аспектілерді қарастыра

отырып оқушылар бағалайды. Бағалау негізі оқушының өзіндік

пайымдарына негізделеді.

• Оның мәнi – мағынасында. Мұндай оқу орын алған жағдайда оқушы

үшін оқудың мағынасы жалпы тәжірибе ретінде түзіледі» (Rogers, 1983).

Демек, «мен» тұжырымдамасы бiздi алға жылжытатын және бiздiң мiнез-

құлықтарды бағыттайтын, өзін өзі өзгертуге жетелейтін әлеуметтiк стимул 

болып табылған әртүрлi жеке сипаттамалары бар барлық танымдық және 

аффекттік компоненттердiң үйлесуі болып табы- лады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет