шарқы жетерлік оқу-білім алуға, оны ездігінен ойлантып-толғантуға, әрбір
зат пен құбылыстың мазмұн-мағынасын пайымдап білуіне жетектеп
отырады. Бала оқу-тәрбие үстінде өз санасын неғұрлым күрделендіріп, заттар
мен құбылыстар арасындағы себепті байланыстарды зерделеп танитын
міндеттерге машықтанады.
Л.С.Выготскийдің мамандығы әдебиетші болса да психология ғылымына
ерекше зер салып осы саладағы еңбектерін материалистік ілімінің
методологиялық принциптері тұрғысынан іздестіреді. XIX ғасыр аяғы мен
XX ғасыр басында қарқынды дамыған бүкіләлемдік психология ғылымының
сан-салаларынан жарық көрген шетелдік ғалымдардың зерттеулерін сын
көзімен қарап, оларға талдау жасап, XX ғасыр психологиясының дамуына
орасан зор үлес қосты. Выготскийдің жан-жақты білімі мен жеке басының
дарындылығы психология саласында материалистік көзқарастарына
негізделген жаңа теориялық тұжырымдар жасауға даңғыл жол ашты.
Л.Выготский бойынша, ЖАДА – оқушының өз бетінше шешкен
міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің
басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген
міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы
қашықтық. Негізінде, бұл түсінік адам өз бетімен игере немесе көрсете
алмайтын, бірақ біреудің көмегімен үйренуге болатын барлық білімдер мен
дағдыларды қамтиды. Ғалымның пікірі бойынша, оқушылар нақты
мақсаттарды көздеген, көбірек білетін қайраткер жандар мен құрдастарымен
қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: