Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


Математиканы оқытуда интерактивті тақтаны қолдану тәсілдері



бет109/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Математиканы оқытуда интерактивті тақтаны қолдану тәсілдері

Мақсаты:Мұғалімнің сабақ беру барысында оқыту тәсілдері мен дағды қалыптастыру жолдары, интерактивті тақтамен оқушылардың жұмыс жүргізуі және интерактивті тақтаның тиімділігі мен артықшылық мүмкіндіктеріне көз жеткізу.

ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі - білім беру ұйымдарын электрондық оқыту жүйесіне енгізу. /e-learning/. «Оқушы автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін» жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік –тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыруларды т с с бар мәліметтер, ДК арқылы енгізіледі. Электрондық оқыту жүйесінің негізгі мақсаты білім беру ұйымдары қызметкерлеріне үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізуді қамтамасыз етуге негізделген болса, міндеті – оқу-тәрбие үрдісін автоматтандыру болып табылады. Аталған міндетті шешу үшін оқу –тәрбие үдерісіне қатысушылардың қызметін автоматтандыру қажет. Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты ҚР біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылады. [3]

Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары.

Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет [4].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет