БАЛАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Садықбекова Р. (Қызылорда)
Оқушының тұлғасы мен ойлау қабілетінің дамуы қуатты жүретін кезең -бастауыш мектеп екені белгілі. Сондықтан бастауыш мектеп- білім берудің алғашқы бастамасы. Бастауыш сыныптарда өз бетімен жұмысты ұйымдастыруда, оның бағдарлама мазмұнына, талапқа сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы, оқушыны шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бағыттауы, сондай-ақ бағаланып, марапатталауы сияқты мәселелерге жете мән беріледі.
Оқушыны қалай үйретемін? Неге үйрету керек? Оқу материалының негізгі түйіні неде? Қалай оқыту керек? Ойлануға қалай үйретеміз? Қалай әдемі сөйлетуге болады? Қызығушылығын қалай жойып алмау керек? Оқушыны өзіне деген сенімін қалай жоғалтып алмаймыз? – деген сұрақтарды нақты қоя білу жұмысымыздың нәтижелі болуына себепкер.
Өзіндік жұмыс-бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы.Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың өз бетінше жұмысынсыз дамыту мүмкін емес. Бастауыш мектепте өз бетімен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай- оқушылардың жас ерекшелігі мен білім қабілетінің ескерілуі. Қабілеті жоғары оқушылар тапсырманың мақсатын түсініп, оны қандай жолмен орындауды бірден біледі. Кейде олардан тапсырманы тезірек орындау да талап етіледі. Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестету, шығармашылық жұмысқа талпынысы басым болады. Сол себепті де бұл жұмысты тиімді ұйымдастыра білген мұғалімге оның берер маңызы зор. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар мынадай:
1.Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.
2.Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
3.Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсрымаларды шешу /ана-грамма, сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар т.б./
4.Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс /кері есеп қарастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме, мәтін құру, т.б./
5.Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
6.Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру.
7.Ой шапшандығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.
8.Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Мұнда басты назар аударатын нәрсе – оқушылардың ауызша,жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып, соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Сонда ғана тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз. Өзіндік жұмыс - шәкірттердің білімге ынтасын арттырып, талабын ұштайды, алған білімдерін іс-жүзінде пайдалана білуге үйретеді. Сабақ барысында өзіндік жұмыстыңбірнеше түрінқолдандым. Мысалы:
Сенің туған күніңе атаң құлын атады. Сен оған қандай ат қоясың?
Оның түр- түсін сипаттап жаз.
Берілген етістіктерді пайдаланып, «Менің бір күнім» тақырыбына шығарма жаз.Тұру, жуыну, киіну, тамақтану, сабаққа бару, ойнау, көмектесу, дайындалу, ұйықтау.
Ертегіні аяқта.Жолда түлкі шаянды кездестіреді.
-Орманға қарай жүгірейік, кім бірінші келер екен!
-Жарайды.
Шаян түлкінің құйрығынан ұстап алады, ал түлкі жүгіре жөнеледі. Түлкі орманға зымырап жетеді, қараса алдында шаян тұр.
Өзіндік жұмыс арқылы мынадай нәтижелерге қол жеткізуге болады:оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады, оқушының жеке қабілеті айқындалады, іштей бір-бірінен қалмауға тырысып, талпынады. Өз бетімен жұмыс істеп дағдыланған бала кездескен қиыншылықтарды жеңе алатын, өз ісіне тыңғылықты, алға қойған мақсатына жетпей тынбайтын азамат болып өседі.
Оқушылармен жүргізілетін әр түрлі мазмұндағы жеке жұмыстар білім, білік дағдыларын қалыптастырумен қатар олардың даралық, тұлғалық, шығармашылық қабілеттерін дамытумен нәтижелі болмақ. Мұғалім осы бағытта аса шеберлікпен, жоғары талғаммен іздене білуі қажет. «Қыран түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды»- деген халқымыздың нақыл сөзін үнемі еске алсақ, еліне қорған,ұлтына қамқор болар қашанда көңілі ояу, жүрегі таза жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелей аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |