Әдебиеттер
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы №2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Үкіметінің 1995 жылғы 25 қарашадағы № 1593 қаулысы.
2. 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 490-1 «Дене шынықтыру мен спорт туралы» Қазақстан Респуликасының Заңы.
3. Алғашқы әскери дайындық журналы №3.2003 жыл.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сабенова Б. К. (Ақтөбе)
Бүгінгі күні Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңістігіне ену сатысында. Заман талабына сай білім беру жүйесінің ескі моделіне үлкен өзгерістер енгізіледі деп күтілуде.
Адам қазіргі дамуында табиғаты мен ойының мөлшерсіз мүмкіндіктерін игеруге ұмтылуы қажет. Қазіргі таңда мұғалімдердің негізгі міндеті- ұлттық ділі жоғары, сана- сезімі дамыған, өзіндік көзқарасы бар жеке тұлғаның сауаттылығын қалыптастыру және оқушылардың өз бетімен білім алу жолдарына үйрету. Жаңа стандарт талаптарына сай тәрбиеші мектепке дейінгі ұйымдарында зерттеудің нақты тәсілдері мен амалдарын қолданып, әр баланың қабілетін бақылауға тиіс. Міне, осындай жағдайда ғана балада танымға деген қажеттілік, талпыныс, қызығушылығы мен белсенділігі қалыптасады.
Мектепке дейінгі білім беретін бүлдіршіндердің зерттеушілік қабілеттерін арттыру – заман талабынан туындап отырған өзекті мәселелердің бірі. Ғылымның барлық саласының жедел дамуы, техникалық прогресс, акселерация ықпалы, барлығы да мектепке дейінгі білім беретін мекемесі баласының терең теориялық ойлауға қабілеттілігін арттырып отыр.
Зерттеу қызметін ұйымдастыруда жобалар құрылады, мақсат қойылады, психологтардың ғылыми зерттеулері мен халықтық тәжірибедегі адам жаратылысының табиғатпен байланыстылығы мен салыстырулар жасалынады. Зерттеу барысында, мысалы, жұлдыздар белгілеріне қарап топтастырғанда күз маусымы айларында дүниеге келгендер орнықты, байсалды, жинақы келеді, сонымен қатар тұйық, тік мінезді, байқағыш. Олар процесте қарым-қатынасқа бірден түспейді, сондықтан да оларға сеніммен қарап, мақсатты тұрғыдағы тапсырмаларды жүктей отырып, басқалармен қарым-қатынас жасауына әрекет ету керек. қыс мезгілінде туғандар ашық, сөзшең,әзіл-қалжыңға бейім, төзімді, шапшаң болады. Оларды жазалаудан аулақ болып, дамуына әрекет жапсап, ерік беріп, отыру керек. Сондай-ақ мұғалімдердің зерттеу бойынша егіздер, суқұйғыш жұлдызында туғандар көңіл-күйлері тез өзгергіш, бір идеядан екінші бір идеяға жылдам ауысады және тапсырма орындауда тұрақсыздық танытады. Тыңдаушылар осындай зерттеу жобаларын мектеп тәжірибесінде қолданып, бақылау жасауға, оның нәтижесін зерттеуге тапсырмалар алады.
Зерттеу ісі қазіргі кезде аясы тар мамандандырылыған қызмет емес, ғылыми қызметкерлердің белгілі топтарына ғана тән емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамның өмірсүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекеттерде көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет.
Біздің сабақтарда балалар зерттеу жұмысының толық циклын жүргізеді. Алдымен зерттеу тақырыбын таңдағанда, балаларға қызықты болатынын, сол затты көре алатындай, ұстай алатындай мүмкіндік болуы қажет. Оның мақсаты – таңдалған зат бойынша жан-жақты ақпаратты жинастырып, шағын баяндама дайындайтынын алдын-ала түсіндірілуі керек. Қалай жұмыс істейміз? – деген сұрақтар туындайды. Әрине, бұл жұмыс түрі кішкентай оқушылар үшін күрделі және жаңа. Оларға айтып түсіндіру қажет ақпаратты табу үшін көптеген тәсілдер бар екенін (біз үшін ол зерттеу әдістері деп аталады).
Ақтөбе қаласындағы №28 мектепке дейінгі ұйымда білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған іс-шаралар жоспарлы ұйымдастырылып, ата-аналарға, психологқа, тәрбиешілерге жекеленген балалардың даму ерекшеліктері мен қабілеттерін ескере отырып, арнайы ұсыныстар беріледі.
Жұмысты қарапайым сұрақтардан бастадық, мысалы: «Ең алдымен не істеу керек? Зерттеу ғалымдары неден бастайды?» Әңгіме барысында балалар ең негізгі әдістерді өздері ұсынады: «Кітаптан оқу», «Қолмен ұстап көру», т.б. Әр жауаптан кейін бүлдіршінді мадақтап, ынталандыру шарт. Осындай жұмыс барысында оқушылардың алдында зерттеу жұмысының тізбегі құрылады (балалар айтпағанды, мұғалім өзі айтып кету керек). біздің тәжірибеміз бойынша, оқушылар «Эксперимент», «Компьютерден қарау», «Мамандарға сұрақтарқою», «Байқау» деген әдістерді ұсынады. Жиналған ақпараттарды есте сақтау қиын, сондықтан оларға белгі ұсыну керек. (біз үшін пиктографиялық жазу). Белгілер әртүрлі болуы мүмкін: сурет, символ, т.б. Алған ақпараттарды пиктографиялық жазу арқылы түсіргенде, біз баланың әртүрлі сенсорлық жолдарымен жұмыс істегенін бақылаймыз (есту, көру, иіскеу, т.б.) Ендеше, пиктографиялық жазудан алған әсерлері оқушы үшін ұмытылмайтын, қымбат ақпарат болып есептеледі. Әдемі салғанына, дұрыс салғанына біз тоқталмау керекпіз, оқушыны осы белгілерді тез және өзіне түсінікті етіп салғызуға үйрету мақсатымыз. Осы белгілерді түрлендіруінде баланың ассоциативті және шығармашылық қасиеттері бірден оның дамуына әсер етеді.
Зерттеу тақырыптары қыркүйек айында оқушылардың қызығушылықтарына байланысты таңдалады. Оқушылардың зерттеушілік қызығушылықтарының бағыттарын анықтау мақсатында жыл басында төмендегідей мазмұндама сауал-сұрақ алынып, қорытындысы негізіндей тақырыптар берілді. Тақырыптарды бүлдіршіндердің өздері тұжырымдауға тырысты.
Тәрбиешілердің басты мақсаты – ол балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Яғни, ойлау қабілетінің ерекшеліктерін дамыту, таным белсенділіктерін арттыру, қызығушылығын дамыту: барлық оқушыларға берілетін тапсырмалардан ерекше, күрделі тапсырмаларды беру, көбірек ойландыру, танымдық, логикалық ойындар беру арқылы қызығушылығын үстемдеу, проблемалық сұрақтармен мәселелерді шешуді, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, зерттеуге баулу. Мұғалім өз жұмысында оқушының барлық мүмкіншілігін, белсенділігін көрсетуге жол ашып, алынған білімі мен біліктілігі дұрыс қолдана білуге үйрету, берген материалдың ең түйінді негізін, құндылығын табуға, өз бетінше қорытынды жасай білуге, зерттеушілікке, шығармашылыққа баулу үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдануы керек. Оқушы өзі оқып, өзі зерттесе өзін-өзі тексеріп, өз қатесін өзі түсінсе ғана жоғары жетістіктерге жетуге болады. Себебі, бала тапсырманы орындау барысында:
Өзі жұмыс істейді;
Жолдастарына көмектеседі;
Олардан көмек алады;
Мұғалім түсінігін қолданады;
Өз ойын тұжырымдауға үйренеді;
Қате жіберу арқылы түзетулер жасауға үйренеді;
Есте сақтауы жақсарады, яғни топтық жұмыста ол тек ғана емес, топтың мүддесін қорғау үшін талпынады, тырысады, өзін сол қоғам мүшесі ретінде толық сезінуге, сезіне отырып, топ ішіне жолдастарынан қалыпқалмауға тырысады.
Білім – бәсекеге қабілеттіліктің басты өлшемі екені белгілі. Ұстаздар қауымы ұлы істердің ұйытқысы болып, еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп, қазақ елінің гүлденуіне өз үлесін қоса береді.
Мектептердің, ата-аналардың және мұғалімдердің өздерінің кішкентай азаматтарынан күтетінен үміттері жоғары деңгейде екені баршаға мәлім. Сондықтан, қоғамдық ортада өз ойын еркін де толық жеткізе білетін, бәсекеге қабілетімен құзыретті, шығармашыл, кез келген іс-әрекетке жан-жақты көзқараспен қарайтын, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру тәрбиешінің мақсаты деп ойлаймын.
Мектепке дейінгі білім беру мекемелері тәрбиеленушілерінің танымы мен зерттеу қабілетінің қалыптасуы кезең-кезеңмен мақсатты түрде жүзеге асырылуы тиіс.
Жоғарыда айтылған ойларды қорыта келе, мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілерінің негізгі қабілеттеріне:
шығармашылық әрекет,
проблеманы көре білу,
өз ойын айта білуі,
танымдық белсенділігі,
жаңалыққа қызығушылық танытуы жатады.
Сонымен, білім беруді аталған оқыту технологиялары негізінде ұйымдастыру – балалардың дербес мүмкіндіктерін ескере отырып, зерттеу мәдениетінің артуына, белсенді іс-әрекет жасауына, өзіне-өзі ұызмет етуіне, жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғыза алуымен маңызды екенін ерекше атап өтпекпіз.
Достарыңызбен бөлісу: |