Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


Технологиялар туралы түсіндірмелер мен анықтамалар



бет171/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   668
Байланысты:
0af59d8244807d5f4ebcfd2f93068a1d

Технологиялар туралы түсіндірмелер мен анықтамалар

Ғалымдар


1

Педагогикалық технологиялар теориясының негізін оқытудың талап деңгейіндегі нәтижесіне міндетті түрде қол жеткізу үшін сабаққа диагностикалық мақсат қою қажетті.

В.Беспалько

2

Педагогикалық технологияларды теориялық тұрғыда негіздеп, ұсынуды ортақ тілін, үлгісін анықтады. Қазіргі таңда теориялық және практикалық сабақтарда әртүрлі технология қолданыс табуда.

Г. Селевко

3

Педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей отырып, әсер ететін педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің жүйесі ретінде көрсетті, сонымен қатар оның үнемі өзгеріп отыратындығын дәлелдеді.

БЛихачев

4

Педагогикалық технология-педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы пайдаланылатын барлық қисынды ілім амалдары мен үрдіснамалық құралдардың жүйелі жиыфнтығы және жұмыс істеу реті

М.Кларин

5

Педагогикалық технологиялар-оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі

В.Монахов

Оқыту технологияларының құрылымдық элементтеріне мақсат, мазмұн, әдістер, формалар, құралдар, оқушы, оқытушысы, нәтиже жатқызылады.

Оқыту технологияларына тән белгілер:


  • негізділігі (кез келген технологияның өзіндік философиясы, өзіндік тұжыдымдамасы болуы шарт);

  • жүйелілігі (құрылымдық элементтердің бір тұтастығы);

  • басқарылмалығы (оқыту үрдісін жоспарлап, нәтижесін бастан-аяқ тексеруге болатындығы);

  • тиімділігі (қысқы мерзімде аз шығынмен жоғары нәтижеге жеткізу тиімділігі).

«Оқыту технологиясы» ұғымын нақтылау және оларды іріктеп ала білудің өзектілігі бүкіл оқыту үрдісінің түпкілікті нәтижесінің технологияның дұрыс таңдалып алынуына тәуелдігімен түсіндіріледі. Педагогикалық технология тарих сабағы бойынша оқу үрдісімен мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрылымына мыналар кіреді:

а) тұжырымдық негізі;

ә) оқыту мазмұндық бөлімі;

б) оқутудың нақты және жалпы мақсаты;

в) оқу материалдарының мазмұны;

б) үрдістік бөлім – технологиялық үрдісі;

г) оқу үрдісін ұйымдастыру;

ғ) оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары;

д) мұғалімнің материалдарды меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті.

Барлық технологиялардың мақсаты – пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады.



Бүгінгі таңда тарих сабақтарын оқытуда кеңінен қолданылып жүрген оқытудың жаңа технологиялары қатарына мыналар жатқызылады:

  • Ынтымақтастық;

  • білім беруді ізгілендіру;

  • проблемалы оқыту;

  • тірек сигналдары арқыла оқыту;

  • түсіндіре басқарып оза немесе қарқынды оқыту;

  • деңгеймен саралап оқыту;

  • модульдік;

  • ақпараттық коммуникативті технологиялар.

Тарих сабақтарында қойылған міндеттерге қол жеткізудің нәтижесін қамтамасыз ету тұрғысында ақпараттық коммуникативті технологияларды мынадай қолдануға болады:

  • мультимедиялық презентациялар.

  • Флеш-фильмдер.

  • мультимедиялық карталар.

  • оқу-әдістемелік құралдар

  • берілген білімді бекіту мақсатында тестер мен жаттығулар

  • сөзжұмбақтар

Сабақта технологияларды қолдану негізінде оқушылардың бойында төмендегідей сапаларды арттырудың мүмкіндігі зор:

  • Берілген ақпаратты игеруді психологиялық тұрғыдан қарапайымдатады;

  • танымдылық қызығушылықты арттырады

  • Оқушылардың дүниетанымын, ойлау көкжиегін кеңейтеді.

  • Игерілуі тиіс ақпаратты түсіндіру барысында көрнекі құралдарды пайдалану мүмкіндігі еселенеді

  • Тарихқатереңінен үңілуге, оқу табыстылығын арттыруға деген қызығушылықты тудырады;

  • Теориялық материалды барлық мүмкіндігінше меңгеруге тырысады;

  • Ақпаратты табу, яғни ізденімпаздықтың артуы негізінде табылған мәліметтерді компьютер көмегімен өңдеу;

  • өз көзқарасын нақты айта білуі;

  • оқушы мен мұғалімнің еңбек өнімінің жоғарлауы.

Тарих сабақтарында, жаңа тақырыпты түсіндіргенде жаңа технологияларды пайдаланудың негізгі басымдылықтары былайша бейнеленеді:

1. оқушыларғабелгілі бір тақырып аумағында немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

2. қашықтан оқыту арқылы білімді меңгеру мүмкіндігі;

3. оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі

Технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория – Л.С.Выготскийдің «оқыту процесінде оқушының ақыл- ойының дамуы «өзекті дамуы» аймағынан «жақын арадағы» аймағына ауысу» туралы теориясы.

Даму – оқушының берілген тапсырманы шешуде белсенділік пен дербестіктің жоғары деңгейіне өтуі.

Выгодскийдің айтуынша, даму балаға берілетін көмек шамасымен анықталады. Выгодский бойынша, дамудың екі аймағы бар:

Өзекті даму аймағы, яғни БИД (білім, икем, дағды) меңгеріп, оны өздігінен пайдалану аймағы.

Жақын даму аймағы, яғни білім игеру үшін баланың ересектер көмегін пайдалану аймағы.

Дамудың ең жоғары деңгейі – өзіндік даму болып табылатын болса, «өзекті дамуы» аймағынан «жақын арадағы» аймағына ауысу» – тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған 1- деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін жоғары деңгейлерге ауысу негізінде іс-әрекет арқылы жүзеге асады.



Осындай іс-әрекет деңгейлері арқылы оқушылар оқу материалдарын әр түрлі деңгейде қабылдайды.

Барлық жаңа технологияның мақсаты- пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін басқарып, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Заман талабына сай, электронды оқулық, интернет, web сайдты қолданудағы жаңа ақпаратты технологияларды пайдалану тарих пәні үшін маңызы зор.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет