Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ



бет177/668
Дата24.04.2022
өлшемі5,4 Mb.
#32069
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   668
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІ ЖАҚТАРЫ
Туысова А.Е. (Ақтөбе)
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауын іске асыру барысында еліміз ауқымды іс-шаралар жасап жатқаны белгілі. Осыған орай білім беру жүйесінде де соңғы өзгерістер мен қайта жаңғырулар, жаңа мақсаттар жүзеге асуда. Замана ағымына лайықты алдымызда тұрған міндет-халқымыздың ұлттық дербестігін нығайта отырып, елімізді өркениетті елдер қатарына қосу. Сол өркениетті елдер санатына қосылуына ықпал жасайтын еліміздің ертеңгі болашағы - жастарға білім мен тәрбие беретін ұстаздар қауымы. «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан басталады» деп Абай атамыз айтқандай,мектептің тірегі де, жүрегі де – мұғалім екені анық.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауында Қазақстан дамуының басымдық бағыттары айқындалып, еліміздің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру мақсаты қойылған. Жаңа технологияны меңгерген білікті, білімді мамандар ғана алға қойған мақсаттарын жүзеге асыра алады. Қоғамның дамуы – білім беру үрдісінің жағдайына байланысты. Егер біздің жастарымыз сауатты болса,онда біздің қоғамымыздың да болашағы жарқын болары сөзсіз. Мұғалім біліктілігін көтеру – мұғалімнің кәсіби өсуінің маңызды бөлщегі. Қоғам саясаты дамыған мемлекеттер қатарына енудің жолы - жас ұрпақтың білімді, сапалы, бәсекеге қабілетті тұлға болуын талап етіп отыр. Мектеп оқушыларының интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруын қамтамасыз етудің маңыздылығы артуда. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруға бағытталған жұмыс түрлерін ұйымдастыру кезек күттірмейтін міндеттердің бірі болып табылады. Мектеп оқушыларымен жұмыс жүйесіндегі негізгі тұлға – мұғалім. Мұғалім баланың ата-анасымен бірге оның дарынын алғаш байқаушы, дамытушы. Балаға білімін тереңдетуге, өз бетімен білімін көтеруге ақыл-кеңестерін береді, көмектеседі, оқушының болашақ кәсіптік тағдыры мұғалімге байланысты деуге болады. Мектепте оқушылардың дарындылық қабілеті оқу әрекеттерінде көрінеді.

Оқу әрекетінде мұғалім мен оқушы тығыз байланыста болу керек. Ол үшін мұғалім бар күшін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға шығармашылық жағдай жасауы керек. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалімнің белсенділігі,шығармашылық ізденісі, алдындағы шәкірттің білімін бағалауы оқу барысында шешуші роль атқарады. Мұғалімге өзін-өзі шығармашылықпен дамытуға үйрету қазіргі жаңаша білім берудің тірегі. Шығармашылық ойлау арқылы өзінің даралығын,кәсіби деңгейін оны ары қарай шыңдаудың жолдары арқылы жаңашылдыққа жетеді. Білім беру технологиясында оқушылардың ақыл ойын дамыту, білім, білік дағдарысын, ой-өрісін жеке тұлға ретінде қалыптастырады. Ойлау шығармашылық әрекеттің негізі болып табылады. Логикалық ойлау адамның интеллектуалдық қабілеттерінің негізін құрайды.

Ғұлама ғалым әл-Фараби өзінің «Логикаға кіріспе» деп аталатын трактатында логика өнері сананы әр кез қастерлеуден сақтандыратын дұрыс ойлауға бастайтын заттардан тұратындығына тоқталып кетті. Сондықтан логикалық ойлай алу қабілеті шығармашылықпен еңбек ету үшін мұғалімге өте қажет. Жаңа өмірге бейімделіп, жаңаша ой қорытатын өскелең ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беретін кәсіби шеберлігі шыңдалған мұғалімді жаңашыл педагог деп есептейміз.

Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты. Қазіргі заман ұстаздарының алдында ең жауапты да маңызды міндет тұр. Қоғамымыздың болашақ тұтқасы болатын қазіргі жас ұрпақ жан-жақты дамыған, шығармашылық іс-әрекетке бейім, ғылыми жаңалықтарды меңгеруге ынталы, адамгершілік құндылықтарды бойына дарытқан жеке тұлға болуы қажет. Сондықтан еліміздің даму стратегиясына сай бүгінгі ұрпақтың оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда педагог мамандардың ғылыми шығармашылық ізденістері күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін мәселе. Мұғалімдер оқу- тәрбие үрдісінде М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі мен сызба үлгілері негізінде оқыту технологиясын ғалымдарымыздың өз талаптарына сәйкес шығармашылықпен ұтымды пайдалана білу. Оқушылардың білік пен білім дағдыларын қалыптастыру барысында екі жақты ізденістермен қатар таңдап алынған әдіс-тәсілдердің оқушылар білімінің тереңдігіне, танымдылығының кеңеюіне үлкен ықпалын тигізері анық. Оқыту барысында оқушылардың жаңа технология талаптарына кәдімгідей төселіп, тапсырмаларды орындаудағы белсенділіктері мен шығармашылық ізденістері, өзіндік фантазиялары бұған айқын дәлел болды.

Оқушылармен ұжымдық, топтық, жеке дара жұмыстар жүргізе отырып, оқушылардың білімінің мол, дүниетанымының кең, адамгершілік қасиеттерді бойына дарытқан азамат болып өсуіне мүмкіндік жасау. Сабақ барысында оқушылардың сабаққа ынтасын берілген тапсырмаларды орындаудағы белсенді іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра білу. Мұғалім оқу материалын оқушыларға дайын күйінде бермей, өздері топ, ұжым бойынша шығармашылық іс-әрекетке түсіп, ой қорытындыларын жасай білуге көңіл бөлу. Оқыту үрдісіндегі оқушылардың берілген тапсырмаларды орындауда белсенді әрекеті мұғалімнің қолданатын әдіс-тәсілдеріне тікелей байланысты. Осы бағытта түрлі оқыта үйрету ойындарын дұрыс таңдай білу керек. Әр топқа берілген тапсырмалардың жүйелілігі, қойылған сұрақтардың негізгі мақсат, міндеттерден шығатындай болып құрастырылуы маңызды. Еркін пікір алмаса отырып, өзіндік ой- толғауы негізінде фантазияларының дамуына жағдай жасау және күрделі міндеттерді орындауда білімдік пен шеберлікті тиімді ұштастыра білу. Оқушыларды қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмаларды дайындау арқылы және оқушылардың танымдылығын кеңейту мақсатында жүргізген оқыта үйрету ойындарын негізінде құру. Оқушылар берілген тапсырма бойынш өзіндік зерттегендерін жүйелі жинақтап,сол еңбектері арқылы ойларын еркін айта білуге үйрену. Оқушылардың дүние-танымы кеңейіп,жан-жақты дамып қалыптасады және оқушылардың әр тапсырманы орындаудағы жауапкершілігі, еңбекқорлығы мұғалімнің педагогикалық –психологиялық ізденісінде.

«Мұғалім – мәңгілік нұрдың қызметшісі» Я.А.Каменский айтқандай. Жан-жақты дамыған білімді де шығармашыл, адамгершілік қасиеттерді бойына дарытқан жеке тұлға қалыптастырумен бірге, білімді де сауатты, педагогикалық қызметінде өзінің іскерлігі мен шеберлігін көрсете алатын педагог болу - оқытудағы жаңа технологияның талабы. Қазіргі таңда мұғалімдерден проблемаларды жүйелі түрде оқу, зерттеу талап етіледі. Сондықтан өз мамандығының білгірі болам деген болашақ ұстаз оқу, білім беру, тәрбие және білімін толықтырып, үнемі жаңартып отыру керек. Біз болашақ дамушы елміз. Біздің ұрпағымыз дамыған озық елдер қатарында жаңа реформалық үлгімен білім алуы тиіс. Ал,осы ұрпақты саналы да,білімді етіп шығару жауапкершілігі бүгінгі күнгі мектептегі мұғалімдерден талап етіледі.

Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында Қазақстан дамуының басты бағыттарының 7-бағыты «Адами капиталдың сапалы өсуі» деген атаумен берілуі бүгінгі мұғалімге зор міндеттердің жүктелгендігін көрсетеді.Бұл бағытта «педагогтар құрамының сапасын арттыру» мәселесі яғни шығармашылықпен жұмысты жандандырудың қажеттілігін нақтылай түседі.

Сондай-ақ, «қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу» мәселесі де қоғамдық тұрғыдан күн тәртібіне қойылды. Бұл деген сөз, үй тапсырмасын сұрап, жаңа сабақты мұғалімнің бастап түсіндірумен жүретін оқу үрдісінің жаңа қоғамның оқушысына білім болып жарытпайтынын дәлелдеп отыр.

Қазіргі Қазақстанның 20 жылдан кейінгі жағдайы мүлдем өзгеше, оқушы да өзгерді, ақпараттық технология жоғары деңгейде, компьютерлік құрылғылар қоғамның барлық саласында қызмет көрсетуде. Арнайы интерактивті тақталар, мультимедиалық кабинеттер, тасымалдағыш құралдың өмірге енуі, бүгінгі мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді әрі сабақ үрдісін қызықты өткізуге таптырмас көмек. Қазіргі уақытта педагогикалық жаңа технология мұғалімдердің педагогикалық жұмысының негізделген моделі болды. Жаңа технология дегеніміз – педагогтардың жеке басының шығармашылық күш-қуатын көрсетуде қамтамасыз етудегі адамаралық және іс-әрекеттегі қарым-қатынасты рухани жоғарылатудағы кәсіби еңбектегі адамгершілік жүйе болып табылады. Қазіргі кезде біздің республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа көптеген адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Ал жаңа технологияны енгізудегі мақсат – оқушының сабаққа деген қызығушылығын, ойлануын, пікір таластыру, қабілетін іске асырып күшейту. Бүгінде еліміздегі көптеген мектептердің жаңа технологияны басшылыққа алып жұмыс істеуі жақсы нәтижелер көрсетуде. Бұл оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін, белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын, білімін белсенді түрде еріксіз өз бетімен жұмыс істеуге ұмтылдырады. Оқушылардың білім деңгейін анықтауда пән мұғалімі нұсқаушы, оқушы орындаушы болып есептеледі.

Осы орайда менің өз білімімді көтерудегі мақсатым:


  1. Үнемі ізденісте болу, жаңа технологияны меңгеріп, оқушы бойына сіңіру.

  2. Оқушыларға сапалы білім алу екендігін түсіндіру.

  3. Тәжірибелі мұғалімдердің сабағына қатысып, әдіс-тәсілін үйрену.

«Мұғалім – үнемі ізденіс үстінде болуы керек,Мұғалімнің ізденуі тоқтаған уақытта оның жаңашылдығы да тоқтайды» деген сөз нақты айтылған. Сондықтан, ұстаздар қауымы қашанда үздіксіз біліммен сусындау арқылы өскелең ұрпаққа жұғымды білім бере алатынымызды жадымыздан шығармайық !



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   668




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет