Бағдарламасы бойынша шығарылды Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы қаламгерлік ізденісі мен



Pdf көрінісі
бет1/77
Дата07.04.2022
өлшемі3,83 Mb.
#30285
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
Байланысты:
Tuqyr




Өмір Кәріпұлы 
ТҰҒЫР 
(Ұлттық тәрбие сабағы) 
Астана 
ҚҚ «Елорда Жастары» 
2011 


УДК 37.0 
ББК 74.00 
К 25 
Қазақстан Республикасының 
Байланыс және ақпарат министрлігі 
Ақпарат және мұрағат комитеті 
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» 
бағдарламасы бойынша шығарылды 
Өмір Кәріпұлының бұл жазбасы  қаламгерлік ізденісі мен 
ұстаздық тәжірибесінің нәтижесі есепті. Еңбек жолын ауыл-
дық жерде бала оқытудан бастаған жазушының қаламынан екі 
роман, ондаған хикаят, жүзге тарта әңгіме туындады. Өлеңдер 
жинағы да (2010 ж.) жарық көрді. Бұл еңбектің мазмұны  қою, 
тақырып аясы кең.  Қаламгер халықтық педагогикаға сүйене 
отырып,  ұлттық тәрбие дәрісін жүргізген. Халқымыздың дар-
хандығы, мінезінің кесектігі, Атамекенге деген алғаусыз ма-
хаббаты,  ұлттық салт-дәстүрі, жөн-жоралғысы,  ұрпаққа  қал-
дырған өнегелі өсиеті, шежірелік аңыздары, мұсылмандық 
ұстанымға бекемдігі, табиғатқа адалдығы шығармада мол  қам-
тылған. Кітап жалпы қауымға, ұстаздар мен шәкірттерге, туған 
халқының тілі мен дініне, дәстүріне қамқоршы ұлтжанды жас-
тарға арналған. 
СӨЗ БАСЫ 
Бұл жазба ғылыми еңбекке жатпайды. Педагогикалық 
оқулық деп те оқырманды дәмелендіре алмаймын. Этногра-
фиялық толғамға да келе  қоймайды. Жаратылыстану, жантану 
ілімінің иіріміне бойлап, пәлсапалық тұжырымдарға жүгінуді 
мақсат етпедім. Есесіне халық педагогикасының аясындағы 
тәлім-тәрбиеге орайластырып сабақ жүргізуді бағдарға алдым. 
Сабақтың дәйектілігі тәлімгердің білік-біліміне байланысты. 
Осы еңбекті жазу барысында халық даналығына, бабалары-
мыздың сандаған ғасыр бойындағы өмір сүру тәжірибесіне, на-
ным-сеніміне, дәстүр-салтына, дүниеге деген көзқарасына, 
шамам жеткенше, барлау жасадым. 
Әр  ұстаздың өзіндік сабақ беру тәсілі болады. Дәріс маз-
мұнын  қоюлату мақсатында шежірелік аңыздар мен исламдық 
қағидаларды басты бағдар етіп алдым.  Құран сүрелері мен пай-
ғамбар хадистеріне сүйендім. 
Жазбаны  құрғақ ойға,  қасаң пайымдауға толтырьп жіберу -
еңбектің танымдылығына нұқсан келтіруі мүмкін. Сол себеп-
тен де шығарманы  қарабайыр жазып, ойға еркіндік беруге ты-
рыстым. 
Жазбаның өзегін халқымыздың өнері мен әдебиеті, тірші-
лікке көзқарасы, дәстүр-тағылымы, жол-жоралғы, әдет-ғұрпы 
құрайды. XXI ғасырға  қадам басқан жас буын кешегі мен 
бүгінгіні тең  ұстауға тиісті. Дәстүрлі  ұлттық үрдістерге ден 
қойып, халқымыздың рухани  құндылықтарына ынталанған та-
лапкер ел ертеңіне адал  қызмет ете бермекші. Ел ертеңі — 
біздің ұлттық мінезіміз, тіліміз бен дініміз, рухани байлығымыз 
арқылы нығаяды. Тұғырын биіктетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет