Литература
1. Кунанбаева С.С. Концепция развития иноязычного образования Республики Казахстан. /С.С. Кунанбаева, М.К. Кармысова, А.М. Иванова, Т.Д. Аренова, Б.С. Жумагулова, Т.Д. Кузнецова, С.К. Абдыгаппарова. Алматы: Изд-во КазУМО и МЯ им. Абылай хана, 2004. 27 с.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ – САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ
Өтетлеуова Ж. Т. (Ақтөбе)
Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізіп, әлемдік ынтымақтастықтағы мемлекеттердің қатарында тұғыры биік, тәуелсіз, өз саясаты мен даму стратегиясын қалыптастырған ел ретінде дербес деп танылуы Отандық білім берудің алдында жаңа міндеттер мен талаптар қойып отырғаны белгілі. Сондықтан білім беруді дамыту мәселелері, білімнің сапасы қалыптасқан білім беру сипатын, өткен тәжірибелерді саралап, әлемдегі озат үлгілермен сабақтастықта өзіміздің ұлттық болмысымызды ескере отырып, жетілдіру игі жоспарларымыздың біріне айналуда.
Осы тұрғыдан алғанда, ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс - тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. Қазіргі таңда мұғалімдер инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізеді.
Сондықтан да оқушылардың ой - өрісін, үлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс - әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелейді.
Білім беру саласындағы реформалар бір жағынан әлемдік білім беру кеңістігіне сай өркендеуге ұмтылса, екінші жағынан ұлттық болмысты қалыптастыру мақсатында мәдени-тарихи құндылықтарға сай өзіндік бет бейнесін сақтауды көздейді.
«Инновациялар», «инновациялық үрдістер», «инновациялық білім кеңістігі» ұғымдарының жиі қолданылуы қазақстандық қоғамды сапалы жаңарту қажеттілігін дәлелдейді.
Қазіргі жағдайда қоғамдық өмірдің барлық саласында инновациялық үрдістерді енгізбейінше дамыған елдер деңгейі мен еліміздің арасындағы айырмашылық ұлғая бермек.
Инновациялық білім беру кеңістігінің басты компоненті жаңалықтарды жасақтауды тиімді меңгеру мен таратуды жүргізуге қажетті сапаларды меңгерген адамдар болып табылады.
Қазіргі білім беру жүйесі инновациялық қоғам талаптарына жауап бере алмайды.
Білім беру жүйелері оңтайлы инновацияны тәжірибеге енгізу нәтижесінде дамиды. Кез-келген инновациялық үрдіс белгілі бір кезеңдерден өтеді. Инноватикада оны жаңалықтардың өміршеңдік циклы деп атайды. Инновация белгілі бір кезеңде пайда болады, қолданылады және шығармашылықтың жаңа инновациялық өнімдерімен алмастырылады.
Инновациялық білім беру кеңістігінің негізгі элементтері:
Инновацияның негізгі көздері жасақтаушылардың бірлестіктері;
Инновацияны идеядан бастап жүзеге асыруға дейінгі қозғалысын, оның ішінде ғылым мен тәжірибенің өзара қарым-қатынасын ұйымдаситыру түрлерін (технологиялық орталықтар, технопарктер т.б.) қамтитын инфрақұрылымдық элементтер;
Инновациялық технологияларп мен өнімдерді тәжірибеге енгізуші консалтингтік орталықтар көрме және ақпараттық орталықтар қызметін реттеуші инфрақұрылымдар;
Инновациялық іс-әрекетті жүзеге асырушы кадрлар құрамы.
Сонымен қатар жоғары білім беру жүйесінің жаңа ролін жетілдіру бағытында белсенді ізденіс жұмыстары жүргізілуде.
Аталған қабілеттер әлеуметтік, тұлғалық және мәдениетаралық, проблеманы өз бетінше шешу дағдылар мен ақпараттық-технологиялық, құндылықты - бағдарлы мәдениеттанымдық әлеуметтік - еңбек, коммуникативтік тұлғалық өзін - өзі дамыту, оқу - танымдық құзырлықтарды игеруін талап етеді.
Әлемдік Банк сарапшыларының пікіріне сүйенсек, инновациялық білім беру ортасы төмендегі элементтерден тұратын жүйені құрайды:
а) білім беру және кәсіптік оқыту жүйесіндегі мекемелер;
ә) инновациялық технологиялардың тәжірибеге енгізілуіне оң ықпалын тигізетін білім беру саласындағы саясат пен қажетті нормативтік және материалдық базаның жасақталуы;
б) оңтайлы коммуникациялық инфрақұрылымның жасақталуы;
в) инновациялық оқыту мазмұнның жаңартылуы;
г) жаһандық білім беру көздерінің қол жетімділігі және инновацияларды енгізу үрдісін ақпараттық қамтамасыз етілудің жолға қойылуы.
Акмеологиялық орта тұлғаның өмiр жолында белгiлi кезеңдерде рухани кемелденуi мен тұлғалық өзiн өзi дамытумен қамтамасыз етуге, менеджмент жұмысын оңтайлы ұйымдастыруға жағдай жасайды.
Педагогикалық менеджмент адамдардың өзін-өзі дамыту, еркіндік және шығармашылдығын дамыту құқығын мойындайды.
Мамандығым бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан, өз мамандығыма сәйкес тәжірибемде шеберлікті дамытудың жан-жақты бағыттарын зерделеп, тәжірибемді дамытамын. Мұғалім шеберлігіне төмендегідей талаптар қойылады:
Мұғалімнің өз білімін жетілдіруі, өз бетінше оқып ізденуі (өзінің жеке оқу бағдарламасын құруы,өзін дамытумен дербес айналысуы, белгілі бір тәжірибені пайдалана білуі);
Ізденушілігі (Әр түрлі базалық мәліметтерді іздей білуі, таңдай білуі, талдай білуі);
Бейімделуі, жаңа шешімдер таба білуі, өзгеріске икемділік танытуы (технологиялар мен ақпараттарды қолдана білуге икемділігі);
Ынтымақтастықта болуы ( ұжымда, топта шарт жасай білуі және оны орындауы, тілектестік және ынтымақтастық танытуы, әр түрлі көзқарас тұрғысында көрегендік танытуы);
Өзіндік жауапкершілік және өз жұмысын ұйымдастыра білуі.
ХХІ ғасыр қоғам өмірінің әр түрлі саласында үнемі өзгеріп отырған маңызды ғаламдық процестермен сипатталады. Ол білім беру саласына да әсер етіп, мұғалімдердің ғылыми-шығармашылық әлеуетін қалыптастырудың жаңа жолдарын іздестіруді талап етеді. Осыған орай, бүгінгі ақпараттық қоғам жағдайының өркениетті, қарқынды даму бағытына сай, терең білімді, өзгермелі жағдайға тез бейімделгіш, өзін - өзі саналы игеретін, бәсекелестік жағдайда өресі биік, азаматтық - тұлғалық бет - бейнесі қалыптасқан, рухани жан дүниесі бай, шығармашыл тұлға тәрбиелеу қоғамның басты мақсаттарының біріне айналды. Бұл мақсат - міндеттердің жүзеге асуы адам бойындағы асыл қасиеттердің көзін ашып, оқыту мен тәрбиені сабақтастықта, шығармашылық мақсат қоя отырып, арнайы оқыту процесін жүргізгенде мүмкін болмақ.
Әлемдік білім беру кеңістігінде жоғары білім мазмұнын жаңарту мақсатында жүргізілетін үш басым тәсілді атап көрсетуге болады:
Инновациялық білім кеңістігінде жоғары оқу орындары әр аймақ бойынша білім беруді дамытуды бағдарламалардың орталықтарына айналды;
Өз қызметін жергілікті тапсырысы негізінде ұйымдастырылатын жоғары оқу орындарының жаңа моделдері жасақтасуда;
Ақпараттық қоғам талаптарына сай жоғары оқу орындары алдында «өмір бойы үздіксіз білім алу» идеясының қажеттілігіне сай жаңа міндеттер белгіленуде.
Ендеше мектебімізде жаңа тұрпатты мұғалімнің ғылыми-шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудағы басты мақсат ретінде – қазіргі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайындағы мұғалімдердің жеке тұлғалық сапалық қасиеттерін арттыру, шығармашылық ойлауын дамыта отырып, заман талабына сай құзырлылығын қалыптастыру басты назарда ұсталынады.
Сондықтан Егемен еліміздің келешегі жас ұрпақты тәрбиелейтін орта мектеп өзіне жүктелген әлеуметтік міндетті атқару үшін ондағы игерілетін білім мазмұны, жаңа тұрпатты мұғалім тұлғасын қалыптастыру, білім берудің түрлі жолдарын бүгінгі талапқа сай жаңартуға ұмтылуы заңдылық.
Достарыңызбен бөлісу: |